Айдар парағына өту

Улы газ кезінде не стеу керек Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 10.04.2024

формадағы адамУлы газ (тұншықтырғыш газ)- адамдар үшін өте улы. Онымен улану денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін жəне өлімге əкелуі мүмкін!

Улы газ жану кезінде оттегінің жетіспеушілігінің салдарынан пайда болады.

Улы газдың пайда болу себептері:

  • бітелген мұржа немесе түтін шығу қаупі бар мұржа
  • пеш жапқышын уақтылы жаппау, таза ауаға жеткіліксіз қол жетімділік, нашар тарту
  • пеште немесе алды ашық пеште (каминде) жанатын отын
  • пештің жылу алмастырғышындағы жарықтар
  • қосалқы үй-жайларда грильде тамақ дайындау
  • су жылытқыштың коррозияланған немесе ажыратылған желдету құбыры
  • тұрмыстық газдың оттегі жетіспеушілігі жəне нашар желдету жағдайларында жануы
  • өрт (адамның өрт ошағында болуы)
  • өшірілмеген көлік
  • кез-келген оттың ауа ағымы жоқ жабық жайда жануы

Улы газдың иісі жоқ, сондықтан оны тану өте қиын!

Улы газбен уланудың белгілері (бірден бірнеше симптомға дейін болуы мүмкін): бас айналу, бастың ауыруы жəне пульсациясы, бас ауруы, жүрек айну, құсу, құлақтағы шу, тұншығу, ентігу, жөтел, жас аққан көздер, шаршау, бағытты жоғалту, естен тану.

Улы газбен улану кезіндегі алғашқы көмек:

Жеңіл улану кезінде (бас айналу жəне жүрек айну) – зардап шегушіні улы газдың əсер ету аймағынан тез шығарып, таза ауаның келуін қамтамасыз ету керек (желкөздер мен есіктерді ашу).

Егер зардап шегуші есін білсе – мүсəтір спиртін иіскетіп, денесін ысқылап, ащы шай немесе кофе ішкізіп, жедел жəрдем шақыру керек.

Егер жәбірленуші ес – түссіз болса - жедел жəрдем келгенге дейін дереу жасанды тыныс алуды бастау жөн

Назар аударыңыз! Улы газбен жеңіл улану жағдайында да зардап шегушіні жағдайы толық қалпына келгенше қараусыз қалдырмаңыз жəне қажет болған жағдайда жедел жəрдем шақыруға дайындалыңыз.

Жедел жәрдем шақыру үшін 103 нөмірін теріңіз

Құтқару қызметіне қоңырау шалу үшін 112 нөмірін теріңіз

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.