Айдар парағына өту

Қандастардың мәртебесі мен құқықтары Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 21.09.2022

Қандастар – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақтар және (немесе) олардың ұлты қазақ отбасы мүшелері.

Қандас мәртебесін алған адамдар ҚР кең жеңілдіктер спектріне ие. Олардың негізгілері:

  • жұмысқа орналастыруда, біліктілігін арттыруда  және жаңа кәсіпті меңгеруде көмек көрсету;
  • мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру үшін жағдай жасау;
  • ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте Қарулы күштер қатарындағы қызметтен босату;
  • орта кәсіптік және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарына түсу үшін квоталар бөлу;
  • мұқтаждар үшін мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде, сондай-ақ әлеуметтік қорғау мекемелерінде орындар беру;
  • зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу;
  • азаматтығы қалпына келтірілгендердің жаппай қуғын-сүргін құрбандары үшін берілетін  өтемақыға құқықтарын іске асыру;
  • ҚР кіруге виза беру үшін консулдық алымдардан босату;
  • заңнамаға сәйкес кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемін алу;
  • ҚР азаматтарына көзделген атаулы мемлекеттік көмек көрсету;
  • шекара арқылы кедендік төлемдер мен салықтарды төлеусіз өту;
  • тұрақты мекенжайына ақысыз жол жүру және жолжүгін (соның шінде малды) алып өту;
  • келген жерінде тұрғын үйді алуға қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақыны төлеу.

Қандас мәртебесін қалай алуға болады 

Қандас мәртебесін ұзарту тәртібі 

Қандастардың құқықтары мен міндеттері  

Қандас мәртебесінің тоқтатылуы

 

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.