Айдар парағына өту

«Ашық НҚА» порталы. Заң жобаларын жария талқылау Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 23.05.2023

Сот дәкесі және ноутбук

«Ашық НҚА» порталы – бұл нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда мақұлдау сәтіне дейін оларды талқылау алаңы ретінде құрылған "Ашық үкімет" жобасы компоненттерінің бірі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заңдарға сәйкес мемлекеттік органдар - нормативтік құқықтық актілерін әзірлеушілер мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын және заң жобаларының тұжырымдамаларын жария талқылау үшін порталда орналастырады. Әрбір азамат жариялаған нормативтік құқықтық құжаттармен танысып оларды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізе алады.

НҚА жобаларын талқылауға қалай қатысуға болады? 

Сізге ыңғайлы болу үшін порталдағы барлық жария талқылауға қол жетімді нормативті-құқықтық актілердің жобалары санаттар, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар бойынша бөлінген. Заң жобалары келесі түрлер бойынша фильтрлеуге болады:

  • Стандарт;
  • Заң жобасы;
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
  • Бұйрық;
  • Есеп;
  • Қаулы;
  • Шешім;
  • Регламент;
  • Келісім;
  • Ереже;
  • Жарлық;
  • РКҚС;
  • Заң жобасы тұжырымдамасының жобасы;
  • Өкім.

Егер жоғарыда көрсетілген параметрлер бойынша сіз қажетті құжатты таба алмаған болсаңыз, онда іздеуді пайдалануға болады.

Әрбір жарияланған нормативтік құқықтық актіде оның мәртебесі, типі, құрылу күні мен жария талқылаудың аяқталу мерзімі туралы ақпарат бар. Оған қоса берілген құжаттарды файл түрінде жүктеп алуға болады.

Егер сізде құжаттың негізгі мазмұнының қандай да бір жолына ескертулер болса, онда олардың әрқайсысына жеке пікір қосуға болады.

Барлық пайдаланушы пікірлері беттің соңында көрсетіледі.

Сондай-ақ, сізде құқықтық актінің жобасын ұнату/ұнатпау, осылайша белгілі бір құжат бойынша өз пікіріңізді білдіру мүмкіндігі бар.

Жарияланған нормативтік-құқықтық актілерді талқылауға белсенді қатысу ниетіңіз болса, жеке құжаттардағы немесе бөлімдердегі өзгерістерді бақылау үшін санатқа, МО немесе пайдаланушы пікіріне жазылуға болады.

Айта кетерлік жайт, порталда пікір қалдыру үшін eGov.kz электронды үкімет порталына кіру немесе тіркелу қажет.

Егер сіз жекелеген құжаттарда немесе бөлімдерде (Санаттар/ОМО) өзгерістерді қадағалауға жазылу арқылы жарияланатын нормативтік құқықтық актілерді талқылауға белсенді түрде қатысуға ниет етсеңіз порталда авторлану қажет.

Ашық үкімет компоненттері eGov.kz порталымен тікелей байланысты, өйткені, оларда ЭЦҚ-ның болуын талап ететін бірыңғай тіркеу тетігі бар. Толығырақ тіркеу рәсімі туралы электрондық үкімет порталында "Порталда бірінші рет" деген бөлімінен біле аласыздар.

Азаматтардың барлық пікірлерін нормативті құқықтық актілердің әзірленуін жетекшілік ететін мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қарайды, содан кейін, жария талқылауды аяқтау нәтижелері бойынша, жүйе қабылданған және қабылданбаған ескертпелер мен ұсыныстарды қоса бере отырып есеп құрайды.

Осыдан кейін қоғамдық талқылауды аяқтау нәтижелері бойынша жүйе қабылданған және қабылданбаған ескертулер мен ұсыныстарды қолдану арқылы хаттама жасалынады.

«Ашық үкімет» курсы бойынша семинар бағдарламасы бойынша дәріс

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.