Айдар парағына өту

ҚР сот жүйесi Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 11.01.2023

судьяның балғасы және әділеттілік таразы

Сот билігінің негізгі міндеті - қоғам және мемлекет өмірінде туындайтын жанжалдар мен  дауларды  шешу, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, заңдардың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту.

Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.

Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.

Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi және басқа соттар құрайды.

Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, оларға қатысты кассациялық саты функцияларын жүзеге асырады және нормативтік қаулылар қабылдау арқылы сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндірулер беріп отырады.

Жоғарғы Сот Төрағадан және судьялардан тұрады. Жоғарғы Сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанында ғылыми-консультативтік кеңес, халықаралық кеңес және баспасөз органы құрылады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанында Сот төрелігі академиясы жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бірініші сатыдағы соттың ержелері бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), Референдумның орталық комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істерді қарайды.
 
Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:
  • облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары);
  • аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот).

Қазақстан Республикасында басқа соттар, оның ішінде мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

Мамандандырылған соттарды облыстық немесе аудандық сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының Президенті құрады.

Жоғарғы Соттың Төрағасы
Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы
Байланыс:
Астана қаласы, Есіл өз. сол жағалауы,
Д. Қонаев көшесі, 39 (Жоғарғы Сот ғимараты)
Кеңсе: +7 (7172) 71-01-80
Азаматтарды қабылдау: +7 (7172) 71-01-75
e-mail: vsrk@sud.kz  
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының https://sud.gov.kz интернет-ресурсының «Азаматтарды қабылдау» бөлігінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының жеке қабылдауына электронды түрде жазылу мүмкіндігі іске асырылған.
 
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.