Айдар парағына өту

Тері бұйымдарын таңбалау Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 20.12.2023

күзен пальто

Қазіргі әлемде, нарықа тауарлар саны жыл сайын өсуде, және олар туралы ақпараттқа қатысты қажеттілік те бір уақытта өзгереді. Олардың тұтынушылары сол немесе өзге тауар неден жасалғанын, оның құрамын, онда қандай да бір қауіпті заттар немесе аллергендер бар ма екенін білгісі келеді.

Таңбалау – бұл тұтынушы үшін ақпараты бар және өнім, құжаттар, жадынамалар, этикеткалар, таңба-жапсырмалар, қаптамаға (ыдысқа) енгізілген мәтін, тауар белгілері, шартты белгі мен суреттер.  

Қазақстан нарығында, бүкіл әлемдегі сияқты, жалған (жасанды) өнімдердің саны көбейіп келеді. Сатып алушылар әдейі, не санасына салмай жасанды заттар өндірушілерінің құрбаны болады. Үнемдеу мақсатында, адамдар арзан көшірмені сатып алады, бірақ жиі оларға жасанды өнімді түпнұсқа ретінде көрсетіп, осылайша жоғары бағаны ұсынып немесе тауарды шамалы "жеңілдікпен" сатып алдайды. Бірінші кезекте, жасанды өнімнің құрбаны болмау – бұл сатып алушының мүддесі, екіншіден, бұл түпнұсқа өнімнің өндірушілерінің мүддесіне де жатады.

2017 жылыдң соңында Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп пилоттық режимде тері бұйымдарын таңбалау жүйесін іске қосты. Тонның өндірушісі, сапасы, бренді және әкелінген елі туралы барлық ақпаратты бір батырманы ғана басып білуге болады.

Тері бұйымы туралы барлық қажетті ақпаратты алу үшін сізге смартфоныңызға Marking KZ қолданбалы бағдараламасын жүктеу қажет, ол IOS үшін де, Android үшін де қол жетімді. QR сканердің көмегімен сіз бірегей нөмірі бар марканы сканерлеп қол жетімді ақпаратты аласыз. Сонымен қатар сілтеме бойынша өтіп интернет-сайтты қолдана аласыз, мұнда тек бақылау белгісінің нөмірін енгізу қажет. 

Тері бұйымдарын таңбалау кәсіпкерлер үшін – салауатты бәсекелестікті қолдауға, нарықты заңсыз өнімнен қорғауға, мемлекет үшін – көлеңкелі экономика көлемін қысқарту және бюджетке түсетін салық түсімдерін көбейтуге бағытталған, сондай-ақ тұтынушыға сатып алынатын тауар туралы толық ақпаратты алуға және өзін контрафактілік өнімнен сақтандыруға мүмкіндік береді.

Бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлардың тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 70 шешімімен бекітілді.  Бұл тізбеге мына тауарлар кіреді:

 

ЕАЭО СЭҚ ТН
коды

Тауардың атауы

4303 10 901 0

қара күзеннің терісінен жасалған киімдер

4303 10 902 0

саз құндыздың терісінен жасалған киімдер

4303 10 903 0

түлкінің немесе ақ түлкінің терісінен жасалған киімдер

4303 10 904 0

үй қоянның немесе қоянның терісінен жасалған киімдер

4303 10 905 0

жанаттың терісінен жасалған киімдер

4303 10 906 0

қойдың терісінен жасалған киімдер

4303 10 908 0

терінің басқа түрлерінен жасалған қиімдер*

 

Тері безек ретінде қолданылған (жаға, қайырма жаға, манжеттер, қалталардың жиектері) киім заттары, сондай-ақ қолғап, биялай, митенкілер және табиғи теріден жасалған бас киімдер таңбалауға жатпайды.

