"Ашық диалог" порталы. Өтініш беру тәртібі мен функционалы Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 26.08.2021Ағымдағы жылғы 1-маусымнан бастап Қазақстанда цифрлық сауаттылықты арттыруға арналған ауқымды оқыту науқаны басталды. Негізгі бағыттардың ішінде "Ашық үкімет" компоненттеріне оқыту курстары орналасқан.
"Ашық үкімет" жобасы мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:
- "Ашық диалог" порталы;
- "Ашық НҚА" порталы;
- "Ашық бюджеттер" порталы;
- "Ашық деректер" порталы;
- "Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау" порталы.
Бүгін азаматтардың арасында "Ашық үкімет"-тің ең танымал компоненті "Ашық диалог" порталы болып табылады.
Портал азаматтың мемлекетпен тікелей өзара іс-қимылына мүмкіндік береді. Ол:
- Орталық мемлекеттік органдарының және жергілікті атқарушы органдарының басшыларының блогтарына өтініш жазуға;
- Бейінді тақырыптары бойынша түрлі ведомстволардың интернет-конференцияларына қатысуға;
- Мемлекеттік органдардың ресми сауалнамаларына қатысуға;
- Ұялы байланыс операторларына олардың ұсынылатын қызмет көрсету сапасы бойынша өтініш беруге мүмкіндік береді.
Кеңейтілген іздеу және фильтр пайдаланушыларға үш негізгі сервисте (МО басшыларының блогтарында, интернет-конференцияларда, сауалнамаларда) түрлі параметрлер бойынша деректерді жылдам табуға мүмкіндік береді.
"Ашық диалог" сервистерін қолдану
- eGov.kz порталында авторлану қажет – Ашық үкіметтің барлық компоненттері электрондық үкімет порталымен біріктірілген.
- Егер сіз eGov.kz порталында әлі тіркелмеген болсаңыз сізге ЭЦҚ алып тіркеу процедурасынан өту қажет. Осыны жүзеге асыруға сізге "Порталда алғаш рет" бөліміндегі нұсқаулар көмектеседі.
Мемлекеттік органдар басшыларының блог-платформасы
2009 жылы Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің бастамасымен құрылған мемлекеттік органдардың басшыларының ресми блог-платформасы. Азаматтарда орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және облыстардың әкімдеріне мәселелерімен және ұсыныстарымен жүгіну мүмкіндігі пайда болды.