Айдар парағына өту

Жалақы мөлшері, ең төменгі жалақы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 12.05.2023

қол мен тиындарЖұмысшының айлық жалақысының мөлшері жұмысшының біліктілігіне, жұмыстың қиындығы, саны мен сапасына, сонымен қатар еңбек шaртына байланысты дифференциялы түрде бекітіледі.

Жұмыс уақытының нормасын нақты кезеңде атқарған және еңбек нормасын (еңбек міндеттемелері) толық орындаған жұмысшының айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген минималды айлық жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.

 

Жалақының ең төмен мөлшерін бекіту: 

  1. келесі қаржы жылына сәйкес Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы жыл сайынғы заңында бекітілген айлық жалақының төмен мөлшері күн көріс азығынан төмен болмауы тиіс және оған үстеме төлем, қосымша ақы және әлеуметтік төлемдер, сыйақылар мен басқа да ынталандырушы төлемдер кірмейді және атқарылған уақытқа пропорциалы түрде төленеді.
  2. өзінің қызметтік міндеттерін (еңбек нормасын) атқарушы жұмысшының сағаттық жалақысының ең төменгі мөлшері сәйкес күнтізбелік күнге арналған жұмыс уақытының балансына сай орташа айлық жұмыс сағаттарына бөлінген ең төменгі айлық жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.
  3. еңбек, ұжымдық келісім-шарт және (немесе) жұмыс берушінің актісі шарттарында қарастырылған айлық жалақының ең төменгі мөлшері немесе бірінші разрядтағы жұмысшының айлық тарифтік салымының мөлшері сәйкес жылға арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында бекітілген айлық жалақының ең төменгі өлшемі есебінен төмен болмауы тиіс.

Сағаттық еңбек ақы төлемі

Еңбек, ұжымдық және (немесе) жұмыс берушінің актісіндегі шарттармен толық жұмыс күні болмаса немесе толық қызмет етпесе істеген жұмысқа ғана, сонымен қатар уақытша немесе бір реттік сипаттағы жұмыстарға сағаттық төлем бекітіледі.

Жұмыс уақытын жиынтық есепке алу кезінде еңбекке ақы төлеу ауысымдық кесте (вахталар кестесі) бойынша нақты жұмыс істеген жұмыс сағаттарының саны бойынша жүргізіледі. Бұл ретте жалақыны есептеу тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс уақыты балансына сәйкес тарифтік мөлшерлеме (лауазымдық айлықақы) және жұмыс уақытының айлық нормасы негізге алына отырып есептелген сағаттық тарифтік мөлшерлеме бойынша жүргізіледі.

Жалақыны индекстеу

Жалақыны көтеруге, Қазақстан Республикасының сәйкес жылға арналған нормативтік құқықтық актілерінде анықталған инфляция деңгейінен тыс, келісімдермен, ұжымдық келісім-шарт немесе жұмыс берушінің актісінде бекітілген тәртіпте, жұмыс берушімен жүзеге асырылатын жалақыны индекстеу кіреді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.