Айдар парағына өту

Су тасқыны немесе сел болған жағдайда не істеу керек Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 10.03.2023

су тасқыны немесе сел

Сел - су, құм жəне тастардан тұратын үлкен деструктивті күш ағыны. Ол ғимараттарды, жолдарды, байланыс желілері мен құрылыстарды бұзуға, бақтарды жоюға, егістік жерлерді толтыруға, адамдар мен жануарлардың өліміне əкелуі мүмкін.

Селдің пайда болу себептері:

қарқынды жəне ұзаққа созылатын нөсер, тау су қоймаларының бұзылуы

қар немесе мұздықтардың тез еруі

өзен арнасында көп мөлшерде борпылдақ топырақтың құлауы

жер сілкінісі

тау-кен кəсіпорындарының жұмыс ережелері мен нормаларының бұзылуы

жолдарды төсеу жəне басқа құрылыстарды салу кезіндегі жарылыстар

ауылшаруашылық жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі

орманды кесу жəне топырақ-өсімдік жамылғысын бұзу

Сел қаупінің белгілері

  • таулы жерлердегі ұзақ немесе қарқынды нөсер жаңбыр
  • сел қаупі бар өзендердің жоғарғы ағысында ауа температурасының күрт жəне ұзақ уақытқа көтерілуі
  • өзендегі су деңгейінің күрт төмендеуі немесе жоғарылауы, судың бұлдырлығының жоғарылауы

Селді жоғары жылдамдықпен келе жатқан пойызға тән гүрілмен тануға болады

Сел қаупі бар өзендердің арналарына барған кезде

  • Егер жоғарғы ағысында қатты нөсер байқалса, сел қаупі бар арнадан шығыңыз
  • Ол жерде демалысқа тоқтамаңыз жəне сел қаупі бар арналардың жанында, көл бөгеттерінде жəне олардың астында шатырлы лагерь құрмаңыз
  • тік жартастар мен тік беткейлердің жанында тоқтамаңыз - сел тастардың құлауын тудыруы мүмкін
  • сел тасқыны белгілері анықталған кезде дереу арнадан тау баурайы бойынша жоғары қарай көтеріліңіз
  • жылжымалы сел ағынына 50-70 метрден аса жақындамаңыз
  • сел білігі өткеннен кейін сел арнасына түспеңіз

Егер сіздің үйіңіз жақын жерде болса:

  • эвакуация кезінде шығарылатын құжаттар, мүлік жəне дəрі-дəрмектер тізімін жасаңыз
  • құндылықтарды, қажетті жылы киімдерді, азық – түлік қорын, су мен дəрі-дəрмектерді арнайы дорбаға (рюкзакқа) салыңыз - əрқашан дайын болсын
  • егер қауіп төнсе немесе кенеттен сел болса, дайын заттарды алып, рельефтің ең биік нүктелеріне көтеріліңіз

Үйден шығар алдында алдын ала эвакуация кезінде электр, газ жəне су құбырын ажыратыңыз, пештерді сөндіріңіз. Есіктерді, терезелерді жəне желдеткіш саңылауларды тығыз жабыңыз.

Сел кеткеннен кейін қайта жиналудан, құлама сырғымалардан, үзілген жəне салбырап қалған электр сымдарынан, газ магистралдарынан сақтану керек

Қауіпсіз қозғалыс маршрутын және сел кезінде жиналу пункттерін әрдайым білу керек - оларды тұрғылықты жері бойынша аудандық ТЖ бөлімдерінен және ПИК, МИБ-тен анықтауға болады.

 

 

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.