Айдар парағына өту

Қазақстандағы суррогат ана Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 11.12.2019

a12.png

Қосымша репродукциялық технологиялар (ҚРТ) - Ұрықтану мен эмбриондардың ертеден дамуының жеке немесе барлық сатылары ағзадан тыс жүзеге асырылатын белсіздікті емдеу әдісі. 

Суррогат ана - баланы ұрықтандыру мен тууында үш адам қатысатын қосымша репродуктциялық технология.

генетикалық әке - өзінің шәуетін ұрықтандыру үшін берген және бала туғаннан кейін әкелік міндетті өзіне алуға келіскен тұлға; 

генетикалық ана - өзінің аналық жасушасын ұрықтандыру үшін берген және бала туғаннан кейін аналық міндетті өзіне алуға келіскен тұлға;

суррогат ана - бала туатын жастағы, ақылы немесе ақысыз негізде генетикалық ата-аналардан бала көтеруге және тууға келіскен және осы баланың анасы рөліне таласпайтын әйел. 

Суррогат ана қызметтері заңмен тыйым салынған әлемнің Франция, Германия,Австрия, Норвегия, Швеция тәріздес елдерімен салыстырғанда, суррогат ана Қазақстанда заңнамалық деңгейде рұқсат етілген. 

Қазақстанда суррогат ана өзінің бастауын 1998 жылдан бастайды, ол кезде «Неке және отбасы туралы» заң қабылданды, ол қосымша репродукциялық технологиялардың әдісін пайдалану құқығын берді. 1999 жылы Адам репродукциясы орталығында суррогат ананың бірінші бағдарламасын жүргізді. 2004 жылы «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» Заң шықты. 2009 жылы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс шықты. Бұл құжаттарда суррогат ананың құқықтық негізі баяндалды. 

2012-жылғы 7-ақпанда «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілді. 1998-жылғы 17-желтоқсандағы бұрын қолданыста болған «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшін жойған болып танылды. Сонымен, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінде 9-бөлім «Суррогат ана және қосымша репродукциялық әдістер мен технологияларды қолдану» бөлімі бар. 

Кодекстің 54-бабы суррогат ана шартын қарастырады, ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын сақтау арқылы жазбаша түрде жасалады және міндетті нотариалдық куәландыруға жатады. Суррогат ана шартымен бірге ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) сәйкес қызмет көрсететін, қосымша репродукциялық әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйыммен шарт жасайды. 

Кодекстің 56-бабы суррогат анаға қойылатын талаптарды бекітеді. 

Біріншіден, суррогат ана болуды қалайтын әйел жиырмадан отыз бес жас аралығында болуы, медициналық ұйымның қорытындысымен расталған қанағаттанарлық дене, психикалық және репродукциялық денсаулыққа ие болуы тиіс, сонымен қатар өзінің дені сау баласы болуы тиіс. 

Екіншіден, егер суррогат ана тіркелген некеде (ерлі-зайыптылық) тұрған жағдайда, суррогат ана шартын жасағанда ерінің жазбаша келісімін беруі тиіс, ол нотариалдық тәртіпте расталуы тиіс. 

Үшіншіден, қосымша репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйым олардың қолданылуы туралы балалы болуды қалайтын тұлғалар немесе донорлық банк үшін қолданылған биоматериалдар туралы толық және жан-жақты ақпарат бар қорытынды шығаруға міндетті. 

Қорытындының бір данасы суррогат ананын нотариалдық расталған шартына тіркеледі және келісім жасалған орында сақталады. 

Кодекстің 59-бабына сәйкес, суррогат ана шарты негізінде қосымша репродукциялық әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде туылған баланың ата-анасы болып ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) танылады. Басқа сөзбен айтқанда, баланың генетикалық анасы туылғаннан кейін бірден сәбидің анасы болып ресми жазылады және сол сәттен бастап суррогат ананың бұл балаға ешқандай қатысы болмайды. 

Генетикалық ата-аналар суррогат ананың медициналық бақылау, қосымша репродукциялық әдістер мен технологиялардан өтуімен байланысты материалдық шығындарды өтеуге; жүктілік кезеңінде, босану және босанған кейін елу күн ішінде, ал жүктілік және босанумен байланысты асқынулар болған жағдайда - босанғаннан кейін жетпіс күн бойы медициналық қызметтерді төлеуге міндетті. Суррогат ана үнемі дәрігерге қаралып, оның нұсқаулықтары мен тағайындауларын қатаң орындауы тиіс; «тапсырыс берушілерге» жүктілік ағымы туралы үнемі ақпараттандыруы тиіс, ал ең бастысы - суррогат ана бағдарламасы бойынша оның туған баласын «тапсырыс берушілерге» беруі тиіс. 

Суррогат ана мен сәйкес медициналық процедураларды іріктеу бойынша қызметтерді Қазақстанда ЭКО орталықтар мен мамандандырылған суррогат ана орталықтары жүргізеді (Суррогат ана агенттігі, «Болашақ» суррогат ана орталығы).

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.