Айдар парағына өту

Қазақстандағы жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемақылар Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 20.06.2019

Осы материалда Қазақстандағы әр түрлі жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер бойынша ең қажетті ақпарат жиналған. Осы жерден олардың мөлшерлері, алу орындары, қажетті құжаттар, сондай-ақ оларды алуға құқығы бар азаматтардың санаты туралы білуге болады. 

Төлемдердің жәрдемақыдан ерекшелігі

Төлемдердің әлеуметтік жәрдемақыдан ерекшелігі жәрдемақыдан ерекшеліктері, жәрдемақының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын және қатыспайтын тұлғаларға бюджет қаражатынан төленетіндігінде, ал төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын адамдарға ғана және әлеуметтік Мемлекеттік сақтандыру қорының қаржысынан жүзеге асырылады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары кімдер болып табылады?
"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыруға "Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлік қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағымен көзделген жасқа жеткен адамдарды қоспағанда ҚР аумағында кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар және шетелдіктер, жұмысқа дербес қамтылған адамдар, қызметкерлер жатады.

Осылайша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы әлеуметтік тәуекел жағдайлары орын алғанда әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар және ол үшін әлеуметтік аударымдар төленетін жеке тұлға болып табылады.

Жүктілігі және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайына әлеуметтік төлем (жұмыс істейтін әйелдер үшін)

Бала 1 жасқа толғанға дейін оның  күтімі  бойынша төлемдер (жұмыс істейтін адамдар үшін) 

Асыраушысынан айрылу жағдайына төлемдер (жұмыс істейтін адамдар үшін)

Жұмысын жоғалту жағдайына төлемдер

Еңбекке жарамсыздық жағдайына төлемдер

Балаларға жәрдемақы (декрет, тууы және 1 жасқа дейінгі баланың күтімі бойынша

Мүгедектер, ҰОС ардагерлері, әлеуметтік еңбек ардагерлері, көп балалы аналар және зиянды және ауыр еңбек шарттарымен жұмыс істейтін адамдарға арналған жәрдемақы

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.