Белгі құны - 400 теңге. Қалдық тері бұйымдары бар кәсіпкерлер де жобаны іске қосу күнінен бастап 90 күнтізбелік күн ішінде оларды таңбалау керек. Импорттаушылар - тауарларды еркін айналымға шығарған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде. Кәсіпкер тері бұйымдарын оларға бақылау белгілерін түсіргеннен кейін ғана сатуға қоя алады, оның ішінде тері бұйымдарын көтерме сатушылардан түпкі өткізушілерге алып сату кезінде. Жеке пайдалану үшін тондарды әкелген азаматтарға бұл ереже қолданылмайды.

Тері бұйымдарын таңбалау кезіндегі кәсіпкерлердің жасайтын іс-әрекеттерінің қадамдық алоритмі төменде көрсетілген:

 

Бақылау (сәйкестендіру) белгісі

БсБ - бұл тауардың әрбір бірлігін есепке алу үшін арналған қорғау элементтері және радиожиілік белгісі (RFID-белгі) бар қатаң есептілік бланкісі.

БсБ-нің тауарларда болуы келесі мақсаттарды көздейді: 

  • Әрбір БсБ бойынша қатаң есептілік;
  • БсБ таңбалауға жататын әрбір тауар бірлігіне түсіріледі;
  • БсБ-дағы кодтар бірегей және тауар және RFID-белгісінің чипінің кодымен қатаң байланыста сақталған, бұл зиянкестерге кодты болжауға немесе қолдан жасауға мүмкіндік бермейді;
  • БсБ-нің түпнұсқалығын жүйенің әрбір қолданушысы тексере алады.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің деңгейінде бекітілген құжаттарға сәйкес кәсіпкерлерге қойылатын негізге талаптар

  1. БсБ алу үшін импорттаушылар/өндірушілер таңбалау ақпараттық жүйесіне келесі мәліметтерді беруге тиіс:
  • салық төлеушінің – ұйымның – бақылау (сәйкестендіру) белгісіне тапсырыс берушінің нөмірі;
  • ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың 10-таңбалы коды;
  • тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі (импорттаушы-ұйымдар үшін);
  • бақылау (сәйкестендіру) белгісінің идентификаторы (БсБ №);
  • ғаламдық сауда бірлігінің сәйкестендіру нөмірі (Global Trade Item Number) (GTIN);
  • бақылау (сәйкестендіру) белгісінің радиожиілік белгісінің чипінің идентификаторы (Tag Identifier) (TID);
  • сериялық ғаламдық сауда бірлігінің сәйкестендіру нөмірі (Serialized Global Trade Item Number) (SGTIN).
  • тауардың атауы;
  • тауардың сапасына талаптар белгілейтін нормативтік құжаттарға нұсқау (осындай нормативтік құжаттарға сәйкес шығарылатын тауар үшін)
  • тауар өндірушінің атауы, GLN (бар болған жағдайда);
  • тауардың түрі (тауар дайындалған материалдың атауы және тауардың басқа да айырым белгілері (түсі, өлшемі, үлгісі және т. б.);
  • тауардың шыққан елі;
  • тауар санының өлшем бірлігі.

Трансшекаралық сауда кезінде, комиссиялық сауда кезінде, қалдық тауарларды таңбалау кезінде, бөлшек сауда және т. б. кезінде бекітілген мәліметтер тізбесін таңбалау АЖ-не беру.

Үшінші елдерден ҚР аумағына әкелу кезінде тауарларды таңбалау рәсімі

  1. Кедендік рәсімдерден өту (декларацияны беру, тіркеу және тауарларды шартты шығару). Шартты шығаруды қолданылу мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс – осы мерзімде барлық таңбалау рәсімдерін орындау қажет.
  2. Декларациядағы мәліметтер негізінде дербестендірілген БсБ алуға тапсырыс беру.
  3. Дайын БсБ алу және оларды тауарларға түсіру.
  4. Тауарларға арналған декларацияға түзету жасау (әкелінген тауаларға түсіріліген БсБ реттік нөмірлерін 31 бағанға енгізу). 

