Айдар парағына өту

Докторантура Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 27.06.2023

бітіруші бас киімі және диплом

Докторантура –  білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

ЖЖОКБҰ докторантурасына өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары және (немесе) ҰТО-ның ақпараттық жүйесі арқылы келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

1) күнтізбелік жылғы 3 шілдеден 3 тамызға дейін;

2) күнтізбелік жылғы 5 қарашадан 18 қарашаға дейін.

Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

1) күнтізбелік жылғы 4 тамыздан 20 тамызға дейін;

2) күнтізбелік жылғы 19 қарашадан 11 желтоқсанға дейін.

Түсуші өтініш беру кезінде бір ЖЖОКБҰ мен бір білім беру бағдарламасының тобын көрсетеді.

Докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

1) күнтізбелік жылғы 15 тамыздан 28 тамызға дейін;

2) күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.
Докторантураға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. Еркін нысандағы өтініш
  2. Білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы)
  3. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет)
  4. Шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат:

ағылшын тілі: ІELTS Academіc (Іnternatіonal Englіsh Language Testіng System Academіc), шекті балл кемінде – 5,5

TOEFL ІBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnternet-based test), шекті балл кемінде – 46

TOEFL PBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Paper-based test), шекті балл кемінде – 453

TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm), шекті балл – кемінде 460

неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, NіveauВ2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (Nіveau В2/В2 деңгейі)

француз тілі: TFІ (Test de Franзaіs Іnternatіonal™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), DELF (Dіplome d’Etudes en Langue franзaіse) – B2 деңгейі, DALF (Dіplome Approfondі de Langue franзaіse) – В2 деңгейі, TCF (Test de connaіssance du franзaіs), шекті балл кемінде – 50

  1. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;

Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.

  1.  3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет
  2.  жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат
  3.  соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар)
  4.  алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім саласы бойынша).

4) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар тұпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады.

Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеудің тест тапсырмаларының саны 100 сұрақты құрайды. Ең жоғарғы балл саны 100 балды құрайды.

Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады. "Өтті" деген бағаны алу үшін кемінде 75 балл жинау керек.

Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді ҰТО білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарда өткізеді.

Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеудің өткізілу күні, уақыты және орны түсушіге оның "жеке кабинеті" арқылы жолданады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.