Айдар парағына өту

Қазақстан Республикасының бюджет саясаты Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 09.07.2020

Қазақстан Тәуелсiздiк алған сәттен бастап бюджеттік процесті қалыптастыру мен жетілдірудің үлкен жолынан өтті, 1991-1993 жылдар аралығын бюджет жүйесінің туындау кезеңі ретінде сипаттауға болады.

1991 жылғы 17 желтоқсанда «Бюджет жүйесі туралы» бірінші Заң қабылданды, ол республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру тәртібін, сондай-ақ салық төлемдерін төлеу бойынша бюджет пен жеке және заңды тұлғалардың өзара қарым-қатыныстары рәсімін айқындады.

1993-1997 жылдар халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа бюджеттік сыныптаманы әзірлеуді және енгізуді сипаттайтын Қазақстанның бюджет жүйесінің қалыптасу кезеңі.

Осы жылдары елде, салық заңнамасына, атқарушы билік органдарын құрылымдауға, сондай-ақ 1996 жылғы 24 желтоқсанда екінші «Бюджет жүйесі туралы» екінші Заңды қабылдауға байланысты үлкен экономикалық реформалар жүргізілді.

1998-2003 жылдар кезеңінде бюджет жүйесін реформалау жалғастырылды, мемлекеттік секторға талдау жүргізілді, оның негізінде бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар оңтайландырылды.

1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» үшінші Заң қабылданғаннан кейін республикалық және жергілікті бюджеттердің арасында түсімдер мен шығыстарды бөлу заңнамалық түрде бекітілді, бұдан әрі 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің қабылдануына байланысты  бюджет жүйесін жаңғырту процесі басталды.

Оған барлық бюджет процесін регламенттеген, бұрын қолданыста болған заңдар («Бюджет жүйесі туралы», «Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы», «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы») біріктірілді.

Алғашқы рет 2004 жылғы Бюджет кодексінде бюджетаралық қатынастардың мәселелері жүйелендіріліп, орта мерзімді кезеңге арналған тұрақты бюджетаралық қатынастар туралы норма қабылданды.

Осы уақыттан бастап мынадай орта мерзімді кезеңдерге: 2005-2007 жылдарға, 2008-2010 жылдарға, 2011-2013 жылдарға, 2014-2016 жылдарға, 2017-2019 жылдарға және 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы алты заң әзірленді.

2007 жылы корпоративтік басқару, нәтижелілік, транспаренттілік және қоғамға есеп беру қағидаттарында мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін құру бойынша жұмыс басталды. Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымды міндеттерін іске асыруға бағдарланған тұтас және тиімді мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мақсатында 2007 жылғы желтоқсанда нәтижеге бағдарланған Мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама бекітілді.

Бұл мемлекет қаржысын барынша тиімді басқару үшін жағдайлар мен алғышарттар жасауға, атап айтқанда бюджет процесін бюджет ресурстарын басқарудан нәтижелерді басқаруға ығыстыруға бағытталған 2008 жылғы 4 желтоқсандағы жаңа Бюджет кодексінде көрініс тапты. Сондай-ақ  мемлекеттік жоспарлаудың жаңа моделінің негізіне айналған, бір жылға бюджеттік жоспарлаудан үш жылдық бюджетке көшу жүзеге асырылды.

Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап, мемлекет қаржысын басқарудың заманауи жүйесінің негізі қалыптастырылды.

Қазақстанның бюджет жүйесіндегі маңызды реформа мұнай кірістерін жинақтау, сондай-ақ республикалық бюджеттің әлемдік шикізат нарықтарындағы жағдайларға тәуелділігін төмендету арқылы келешек ұрпаққа қаржы ресурстарын жинақтау мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрі-Ұлттық қор) құру болды. Ұлттық қор елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты сақтаудың маңызды құралына айналды.

Экономикалық, стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын қамтамасыз ету мақсатында орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы, оның ішінде бюджет жүйесіндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату жүргізілді.

Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру және ашықтық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ әрбір басқару деңгейінің бюджеттік ресурстарды бөлудегі дербестігін күшейту бойынша жұмыс жалғастырылуда.

Осылайша, бюджеттік құқықтық қатынастарды реттеудің біртұтас жүйесі құрылды, бюджет жүйесінің бірыңғай қағидаттары белгіленді, мұнай кірістерін сақтау тетігі енгізілді, бюджетаралық қатынастар жүйесі құрылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Министрлік Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірлеп,  Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы №590 Жарлығымен бекітті. Тұжырымдама 2020 жылға дейінгі бюджет саясатын қалыптастырудың пайымын, негізгі тәсілдерін және мемлекеттік қаржы саласындағы кешенді реформаларды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды айқындайды.

Орта және ұзақ мерзімді кезеңге арналған даму басымдықтарын ескере отырып, мемлекет қаржысының теңгерімділігі мен әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету бюджет саясатының мақсаты ретінде айқындалды.

Макроэкономикалық тұрақтылық пен мемлекет қаржысының теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында бюджет саясаты бірқатар фискалдық шектеулердің негізінде қалыптастырылады, олардың ішінде  бюджет тапшылығының мөлшерін басқару маңызды болып табылады. Тұжырымдаманы іске асыру жалпы мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бюджет шығыстарының нәтижелілігін арттыруға, экономикаға жеке инвестицияларды ұлғайтуға және тұрақты экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етті.

Жаңа жаһандық нақты ахуалда бюджет саясатының негізгі басымдығы бюджет ресурстарын қатаң үнемдеу, Ұлттық қор қаражатын ұтымды пайдалану, мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру және адами капиталдың сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау болуы тиіс.

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.