Айдар парағына өту

Инвестициялық салықтық жеңілдік Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 06.04.2023

Инвестициялық салық кредиті салық төлеушілерге белгілі бір мерзім ішінде кредит сомасын кейіннен кезең-кезеңімен төлей отырып, үш жылдан аспайтын мерзімге дейін салық бойынша өз төлемдерін 100 пайызға азайту мүмкіндігі берілетін алдағы кезеңдер салықтарын төлеу мерзімін өзгертуді білдіреді.

Кәсіпкерлерге инвестициялық салық несиесі не үшін пайдалы

Инвестициялық салық кредиті салық төлемдерін 100 пайызға азайтуға, содан кейін кезең-кезеңімен төлеуге және үш жылға дейін кейінге қалдыруға мүмкіндік береді.

Инвестициялық салық кредиті корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) және (немесе) мүлік салығы бойынша үш жылға дейінгі мерзімге берілуі мүмкін. Бұл ретте, салықтың екі түрі бойынша кредитті бір мезгілде пайдалануға болады. Бұл кәсіпкерлерге салықтан үнемделген КТС сомасын (таза пайданың 20%) бизнесті дамытуға бағыттауға мүмкіндік береді.

Кредитті кімдер ала алады және оны қалай алуға болады

Инвестициялық салық кредиті салық төлеушілерге инвестициялық салық кредиті туралы жасалған келісім негізінде беріледі.

Мына шарттардың біріне сәйкес келетін:

  • Салық кодекстің 20-бөлімінде көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын;
  • спирттің, алкоголь өнімінің, темекі бұйымдарының барлық түрін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын;
  • салық төлеушілерге салық салу Салық кодекстің 21 және 23-бөлімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын салық төлеушілердің инвестициялық салық кредитін қолдануға құқығы жоқ.

Өз кезегінде, инвестициялық салық кредитін беру туралы шешім салық төлеушінің өтініші негізінде қабылданады және өтініш беруші мен инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган арасында белгіленген нысандағы келісіммен ресімделеді.

Сонымен бірге, инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу тәртібі ҚР сыртқы істер министрлігінің 2021 жылғы 26 наурыздағы №11-1-4/106 бұйрығымен бекітілген инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу қағидаларында айқындалады.

Осылайша, КТС және мүлік салығын төлеуге болмайтын үш жылдық кезең өзінің қаржылық жағдайын тұрақтандыру және босатылған ақша қаражаты есебінен ұйымды дамыту үшін пайдаланылуы керек.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.