Айдар парағына өту

Ауыр өмірлік жағдайлардағы мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 07.09.2021

қол ұстасып

Осы мақалада сіз өмірдің қиын жағдайларына тап болған адамдарға жергілікті бюджеттен бөлінетін көмек түрлерімен таныса аласыз.
Атауалы әеуметтік көмек  –  жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем.
Тұрғын үй көмегі – мемлекеттің   аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көрсететін ақшалай көмегі: 

  • жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы  тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;     
  • тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
  • жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
  • жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.

Өрт немесе табиғи апат салдарынан  зардап шеккен азаматтарға, мүлкінен айырылған, мүлкі  бүлінген, мүллкіне маңызды залал келтірілген  отбасыларға әлеуметтік  көмек көрсету

Өмірдің қиын жағдайы туындаған кезде жан басына шаққандағы орташа табысы әкімдік белгілеген шектен аспайтын азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету 

Әлеуметтік маңызды аурулары және айналадағы адамдарға қауіп төндіретін  аурулары бар  азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету   

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.