Айдар парағына өту

Қазақ әліпбиінің латын графикасына кезең-кезеңмен көшуі Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 19.05.2023

қол қою

2022 жылғы 16 маусымдағы, 15 тамыздағы Мемлекет басшысы қазақ тілінің латын графикасына көшуіне жан-жақты, терең талдау жасап, оның негізінде қазақ тілі орфографиясының жаңа қағидаларын әзірлеу, жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау жөнінде А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына (бұдан әрі – Тіл білімі институты) тапсырма берді.

2023 жылғы 12 сәуірде өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес отырысында Мемлекет басшысы әліпбиді кирил әліпбиінен латын әліпбиіне механикалық түрде көшіре салмай, қазақ тіліне реформа жасау туралы тапсырма берді.

Аталған тапсырмаларға сәйкес уәкілетті орган Тіл білімі институтымен бірлесіп, латын графикасы негізіндегі әліпби жобасын әзірлеуде. Латын әліпбиіндегі ә(ä), ө(ö), ү(ü), ұ(ū), ғ(ğ), ш (ş) және ң (ñ) әріптері диакритикалық таңбамен берілген.

Халықаралық тәжірибедегі әліпби түзу принциптері қаралып, пысықталып, екшеленді. Ортақ түркі әліпбиі, түрік, әзербайжан, өзбек, түркімен әліпбилері зерделенді, артықшылықтары мен ұқсастықтары анықталды. Сонымен қатар жекелеген түркі тілдес елдердің (Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркіменстан) латынграфикалы әліпбиге көшу тәжірибесі зерделенді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, латынграфикалы қазақ әріптерін пернетақтада орналастыру тәртібі әзірленді. Орфографиялық және Техникалық сүйемелдеу жұмыс топтарының бірлескен отырысында бүкіл әлемде кең таралған QWERTY стандартына негізделген пернетақта жобасын ғалымдармен мамандар қолдады.

Латын графикасына негізделген, жетілдірілген қазақ әліпбиі жобасындағы диакритикалық таңбалар Android, iOS операциялық жүйелерінде бар екендігі анықталды.

Орфографиялық жұмыс тобы отырыстарында осы уақытқа дейін лингвистерден, ғалымдардан, ел азаматтарынан келіп түскен әліпбидің 40-тан астам нұсқасы қаралды және ғылыми-сараптамалық жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар Қазақ тілінің емле ережесінің жобасы әзірленді. Емле ережесі  жобасы 9 тараудан тұрады. Қазақ тілінің емле ережелеріне енгізілген өзгерістер негізінде кірме сөздер игеріледі, терминдерді, ономастикалық атауларды жазу жүйеленеді, ықшамдап жазу нормасы қалыптасады.

Тіл білімі институты тарапынан жаңа әліпби негізіндегі басты лингвистикалық құралдар болып табылатын Емле анықтағышының және Емле сөздігінің қолжазбалары әзірленді.

Емле анықтағышының көлемі 229 беттен тұрады, қолданыстағы Емле анықтағышынан ерекшелігі әрбір ережеге қосымша беріледі, онда жиі қолданылатын сөздердің тізімі қамтылған.

Емле сөздігі қазіргі қазақ  тіліндегі 114 мың сөз, сөзформа және сөзтіркесінің орфограммалануын көрсететін кириллица және латынграфикалы әліпбилеріндегі параллель сөздік түрінде дайындалды. Қолданыстағы Емле сөздігінен айырмашылығы кірме сөздердің ішіндегі тар өрісті сөздер алынбай, белсенді сөздер ғана енгізілді.

Қазіргі уақытта ғалымдар тарапынан қолжазбалардың әлі де пысықталуы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Білім беру ұйымдарында жаңа әліпби жобасы негізінде, соның ішінде кейбір әріптердің таңбалануына  қатысты апробациялық жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Латын графикасына көшу жұмыстары,  атап айтсақ, жаңа әліпби жобасы негізіндегі Емле анықтағышының, Орфографиялық, Орфоэпиялық сөздіктердің, басқа да ортологиялық құралдардың қолжазбаларын шығару, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу, тренерлерді дайындау курстары, мәтіндерді кирилл қарпінен латын қарпіне ауыстыру бойынша конвертор бағдарламасын іске қосу  және т.б. әліпби мен емле ережесі жобалары тиісті нормативтік құжатпен бекітілгеннен кейін іске асырылады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.