Айдар парағына өту

Жасалған келісімдер шеңберінде мемлекеттік/мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жұмыскерлеріне/қызметкерлеріне сатып алу арқылы жалдау Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 15.12.2021

қтүк ақ логотипі(Нұрлы жер "тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалға берілетін тұрғын үйді іске асыру)

Бағдарламаның шарттары

  1. Валюта: теңге.
  2. Жалдау мерзімі: 240 ай.
  3.  Бағдарламаға қатысушылар:

мемлекеттік/мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жасалған келісімдерге сәйкес сатып алумен жалға берілетін тұрғын үй берілуі мүмкін мемлекеттік/мемлекеттік емес заңды тұлғалардың (оның ішінде оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың) жұмыскерлері және/немесе қызметкерлеріЖалға алушыға/Кепілгерге қойылатын талаптар:

  1. Жалға алушыға/Кепілгерге қойылатын талаптар:

Жалға алушы – Қазақстан Республикасының азаматы, жалға алу шарты бойынша міндеттемелерді орындау сәтінде жалға алушының жасы зейнетке шығу мерзімінен аспауы тиіс, әйтпесе, жалға алу төлемдерін толық өтеу сәтінде жасы зейнетке шығу мерзімінен аспауы тиіс.

Кепілгер – 21 жастан бастап жеке тұлға, Қазақстан Республикасының азаматы/Қазақстан Республикасының тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматы, жалдау шарты бойынша міндеттемелерді орындау сәтінде Кепілгердің жасы зейнетке шығу мерзімінен аспауы тиіс, бірақ егер Жалға алушының жалдау төлемдерін толық өтеу сәтінде жасы зейнеткерлік жастан аспаса, Кепілгердің жасын арттыруға жол беріледі.

  1. Жалдау шарты бойынша төлемдер тәртібі:

Жалдау бойынша өтеу тәртібі – ай сайын.

  1. Төлем қабілеттілігі:

Жалға алушының/Гаранттың төлем қабілеттілігін бағалауды Компания 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» Мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы шеңберінде жалға берілетін тұрғын үйді өткізу қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізеді.

Өтінішті қарау кезінде қолданыстағы мерзімі өткен берешектің болмауы

  1. Мерзімінен бұрын өтеу:

1) Мерзімінен бұрын толық өтеуге кез келген уақытта жол беріледі.

2) Мерзімінен бұрын ішінара өтеуге кез келген уақытта жол беріледі.

3) Мерзімінен бұрын ішінара өтеу сомасы - жалдау шарты бойынша алты ай сайынғы төлемге баламалы сомадан кем емес.

  1. Жалға алушы ұсынатын құжаттар пакеті:

1) Жалға алушы мен кепілгердің (кепілгер тартылған жағдайда), олардың жұбайларының жеке куәлігінің түпнұсқалары мен көшірмелері;

2) Некеге тұру, некені бұзу туралы куәліктің, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы туралы куәліктің (жұбайы/зайыбы болған жағдайда) жалға алушыға және кепілгерге (кепілгер тартылған жағдайда) түпнұсқасы мен көшірмесі;

3) Жалға алушының балаларының туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері (балалары бар болса).

4) Жалға алушы мен кепілгердің жұмыс орнынан (кепілгер тартылған жағдайда) лауазымы, жұмыс өтілі туралы анықтамалардың түпнұсқалары;

5) Жалға алушы мен кепілгердің жұмыс орнынан (кепілгер тартылған жағдайда), құжаттарды берген айдың алдындағы соңғы алты ай ішіндегі жалақы туралы анықтамалардың түпнұсқалары;

6) Құжаттарды берген айдың алдындағы соңғы он екі ай үшін жалға алушы мен кепілгердің (кепілгер тартылған жағдайда) өзге де табысын растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері;

7) Құжаттарды тапсыру айының алдындағы соңғы алты/он екі ай үшін жалға алушы мен кепілгердің (кепілгер тартылған жағдайда) зейнетақы аударымдары туралы үзінділердің түпнұсқалары;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен босатылған зейнетақы аударымдары болмаған кезде анықтамада көрсетілген табыстарды қосымша растау ретінде карт-шоттан үзінді көшірме ұсыну қажет. 

Кепілгер болып табылатын жеке кәсіпкерлерге қосымша мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

Ерекше шарттар

Бағдарламаға қатысушылар арасында тұрғын үйді бөлу Компанияның сайтында автоматтандырылған режимде жүзеге асырылатын болады, онда бағдарламаға қатысушылар тұрғын үйді (пәтерлерді) таңдауды дербес жүзеге асырады.

Жалға алу шартының талаптарын өзгерту үшін Компанияның уәкілетті органы бекіткен тарифтерге сәйкес комиссия алынады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.