Айдар парағына өту

Қазақстанда тұрақты тұру үшін төлем қабілеттілігін растау Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 28.08.2023

"Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңының 4 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің міндетті шарты мұндай рұқсатты алуға үміткер адамның өзінің төлем қабілеттілігін растауы болып табылады. 

Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты алу туралы өтінішпен жүгінген кезде  өзінің төлем қабілеттілігін  растайды.

Өтінiш бiлдiрушi Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өзiнiң төлем жасау қабiлеттігiн растау үшiн iшкi iстер органдарына тұрақты тұруға қалдыру туралы – өтінішхат берілген күнге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген  бiр мың үш жүз жиырма еселенген ең төменгi есептiк көрсеткiш тең немесе баламасынан асатын.

Төлем қабілеттілігін растайтын ұсынылған құжаттарды шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның келісімімен ішкі істер органдары төлем жасау қабілеттілігін растайтын құжатты берген банк мекемесіне сұрау жіберу жолымен түпнұсқалық тұрғысынан тексереді.

 

Егер тұрақты тұруға руқсатты алу туралы өтінішхатпен бірнеше отбасы мүшелері жүгінген жағдайда, 1320 АЕК көлеміндегі сомасы бар екенін 16 жасқа толған әрқайсысы растауға тиіс. Тұрғын үйі болмаған жағдайда, кез келген жастағы әр отбасы мүшесiне есептегенде 15 шаршы метрлі тұрғын үй сатып алуға жеткiлiктi сома болуын растауға тиіс. 

Өз төлем қабілеттілігін растамайды:

 

  • этникалық қазақтар;
  • Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын Қазақстан Республикасының  немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының азаматы  болған адамдар және олардың отбасы мүшелері;
  • Азаматтық алатын Тараптың аумағында тұру  мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының  азаматтығын алу туралы  өтініш білдіру құқығы болуына  байланысты, халықаралық шарттардың (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы азаматтықты оңайлатылған тәртіппен алу туралы келісім және Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы конвенция) негізінде оңайлатылған тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар елдердің азаматтары, және олардың  отбасы  мүшелері;
  • халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие кәсіптері тізбесін бар шетелдіктер.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.