Айдар парағына өту

Балабақша кезегіне баланы қою Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 11.02.2021

kasymova1_esliocheredvdetsadpokanepodoshla.jpg

«Кезекке қою туралы»

Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою қызметі мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі Кезекке қою туралы хабарлама беру (ерікті нысанда) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Ата-аналар балалар мекемесіне жолдаманы беріп өзара міндеттемелері туралы келісім-шартқа қол қойған соң балабақша әкімшілігі баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдайды, бала автоматты түрде тіркеу есебінен алынып тасталады.

Бірінші кезекті орынды алуға мыналар құқылы:

  1. заңды өкілдері мүгедек болып табылатын балалар;
  2. ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балалар;
  3. көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
  4. ерекше білім беруді қажет ететін балалар.

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру туралы»

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілік мәселесін шешу мақсатында ҚР барлық аумағында мектепке дейінгі балалар ұйымдарына бірыңғай кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін жүйесі әзірленді.

Жүйе автоматты түрде электрондық поштаға және ұялы телефон нөміріне одан арғы әрекеттер реті көрсетілген сіздің кезегіңіз келгені туралы хабарлама жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ көмегімен жүйеге кіріп, мектепке дейінгі ұйымды таңдап, таңдауға ЭЦҚ арқылы қол қойып жолдаманы алу керек, оны баланы тіркеу үшін балабақшаға алып барады.

Кезекті басқару жүйесі мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдаманы беру кезінде өтініш берушінің өтінішін мұрағатқа орналастырады.

«Балапан бағдарламасы туралы»

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 1119 қаулысымен күші жойылып 2011 - 2020 жылдарға арналған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (ББДМБ), бұдан әрі 2016-2019 жылдарға арналған ҚР ББДМБ-ға біріктірілді. ББДМБ жеке секторды білім беру ортасына тартуға, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға барынша бағытталған.

«Тәрбие-білім беру үдерісі туралы»

Меншік нысандарына қарамастан барлық үлгідегі және түрдегі республиадағы мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт; мектепке дейінгі тәрбие  мен оқытудың жалпыға бірдей оқу бағдарламасы және 2016 жылғы 22 шілдедегі № 391 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

Стандартта мектепке дейінгі жастағы балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына және оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар айқындалған.

Жаңартылған Стандарт негізінде мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі отандық және шетелдік тәжірибенің ғылым мен практика жетістіктерін ескере отырып «Алгашкы кадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» деп аталатын үш білім беру бағдарламасы орнына Бағдарлама әзірленді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына сәйкес:

- балаларды бір жас тобынан басқасына ауыстыру ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың орны мынадай:

  • тәрбиеленуші ауырып, денсаулық сақтау, білім беру және өзге де ұйымдарда емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда);
  • тәрбиеленушінің ата-анасының бірі немесе заңды өкілі тәрбиеленушінің жылына 2 айдан артық емес демалысына жазбаша өтініш ұсынған жағдайда;
  • елді мекенде төтенше жағдай (әлеуметтік, табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар) енгізілген кезеңде сақталады.

Басшы баланы мектепке дейінгі ұйымдардан мынадай:

  1. мектепке дейінгі ұйым мен тәрбиеленушінің ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің арасындағы шарттың талаптары бұзылған;
  2. тәрбиеленуші бір айдан астам дәлелсіз себеппен және әкімшілікке ескертпей келмеген;
  3. дәрігерлік консультациялық комиссия анықтамасының негізінде тәрбиеленушінің келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда шығарады.

Ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшері:

  1. мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейiнгi ұйымдарда және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушінің жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды; жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша тәрбиеленушілерді тамақтандыруға кететін шығындар жергілікті бюджеттен ішінара немесе толығымен өтеледі;
  2. ерекше білім беруге қажеттілігі бар тәрбиеленушілерге арналған санаторийлік балабақшаларда, мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілерді күтіп-бағу тегін негізде ұсынылады;
  3. мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылғандарды қоспағанда, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.