Айдар парағына өту

Мүлікке тыйым салу: қандай жағдайларда салынады, қалай алуға болады және ол үшін не істеу керек Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 24.03.2023

үйді қамаққа алу

Мүлікке тыйым салу – белгілі бір жағдайлар үшін біздің еліміздің заңнамасымен көзделген жағымсыз, бірақ сонымен қатар қажетті шара. Осы мақаладан мүлікке қандай жағдайларда тыйым салынатынын, ол нені болжайтынын және оны қалай алу керектігін білесіздер. 

Мүлікке тыйым салу ауыртпалық, атап айтқанда шектеу болып табылады, ол сіздің еркіңізден тыс заң негізінде болады. Тыйым салу сіздің мүлікке иелігіңізді, пайдалануыңызды немесе басқаруыңызды шектейді. Басқаша айтқанда, мүлікке тыйым салу – мүлікпен кез келген мәмілелердің жасалуына тыйым салу.   Тыйымды сот, сот орындаушысы, тергеу органы, алдын ала тергеу органы, ал кейде Қаржы министрлігінің салық комитеті сала алады (салық қарызы өтелмеген жағдайларда). Тыйым салынған мүлікті сақтау тапсырылған оның иесі оның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Тыйым салынған мүлікпен мәмілелер тек тыйым салыну тоқтатылған күннен бастап қана мүмкін болады.

Егер мысалы, сізге мүлік үлесі ғана тиісті болса (пәтердегі, машинадағы және т.б. үлес), онда тыйым салу тек сіздің бөлігіңізге ғана қолданылатын болады. Бұл жағдайда тыйым салу мүлікпен басқа қатысушылардың мәмілелер жасасу мүмкіндігінен айырады, демек мүлікке тыйым салу алынғанға дейін мүлікті сату немесе бөлу де мүмкін емес деген сөз.

Тыйым салуға не жатпайды және мүлікке тыйым салу туралы сот шешімін қалай даулауға болады

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 161-бабына сәйкес азаматтық талапкер немесе прокурор қойған азаматтық талапты қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүлiктiң құны талап қоюдың бағасынан аса алмайды.

Бiрiншi қажеттiлiк заттары болып табылатын мүлікке және тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын өзге де заттарға тыйым салынбайды.

Мүлікке билік етуге уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер белгілеуге, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға және (немесе) электрондық ақшаның электрондық әмияндарындағы электрондық ақшаға, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеуге арналған субсидиялар түрінде алынған, тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының банктік шоттардағы активтеріне, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға, нотариус депозиті шарттарында енгізілген, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату (қызметін мәжбүрлеп тоқтату) процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға, инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаға, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.

Жоғарыда аталған ереже атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган, оның аумақтық органдары лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған көрсетілген ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру бойынша қоятын шектеулерге қолданылмайды.

Сот үкiмi бойынша тәркiленуге жатпайтын мүлiк тізбесі

Сотталған адам мен оның асырауындағы адамдар үшiн қажеттi, оған жеке меншiк құқығымен тиесiлi немесе ортақ меншiктегi оның үлесi болып табылатын мынадай мүлiк түрлерi мен заттар тәркiленуге жатпайды:

          1) алаңы тұрғын үй заңнамасында отбасының әрбір мүшесіне белгіленген нормативтерден аспайтын, сотталған адам мен оның отбасының жалғыз тұрғын үйі;

          2) тәркiленуге жатпайтын үй және шаруашылық құрылыстары орналасқан жер учаскелерi, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшін қажеттi жер учаскелерi;

          3) негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болып табылатын адамдардан – шаруашылық құрылыстары және саны оның отбасының қажеттіліктерiн қанағаттандыруға қажеттi үй малы, сондай-ақ малға арналған жем-шөп;

          4) ауыл шаруашылығы дақылдарының кезекті егісі үшін қажеттi тұқым;

          5) үй жабдығы заттары, керек-жарақ, киiм:

       - киіліп жүрген киiм, аяқкиiм, iшкиiм, қолданылып жүрген төсек жабдықтары, ас үй және асхана керек-жарағы. Теріден жасалған және басқа да бағалы киiм, асхана сервиздерi, бағалы металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдiк құндылығы бар заттар тәркiленуi мүмкiн;

          - сотталған адам мен оның отбасы мүшелерi үшiн қажетi барынша аз жиhаз;

          - балалардың барлық керек-жарақтары;

      6) егер сотталған адамның негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болып табылса, сотталған адам мен оның отбасы үшiн жаңа өнім жинағанға дейін қажеттi көлемдегi тамақ өнімдері, ал қалған жағдайларда – Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтін мөлшердегі жалпы сомаға тамақ өнімдері мен ақша;

         7) тамақ дайындауға және отбасының тұрғын үй-жайын жылытуға арналған отын;

        8) сотталған адам сот үкімімен тиiстi қызметпен айналысу құқығынан айырылған немесе мүкәммал оның қылмыс жасауы үшiн пайдаланылған жағдайларды қоспағанда, сотталған адамның кәсiптiк iстерiн жалғастыруы үшін қажеттi мүкәммал (оның iшiнде оқулықтар мен кiтаптар);

        9) мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруына арнап жасалған көлік құралдары, мүгедектігі бар адамдардың техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдары мен арнаулы жүріп-тұру құралдары;

        10) сотталған адам марапатталған халықаралық, мемлекеттiк және өзге де жүлделер.

Мүлікке тыйымды қалай алуға болады

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.