Айдар парағына өту

ЭКҰ квотасын қалай алуға болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 09.11.2020

Дәрігерлер бедеулікті медициналық мәселемен ғана емес, әлеуметтік мәселелермен де байланыстырады. Ерлі-зайыптылардың 15% -ы бала көтере алмағандықтан ажырасады.
Олардың жартысына (дәрі-дәрмектер, операциялар арқылы) емдеу көмектеседі.

Қалғандарына тек қосалқы репродуктивті технологиялар (ҚРТ) көмектеседі, оған мыналар кіреді:

  • экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ);
  • суррогат ана болу;
  • донорлық жасушаларды қолдану;
  • аналық жасушаға сперматозоидтарды интрацитоплазмалық енгізу (АЖСИПЕ)
  • жатырішілк инсеминация (ЖИ);
  • жыныс жасушаларының криоконсервациясы (қатыру және сақтау);
  • эмбрионды имплантациялаудың генетикалық диагностикасы (ЭИГД);
  • еркектерден сперматозоид жинауға арналған TESA әдісі.

ЭКҰ - бедеулігі бар пациенттерде қолданылатын репродуктивті технологиялардың бірі. Мұндай тұжырымдаманың классикалықтан айырмашылығы, ол ананың денесінен тыс жерде пайда болады. Анасы мен әкесінен қажетті генетикалық материал алынады. Зертханалық жағдайда аналық жасушалар ұрықтандырылады, содан кейін эмбрион арнайы инкубаторға ауыстырылады. Егер ұрықтану процесі және эмбрионның дамуы қалыпты түрде жүрсе, онда әйелдің жатырына көшіру үшін бір немесе екі эмбрион таңдалады, бұл әдетте 5-ші күні жүргізіледі.

ЭКҰ квотасын кім ала алады - біз осы материалда айтамыз.

Қазақстанда 2010 жылдан бастап ЭКҰ бағдарламасына квота бөлінуіне байланысты, ЭКҰ процедурасын тегін өтуге болады. 

2021 жылдан бастап бөлінген квота саны 7000-ға дейін көбейтіледі. Бұл квота беру көрсеткіштерін кеңейтуге, оларды алу кезегін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

ЭКҰ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді (ТМККК).

ТМККК-не гормондар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, генетикалық анализ, магниттік-резонанстық томография және басқа да қымбат зерттеулер кірмейді.

Квотаға кім өтініш бере алады

Қандай клиникалар ЭКҰ процедурасына квоталар ұсынады

Квота алуға өтініш беру тәртібі

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.