Айдар парағына өту

«Абай жастары» жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 16.03.2023

Семейде жастарға арналған «Абай жастары» жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы басталады. Жастардың тұрғын үй сатып алуы үшін жасалып отырған алғашқы тұрғын үй бағдарламасы «Отбасы Банк» АҚ пен қалалық әкімдіктің тұрғын үй инспекциясы бөлімі бірлесіп іске асыратын болады.

  • Бір қатысушыға берілетін қарыздың ең жоғары мөлшері – 15 000 000 теңге, егер тұрғын үйдің құны 15 млн. теңгеден асатын болса, айырманы өтініш беруші өз қаражаты есебінен төлейді.
  • Пәтер сатып алу үшін бастапқы жарна сомасы - тұрғын үй құнының 10 %-ын құрайды.
  • Пайыздық мөлшерлеме -5 %.
  • Кредит мерзімі — 19 жылға дейін.

Өтініш берушінің төлем қабілеттілігі «Отбасы Банктің»ішкі құжаттамасына сәйкес айқындалады.

«Абай жастары» бағдарламасына кім қатыса алады?

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған 18 жастан бастап 35 жасқа дейінгі жастар.
  2. Журналистер (БАҚ-тың штаттық қызметкерлері) 18 жастан 35 жасқа дейін.

3. Мемлекеттік және бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін мәдениет және спорт қызметкерлері (18 жастан 35 жасқа дейін).

4. Денсаулық сақтау қызметкерлері (мемлекеттік, республикалық және бюджеттік ұйымдардағы/мекемелердегі штаттық қызметкерлер (18 жастан 35 жасқа дейін (қоса алғанда).

Қатысушыларға қойылатын талаптар

Мемлекеттік бағдарламаға 18 жастан 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) ҚР азаматтары өтінім бере алады. Жеңілдік шарттары келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • Абай облысы Семей қаласында тіркелген болуы керек. Некеде тұрған, сондай-ақ 18 жасқа толмаған балалары бар отбасылар үшін – осы елдімекенде отбасының барлық мүшелерін тіркеулген болуы міндетті.
  • Қазіргі уақытта әлеуетті қатысушыдан немесе онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінде сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз (соңғы 5 жыл ішінде) жеке тұрғын үйдің немесе жалға алынған тұрғын үйдің болмауы. Ерекше жағдай - апатты деп танылған үйлер.
  • Мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, БАҚ саласында кемінде 1 жыл ресми жұмыс істеуі керек, ЖАО-да кезекте тұрғандар ерекше санат болып табылады.
  • Тұрғын үйге мұқтаж санатқа жататын тиісті жастағы азаматтар (атап айтқанда, қамқорлықсыз қалған балалар, жетімдер) кәсіби қызмет түріне қарамастан бағдарламаға қатысуға құқылы.
  • Ескеру маңызды: егер бағдарламаға қатысушы ерлі-зайыптылар болса, онда ерлі-зайыптылардың біреуі ғана өтініш бере алады.

«Абай Жастары» бағдарламасына қатысу үшін құжаттар тізбесі.

Аймақтық бағдарламаға қатысу үшін өтініш берушіге құжаттар пакетін (көшірме сканері) дайындау қажет болады. Назар аударыңыз, бұл анықтамаларды алу күні өтініш жіберілген күннен бастап 10 күннен аспауы керек:

  • Белгіленген нысандағы өтініш (тұрғын үй инспекциясы бөлімінде беріледі).
  • Өтініш берушіге және Қазақстан Республикасы бойынша отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.
  • «Электрондық үкімет» веб-порталынан алынған өткен жылғы зейнетақы есептеулері туралы үзінді көшірме (egov.kz)
  • Өтініш берушінің азаматтық жай-күйін растау (неке қию немесе бұзу туралы куәлік, баланың тууы туралы куәлік, егер бар болса, мүгедектігі туралы анықтама).
  • Лауазымы, жұмыс кезеңі, жалақысының мөлшері көрсетілген ресми бланкіде немесе ұйымның мөрімен расталған жұмысқа орналасу туралы анықтама.
  • Еңбек өтілін растайтын құжаттар (еңбек, қызметтік тізім және т.б.).

Қажет болған жағдайда уәкілетті органның басқаларды сұратуға құқығы бар растайтын құжаттар.

Қалай және қайда өтініш беру керек

Өтінімдерді «Абай облысының Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ Шмидт 9/1 мекенжайы бойынша, 1-қабатта қабылдайды, құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 22 желтоқсанан 2023 жылғы 12 қаңтарды қоса алғанда (14 жұмыс күніне), қабылдау уақыты сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін жалғасады. Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін барлық тілек білдірушілерден құжаттарды тексеру жүргізіледі, оған 15 күнтізбелік күн беріледі.

Өткен жағдайда қатысушы өткені туралы хабар алады, қатысушы белгіленген мерзімде келмеген жағдайда, ЖАО бағдарламаға қатысуды кезектегі келесі өтініш берушіге беруге құқылы.

Тексеруден сәтті өткен жағдайда, азамат сатып алуға қолайлы баспана табуы керек. Ол үшін оған күнтізбелік 30 күнге дейінгі уақыт аралығы беріледі. Содан кейін 15 күндік мерзімде өтініш беруші мәміле жасасуға міндетті. Егер қандай да бір себептермен қатысушы өз міндеттемелерін орындамаса, әкімдік қатысуға жолдаманы тізім бойынша келесі үміткерге береді.

Өтініш берушілердің тізімі балдық жүйені ескере отырып (ең көп балл саны бойынша) Санаттар (салалар)бойынша қалыптастырылады:

КРИТЕРИЙЛЕР

ҰПАЙЛАР

Тіркелген некеде әрбір жыл үшін

1

1 (бір) бала болған кезде

1

Екінші бала үшін және 2-ден астам

2

Әлеуметтік осал топтар жататындығы үшін

5

Осы санаттағы (саладағы) еңбек өтілінің әрбір жылы үшін

2

Егер бағдарламаға қатысушы санаттың бірі бойынша кезекте. кз   тұрғын үй алуға кезекте тұрса

2

ХӘОТ – «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтары.

Өтініш берушілерде баллдар тең болған кезде құжаттарды беру күні мен уақыты ертерек қатысушылар басымдыққа ие болады.

Дереккөз: Әкімдік.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.