Әрбір GTIN бойынша тауарлардың сипаттамасы

1. БсБ дербестендіру және іске асыруға тапсырысты ресімдеу үшін ақпараттық жүйеге ғаламдық сауда бірлігінің сәйкестендіру нөмірін (Global Trade Item Number) (бұдан әрі - GTIN) беру қажет;

2. Егер тауарларда GTIN жоқ болса, онда кодтарды алу үшін GS1 Kazakhstan - өңірлік Автоматты сәйкестендіру қауымдастығына кіру қажет. Қауымдастықта мүше болу дүниежүзілік GS1 Қауымдастығының стандарттары бойынша кодтарының келесі түрлерін алуға құқық береді:

  • бірегей халықаралық нөмір Global Company Prefix (GCP);
  • халықаралық электрондық сәйкестендіру нөмірі EAN/UCC Global Number Location (GLN);
  • ғаламдық сауда бірлігінің сәйкестендіру нөмірі Global Trade Item Number (GTIN).

GTIN ұсыну мерзімі GS1 Kazakhstan Қауымдастығына кіруге өтінішті электрондық түрде берген сәттен бастап 2 жұмыс күнінен аспауы тиіс.

3. GTIN алған кезде тауарларды GS1 Kazakhstan ақпараттық ресурсында барлық міндетті өрістерде (бұйымның атауы, түсі, бренд, шығарылған елі және т. б.). сипаттау қажет.

4. Тауарларда GTIN болған жағдайда бұл нөмірі таңбалаудың ақпараттық жүйесіне енгізіледі және тауар сипаттамасы бойынша жетіспейтін мәліметтер толтырылады. 

Тері бұйымдарын таңбалау

Тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау тікелей импорттаушы немесе өндірушінің қоймаларында оларды түсіру тәсілімен және тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

Тауарларғ БсБ түсіру тәсілдері:

а) жапсыра тігілетін, тоқыма негізіндегі бақылау (сәйкестендіру) белгісі машиналық әдіспен осы белгідегі графикалық ақпаратты толығымен көрінетіндей етіп қалдырылып тікелей бұйымның құрылмалық жігіне тігіледі. Бұл жағдайда, бақылау (сәйкестендіру) белгісін түсіру, арнайы жапсырып тігу үшін арналған жиекті қолдана отырып тауардың ішкі жағына осындай белгіні жапсыра тігу жолымен, тауарды шығару кезінде орындалады;

б) желімделетін, бақылау (сәйкестендіру) белгісі, тауардың сындарлы нышанына, өздігінен желімделетін негізде, желімделеді (тігілген таңбалайтын құлақша).  Бұл жағдайда, бақылау (сәйкестендіру) белгісін түсіргенде, дайындаушы тіккен таңбалайтын құлақша тауарда болған және оған деформациясыз көрсетілген белгіні орналастыру үшін жеткілікті мөлшерде бос ашық жолы бар кезде орындалады. Бақылау (сәйкестендіру) белгісін түсіру, осындай белгіні желім қабатынан қорғау жабынын ажырату және бұл белгіні таңбалайтын құлақшаның бос ашық жолына желімдеу жолымен орындалады;

в) жапсырылатын (ілетін), бақылау (сәйкестендіру) белгісін бұйымның алдыңғы жағана түймелейтін тесігіне не ілмешегінің тесігіне пластикалық негізінде, бір реттік пломбылайтын элементтің көмегімен, ал олар болмаған жағдайда – тігілген ілмешегіне не ілмешегін ұстайтын тігілген торға металл шынжырша түрінде, металл пластина түрінде және басқа материалдардан түспейтін етіп бекітіледі.  Бақылау (сәйкестендіру) белгісін түсіру, бақылау (сәйкестендіру) белгісінің икемді пломбы элементін өткізу жолымен ілмешегінің тесігі немесе бұйымның алдыңғы жағандағы түймелейтін тесігіне, тігілген ілмешегіне немесе тігілген тұзақ ілмешегіне және пломбылайтын элементтің бекіту құрылғысы жолымен орындалады, оны бұзбай ажырату мүмкін емес.

Барлық сұрақтар бойынша кәсіпкерлер ҚР ҚМ МКК-нің – 1414, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының – 1432 Байланыс орталығына келесі телефон нөмірі арқылы жүгіне алады: +7 7172 91-93-73.

 

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.