Айдар парағына өту

«Астанаэнергосбыт» ЖШС Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 28.09.2020

«Астанаэнергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 30 қыркүйекте тіркелді. 

 Компания қызметінің негізгі түрі – Нұр-сұлтан қ. тұтынушыларын электр және жылу энергиясымен жабдықтау. Кәсіпорын «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ) компаниялар тобына кіреді.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС «электр энергиясын бөлшек сату» қызмет түрі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының географиялық шекарасында тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне, сондай-ақ «жылу энергиясымен жабдықтау» қызмет түрі бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізіледі. 

 01.05.2019 жылғы жағдай бойынша «Астанаэнергосбыт» ЖШС Нұр-Сұлтан қаласында 281 934 жеке тұлғаларға және 12 592 заңды тұлғаларға электр энергиясы бойынша және 267 493 жеке тұлғаларға және 10 271 заңды тұлғаларға жылу энергиясы бойынша қызмет көрсетеді.

 Қазіргі таңда Компанияның энергия ресурстарының негізгі жеткізушісі «Астана-Энергия» АҚ (Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖЭО-1, ЖЭО-2) болып табылады. Айта кету керек, қарқынды өсіп келе жатқан елордада электр энергиясын тұтыну екі станцияда өндірілетін электр энергиясының көлемінен асып түседі. Тапшылық сыртқы жеткізушілерден энергия ресурстарын сатып алу есебінен толықтырылады. 

«Астанаэнергосбыт» ЖШС сатып алынатын электр энергиясы тұтынушыларға «KEGOC» АҚ, «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ, «Астана-АЭК» АҚ желілері арқылы жеткізіледі. «Астана-Теплотранзит» АҚ желілері бойынша жылу энергиясы жеткізіледі. 

Компанияның негізгі стратегиялық міндеттері: 

  • электр және жылу энергиясын өткізу нарығын ұлғайту;
  • көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту;
  • дебиторлық берешекті төмендету;
  • тұтынушыларға сервистік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін перспективалы инновациялық бағдарламаларды зерттеу мен енгізу болып табылады.

Компания әлемдік стандарттарға жақындап, өз клиенттеріне сервистік қызмет көрсету деңгейін үнемі арттыру саясатын жүргізеді. Елорданың кез келген тұрғыны тұтынылған энергия ресурстары үшін төлем шоттарын салыстыру үшін, жеке шарттар жасау үшін жүгіне алатын сервис-орталықтар желісін кеңейтеді. Бүгінгі күні тұтынушылардың ыңғайлылығы үшін «Астанаэнергосбыт» ЖШС 5 төлемдерді қабылдау пункті жұмыс істейді.

 Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жаңа сапалы деңгейіне шықты. Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін кәсіпорынмен ұйымдастырылған халыққа интеграцияланған қызмет көрсету орталығы – байланыс орталығы шығарды. Орталық функциясына бақылаушылардың келуі үшін халықтан өтінімдер қабылдау және энергиямен қамтамасыз етуге қатысты барлық мәселелер бойынша клиенттерге көп арналы «жедел желі» телефондары бойынша толық ақпарат беру кіреді.

 ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес, Астанаэнергосбыт «TUV Rheinland InterCert» сертификаттау бойынша танылған халықаралық органда сапа менджменті жүйесі бойынша екінші қадағалау аудиттен сәтті өтті. Аудит нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын ресми растайтын сертификат берілді. Ол компанияның халыққа электр және жылу энергиясын сатып алу және сату, коммуналдық қызмет үшін төлемдерді есептеу және жинау саласындағы халықаралық стандарттардың талаптарын сақтауын көрсетеді.

Құрметті тұтынушылар!

Халыққа шоғырландырылған қызмет көрсету орталығына - «Астанаэнергосбыт» ЖШС Байланыс-орталығы - +7(7172) 91-88-88 номері бойынша қоңырау шалу арқылы әр айдың 20-нан бастап есептесу айының соңына дейін (30-31 күндері) сағат 09.00-ден 19.00 аралығында (үзіліссіз және демалыс күндерінсіз) ыстық сумен жабдықтау және электр энергиясын есепке алу құралдарының көрсеткіштерін бере аласыздар.

Көп арналы орталық бір уақытта 21 кіріс қоңырау қабылдау мүмкіндігіне ие.

Энергиямен жабдықтау, жеке тұлғалар есептерінің жағдайы туралы толық ақпаратты алуды, электр энергиясын және ыстық суды есептеуге өтінімдер беруді +7(7172) 91-83-33 нөмірі бойынша Анықтама қызметіне қоңырау шалу арқылы жүзеге асыра аласыздар.

Сервис-орталықтардың жұмыс тәртібі: 

  • дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (түскі үзіліссіз); 
  • сенбі сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін; 
  • жексенбі – демалыс. 

Айдың соңғы жексенбісі – жұмыс күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС Сервис орталықтары  

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.