Айдар парағына өту

Барлық адамдар сақтандырылады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 07.12.2021

Әлемдегі барлық дамыған елдерде міндетті медициналық сақтандыру қолданылады.  

Қазақстан Республикасының Тунгыш Президентi Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050» Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтаудағы басты басымдылық  - ол бастапқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу туралы мәселені зерделеу қажет.  Мемлекеттің, жұмыс берушінің және жұмыскердің адамның денсаулығына деген біріккен жауапкершілігі – барлық медициналық қызмет көрсету жүйесінің басты қағидасы. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, үнемі профилактикалық тексерілу – бұл аурудың алдын алудың негізі Сондай-ақ ол саламатты өмір салтын бекіту мен медицинаның дамуы қазақстандықтардың 80 жас және одан да көп өмір сүруіне мүмкіндік беретіндігін атап өтті. www.strategy2050.kz.

Дамыған елдер тәжірибесіне сүйене отырып, міндетті медициналық сақтандыруды (ММС)  енгізу елдегі медицинаның дамуына серпін береді. Жуық арада біздің ауруханалар мен емханаларымыз Қазақстаннның барлық аумағымен қатар тұрғылықты орны бойынша да сақтандыру бойынша келген әрбір емделушіге тегін медициналық көмекті алуға тең мүмкіндікті қаматамасыз ете алуы әбден ықтимал.

ММС полисі әрбір азаматтың өз денсаулығына  деген сенімділікті әбден қамтамасыз ете алатындығы шүбәсіз. Алайда шетел тәжірибесі көрсеткендей,  ММС полисі кейбір қызмет түрлеріне кепілдік бере алмайды, себебі полис қызметіне әдетте шұғыл және мамандандырылған медициналық көмекті ұсыну, емдеу және тексеру ғана кіреді. 

Бұл жерде міндетті медициналық сақтандыруға қосымша ерікті  медициналық сақтандыру полисін сатып алуға болатынын айтқан орынды. Осы полис медициналық мекемелер мен адамға қажет басқа да медициналық қызметтердің  барынша кең таңдауын ұсынады. Сондай-ақ мамандарды және барлық зерттеулер мен консультациялар түрлерін  таңдауға мүмкіндік береді.

ЕМС тағы бір артықшылығы - ол  сақтандыру компаниясы тарапынан медициналық мекемелердегі ұсынылатын қызметтер сапасына қосымша бақылау жүзеге асырылады. Емделуші мен клиника арасындағы  барлық туындаған даулы мәселелерді  сақтандыру  компаниясы өзі шешеді.

ЕМС пакеттерін корпорациялар жиі сатып алады. Бүгінгі таңда корпоративтік ерікті медициналық сақтандыру тек ірі корпорациялардың ғана емес орташа деңгейдегі компаниялардың да позитивті бөлігіне айналғандығын атап өткен жөн. Бұл басқарудың көрегендігі туралы ғана емес, сонымен бірге ЕМС-тың өзінің дамуына да ықпал етеді.

Бүгінгі таңда  сақтандыру  компаниялары сақтандырудың бірнеше бағдарламаларының түрлерін ұсынады.

Олардың ішінде қызметтердің барынша толық көлемімен сақтандырудың кеңейтілген пакеттері бар, оған  тек  стандартты  процедуралар ғана емес, сонымен қатар стационарға жатқызып емдейтін күрделі аурулар,  жүрекке операциялар, емдік физкультура және тіпті массаж да кіреді. Кейбір шектеулері бар барлық қажетті қызметтерді қосатын стандартты пакеттер, мысалы, стоматологияда тістерді ағарту және  т.б. Және барлық қажетті қызмет көрсетуді ұсынатын, бірақ дәрігерге бару, зертханалық зерттеулер мен стоматологияда емделген тістер санының шектелуімен үнемді пакеттер.

Бүгінгі таңда, көп басшылар компания үшін өз қызметкерлерін сақтандыру өте маңызды деп санайды, себебі қызметкерлердің жұмыста болмауымен байланысты кеткен уақыт шығындары қысқаруда. Өз қызметкерлерінің денсаулығына қамқорлықпен қарайтын компанияда оң  имидж қалыптасады, ол, сөзсіз, екі жақ үшін де қолайлы – бұл оның қосымша оң әсеріне жатады.

Қорытындылай келе,  қытай императоры Хуан Ди Нэйцзиннің трактатасынан мына цитата ойға келеді: «Ақылды адам денедегі жоқ сырқатты емдейді, себебі ауруың басталған кезде дәрі ішу, ол адамды шөл қысқан кезде ғана құдықты қазу немесе жау төнген кезде ғана қару жасаумен тең. Бұл өте кеш емес пе?».

Осылайша, біздің мемлекеттің немесе жеке компаниялардың  мүмкіндігінше ұлт денсаулығы проблемаларын шешуге деген барлық талпыныстарына қарамастан, емханалардағы кезектер мен қала ауруханаларындағы білікті мамандар жетіспеушілігі әлі де болса жалғасуда. Бұл өз кезегінде көптеген қазақстандықтардың санасында әлі де болса денсаулық құндылығының толыққанды қалыптаспағандығын, сондай-ақ  оны қолдау үшін маңызды дәлелдің жоқтығын көрсетеді. 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.