Айдар парағына өту

Ипотекалық қарызды сақтандыру Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 07.12.2021

шөптегі қағаз үйИпотека – бұл  ұзаққа созылатын  терең ойластыруды талап ететін нәрсе. Оны қауіпсіз ету үшін, белгілі бір қағидаларды білу және форс-мажорларды  назарда ұстау қажет. Ал басты қауіпсіздік құралы ипотекалық сақтандыру болады. 

Ипотекалық қарыз алушылар көп жағдайда өз күшіне сенімді, жарқын болашаққа үміттенеді және банкке пәтер үшін несие жылдамырақ төлеп тастауды жоспарлайды.

Бірақ несиені қайтаруға кедергі келтіретін жағымсыз жағдайлар туындауы мүмкін: жұмысты жоғалту, еңбекке жарамсыз болып қалу, ауру, олар несиені өтеу мүмкіндігінен айрылуға әкеп соғады. Сонда банк пәтерді тартып ала алады, соның салдарынан баспанасыз қалуға болады.

Сондықтан ипотеканы дәл осындай жағдайларда өзін тұрғын үйді жоғалтудың барлық қаупінен қорғайтындай етіп ресімдеу керек.

Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға ипотекалық қарыз алған кезде, әдетте, банк клиентіне сатып алынатын жылжымайтын мүлікті зақымдану және жою тәуекелдерінен сақтандыру не қарыз алушының өмірін, денсаулығын және еңбек қабілетін жоғалту тәуекелінен сақтандыру ұсынылады.

Кейбір банктер ипотекалық кредитті ресімдеу кезінде оған меншік құқығын тоқтату нәтижесінде сатып алынатын мүлікті жоғалту ықтимал тәуекелін (титулдық сақтандыру) сақтандыруды ұсынады. Әдетте, титулдық сақтандыру қайталама нарықта тұрғын үйді сатып алу кезінде жасалады, онда сатып алу-сату мәмілесі заңды бұзумен жасалуы мүмкін және даулануы мүмкін.

Кепілге берілетін жылжымайтын мүлікті сақтандыру

Қарыз алушының өмірі мен еңбекке қабілеттілігін сақтандыру

Сатып алынатын мүлікке меншік құқығын жоғалту мүмкіндігін сақтандыру (титулдық сақтандыру)

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.