Айдар парағына өту

Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелер Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 23.11.2020

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес біздің елде ұлттық мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтіледі.

Ұлттық мерекелер – Қазақстандық мемлекеттілікті дамытуға маңызды ықпал ететін ерекше тарихи маңызы бар оқиғаларды атап өтуге Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мерекелеу орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы ресми іс-шараларды өткізумен жалғасады. Бүгінгі таңда ұлттық мереке тек Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні болып табылады.

Мемлекеттік мерекелер – қоғамдық-саяси мәні бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді тойлау ресми іс-шараларды жүргізумен жалғасуы мүмкін.

Кәсіби және өзге де мерекелер – ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.

Кәсіби мерекелер демалыс күндері болып табылмайды, бірақ әріптестеріңізді, таныстарыңыз бен жақын адамдарыңызды құттықтаудың жақсы себебі  болып табылады.

 

1.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні

– 10 қаңтар

1-1.

Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні

– 15 ақпан

2.

Алғыс айту күні

– 1 наурыз

3.

Жерге орналастыру, геодезия және картография күні

– наурыздың екінші сенбісі

4.

Геолог күні

– сәуірдің бірінші жексенбісі

5.

Ғылым қызметкерлері күні

– 12 сәуір

6.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні

– 21 сәуір

6-1.

Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні

– 17 мамыр

7.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

– 21 мамыр

8.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

– 31 мамыр

9.

Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні

– мамырдың соңғы жексенбісі

10.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

– 4 маусым

11.

Эколог күні

– 5 маусым

12.

Полиция күні

– 23 маусым

13.

Мемлекеттік қызметші күні

– 23 маусым

14.

Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні

– маусымның екінші жексенбісі

15.

Медицина қызметкері күні

– маусымның үшінші жексенбісі

16.

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні

– 28 маусым

17.

Дипломатиялық қызмет күні

– 2 шілде

17-1.

Ұлттық домбыра күні

- шілденің бірінші жексенбісі

17-2.

Су шаруашылығы қызметкерлері күні

– 9 шілде

18.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні

– 13 шілде

19.

Балық шаруашылығы қызметкерлері күні

– шілденің екінші жексенбісі

20.

Металлург күні

– шілденің үшінші жексенбісі

21.

Сауда қызметкерлері күні

– шілденің төртінші жексенбісі

22.

Көлік қызметкерлері күні

– тамыздың бірінші жексенбісі

22-1.

Абай күні

– 10 тамыз

23.

Құрылысшы күні

– тамыздың екінші жексенбісі

24.

Шекарашылар күні

– 18 тамыз

25.

Спорт күні

– тамыздың үшінші жексенбісі

26.

Шахтер күні

– тамыздың соңғы жексенбісі

26-1.

Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні

– 29 тамыз

27.

Білім күні

– 1 қыркүйек

28.

Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні

– қыркүйектің бірінші жексенбісі

29.

Отбасы күні

– қыркүйектің екінші жексенбісі

30.

Қазақстан халқы тілдері күні

– 5 қыркүйек

31.

Атом саласы қызметкерлері күні

– 28 қыркүйек

32.

Әділет органдары қызметкерлері күні

– 30 қыркүйек

33.

Машина жасаушы күні

– қыркүйектің соңғы жексенбісі

34.

Еңбек күні

– қыркүйектің соңғы жексенбісі

34-1.

Қарттар күні

– 1 қазан

35.

Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні

– 6 қазан

36.

Мұғалім күні

– қазанның бірінші жексенбісі

36-1.

Қазақстан кәсіптік одақтарының күні

– 10 қазан

36-2.

Нан күні

– 16 қазан

37.

Құтқарушы күні

– 19 қазан

38.

Орман шаруашылығы қызметкері күні

– қазанның үшінші жексенбісі

39.

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні

– қазанның соңғы жексенбісі

40.

Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні

– 29 қазан

41.

Сыртқы барлау күні

– 5 қараша

42.

Статистика күні

– 8 қараша

42-1.

Энергия үнемдеу күні

– 11 қараша

43.

Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

– 15 қараша

44.

Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні

– қарашаның үшінші жексенбісі

45.

Прокуратура күні

– 6 желтоқсан

46.

Энергетик күні

– желтоқсанның үшінші жексенбісі
 

47.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні

– 20 желтоқсан

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.