«Ашық диалог» порталы – бұл мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байланысты орнатуға арналған алаң.
Порталдың мақсаты азаматтарға порталдың құралдары арқылы үкіметпен өзара әрекеттесі мүмкіндігін беру.
Осы компонент:
● МО басшыларының блог – платформасын;
● ЖАО-мен интернет - конференцияны;
● «Сауалнамалар» жүйесін;
● «Ұялы желі сапасын халықтық бақылау» жүйесін қамтиды.
Мемлекеттік органдар басшыларының блог-плаформасында өтініштерді беру және қарау тәртібі заңда жазылған. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 11 бабының 5 тармағына сәйкес блог-платформаға сұрау салулар жазбаша сұранымға теңестіріледі. ЭҮП-та есептік жазба болған жағдайда, сұрау салу қол қоюды және оған абоненттік нөмірді қосуды талап етпейді.
Сондай-ақ, компонентке 2008 жылдан бері «электрондық үкіметтің» веб-порталында жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан Жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың мүшелерінің қатысуымен интернет конференциялар кіреді.
“Сауалнамалар” жүйесі Ашық диалогтың басқа компонентттеріне қарағанда жаңа сервис болып табылады. Жүйе сауалнамаларды құруға, сауалнамаларды «электрондық үкіметтің» және «мобильді үкіметтің» қолжетімді арналарында жариялауға, сауалнамалардың нәтижелерін сақтауға және оларды клиенттерге беруге арналған. Жүйе SMS-хабарламалары, мобильдік қосымшаны, Жеке кабинет, «Ашық диалог» порталы, сондай-ақ әлеуметтік ресурс арқылы сауалнамалардан өтуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, «Ұялы желі сапасын халықтық бақылау» сервисі қолжетімді, ол азаматтарға ұялы байланыс жұмысындағы әртүрлі іркілістер және мобильдік интернетпен байланысты проблемалар туралы пікірлерін ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне және «МТҚ» РМК-ға тура жолдауына мүмкіндік береді.
Ашық диалог азаматтарға мынадай мүмкіндіктер береді:
- мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына сұрау сауларды жолдау;
- елдің кез келген нүктесінен мемлекеттік органдардың қызметін жария талқылауға қатысу;
- мемлекеттік органдар өткізетін сауалнамаларға, әлеуметтік сауалнамаларға, электрондық және мобильдік үкіметтің сауалнамаларына қатысу;
- ұялы байланыс сапасы туралы пікірлерді жолдау.