Айдар парағына өту

Жастарға және/немесе ересектерге арналған онлайн оқу курстарының болуы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 02.06.2023

онлайн оқу курстары

Бүгінгі таңда еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қашықтан оқыту қолданылады.

Қазақстанда қашықтан оқыту - педагог пен білім алушылардың қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара іс-қимылы кезінде жүзеге асырылатын оқыту.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар және Қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілді.

Педагогикалық ғылымдар, құқық, хореография, аспаптық орындау, авиациялық техника және технологиялар, құрылыс, теңіз техникасы мен технологиялары, денсаулық сақтау, әскери іс, ветеринария сияқты даярлық бағыттары бойынша пәндердің 20% қашықтан оқытуды реттеу бойынша нормалар енгізілді.

Қалған бағыттар үшін пәндерді қашықтан 50%-ға дейін оқу қарастырылған.

Қашықтан оқыту білім алудың перспективалық тәсілі болып табылады. Қашықтан білім берудің тиімді жүйесін құру халықтың едәуір бөлігі үшін сапалы білімнің қолжетімділігін арттырады, оқушылардың техникалық дағдыларын дамытады, заманауи техникалық құралдарды, электрондық кітапханаларды және т.б. пайдалану есебінен оқыту сапасын жақсартады.

Оқытудың жаңа түрі – онлайн оқыту енгізілді. Онлайн-оқыту нысанын енгізу білім беру қызметтері нарығында, оның ішінде шетелдік студенттер үшін жоғары оқу орындарының тартымдылығын арттыруға, оқу корпустары мен жатақханаларды күтіп-ұстауға арналған қаржылық шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Онлайн оқыту сонымен қатар жасанды интеллект пен виртуалды шындықты қолдана отырып, келешек ұрпақты оқытуға мүмкіндік береді және елдегі заманауи цифрлық білім беруді дамытуға серпін береді.

Бүгінгі таңда Қазақстанның ашық университеті (Open University) платформасы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта философия, математика, бағдарламалау, ақпараттық технологиялар және бизнес курстары қолжетімді, сонымен қатар "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында аударылғандардың әзірленген бейне дәрістері орналастырылған.  Жоғары оқу орындарының жетекші қазақстандық және шетелдік оқытушыларының онлайн курстарына қолжетімділік тегін.

Білім беру порталының міндеті жоғары оқу орнының кез келген білім алушысына елдің жетекші профессорлары мен оқытушыларының курстарынан еркін қол жеткізуге мүмкіндік беру болып табылады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.