Айдар парағына өту

Жүкті әйелдер жүктілігі бойынша есепке қалай тұруына болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 26.02.2024

қолшатыры бар жүкті қыз

Сіз болашақ анасыз!

Біз Сізге ең жақсы және жауапты уақытта – жүктілік пен босану кезеңінде көмектесуге қуаныштымыз.

Жүктілік - бұл әйел өміріндегі таңғажайып кезең. Бұл сіздің ішіңізде өсіп келе жатқан жаңа өмірге арналған мереке уақыты. Бұрын таныс емес қуанышпен қатар сізде жаңа жауапкершілік сезімі пайда болады.

Қазақстан Республикасында ана болуды мемлекет қорғайды және көтермелейді.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 77-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының:

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;

2) дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауға құқықтары бар.

Жүкті әйелдер мен аналардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттерінде Кодектің 81-бабына сәйкес жүкті әйелдер:

1) жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін бекітілген жері бойынша жүктілікке байланысты медициналық есепке тұруға;

2) жүктілік кезеңінде, босану кезінде және босанғаннан кейін дәрігердің ұсынымдарын орындауға міндетті.

Жүкті әйел тұрғылықты мекенжай бойынша дәрігер акушер-гинекологтың кеңесу қажет.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің   «Қазақстан  Республикасында акушерлік – гинекологиялық көмек көрстуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы»  сәйкес, акушер-гинеколог дәрігер жүкті әйелдің немесе оның заңды өкілінен ерікті келісімін алғаннан кейін:

  1. жүкті әйелде немесе оның туыстарында "Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) әлеуметтік мәні бар және соматикалық аурулардың болуын, көп ұрықты жүктілікті, дамудың туа біткен ақаулары мен тұқым қуалайтын аурулары бар балалардың туылуы туралы мәліметтерді анықтауға, анамнезді мұқият жинайды;
  2. балалық шақта және ересек жаста болған ауруларға (соматикалық және гинекологиялық), операцияларға, қан мен оның компоненттерін құюға назар аударады;
  3. эпидемиологиялық анамнезді жинайды;
  4. анамнезді жинау кезінде "Медициналық генетика" маманы дәрігеріне жіберу үшін туа біткен және тұқым қуалайтын патология бойынша "қатер" факторлары бар жүкті әйелдерді (ультрадыбыстық скринингсіз және аналық сарысу маркерлерін талдаусыз) мынадай көрсетілімдер бойынша анықтайды:
  • жүкті әйелдің жасы 37 және одан жоғары,
  • анамнезінде генетикалық көрсеткіштер бойынша жүктілікті үзу және (немесе) ТБК немесе хромосомдық патологиясы бар бала туу жағдайларының болуы,
  • анамнезінде моногенді тұқым қуалайтын ауруы бар баланың туу жағдайларының болуы (немесе туыстарының болуы),
  • хромосомалық немесе гендік мутацияның отбасылық тасымалдауының болуы,
  • анамнезінде бір және одан да көп баланың өлі туу, әдеттегі көтере алмау, бір-біріне жабысуы, диагнозы белгісіз және анықталмаған өлім жағдайларының болуы тіркелген;
  1. ұрпақты болу функциясының ерекшеліктерін зерделейді;
  2. жұбайының (серіктесінің) денсаулық жағдайын, қан тобын және резус тиістілігін нақтылайды;
  3. жұбайының (серіктесінің) жұмыс істейтін өндірістің сипатын зерделейді;
  4. темекі өнімдерін, психоактивті заттарды қолдану сияқты әдеттерінің болуы (алкаголь, есірткілік заттар, психотропты заттар, оларды алмастырушылар, басқада маскүнемдікке әкелетін заттар) немесе белсенділігі аз темекі шегуін нақтылайды;
  5. антропометрияны жүргізеді: бойын, дене салмағын өлшеу, дене салмағының индексін анықтау; жалпы физикалық тексеру жүргізеді: тыныс алу, қан айналымы, ас қорыту, зәр шығару жүйесі, сүт бездері, варикозды веналарды анықтау мақсатында аяқты тексеру; айнадағы жатыр мойнын гинекологиялық тексеру және қынаптық бимануальді зерттеу;
  6. қарап-тексеруден кейін жүктілік мерзімін белгілейді, медициналық ұйымға жүгінген күні жүкті әйелдерді 10 аптаға дейін ерте есепке қоюды және уақтылы зерттеп-қарау үшін жүктілікті анықтауды жүзеге асырады;
  7. жүкті әйелді міндетті зертханалық тексерудің бастапқы кешенін тағайындайды: қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, қан тобы және резус фактор, мерезге серологиялық тексеру (Вассерман реакциясына қан алу), тестке дейін алдын ала кеңес бере отырып және тестілеуге ақпараттандырылған келісім ала отырып АИТВ-инфекциясына тексеру, гепатиттің ерекше антигені мен антиденелерді тексеру: В және С гепатиті, қан глюкозасын анықтау, соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап жүктіліктің 11 апта 0 күннен бастап 13 апта 6 күн аралығы мерзімінде аналық сарысу маркерлеріне қанды зерттеу, жыныстық жолмен берілетін инфекцияға көрсетілімдер болған кезде несептің орташа порциясын бактериологиялық зерттеу (несеп бактериологиялық себу), тазалық дәрежесіне қынаптан алынған жағындының бактериоскопиясы, онкоцитологияға жағынды, көрсетілімдер бойынша әйелдің жыныс органдарынан бөлінетін бөлінділердің антибиотиктерге сезімталдығын айқындай отырып, аэробты және факультативтік-анаэробты микроорганизмдерге микробиологиялық зерттеу. "АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21692 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүкті әйел тіркеуге тұрған кезде жүкті әйелдің жолдасын немесе жыныстық серіктесін (серіктестерін) АИТВ инфекциясының болуына бір рет тексеруге жібереді;
  8. жүкті әйелді хромосомалық патология және құрсақішілік ұрықтың туа біткен даму аномалиялары (даму кемістіктері) бойынша тәуекел тобын анықтау мақсатында пренаталдық скрининг жүргізуге жібереді:
  • жүктіліктің 11 аптасынан 13 аптаға дейін жүктіліктің 6 күні бірінші триместрде ультрадыбыстық скринингке;
  • жүктіліктің бірінші триместрінде АҚСМ талдау үшін жүкті әйелдердің қанын алуға;
  1. жүкті әйелдерді функционалдық тексеруге жібереді: электрокардиограммаға (бұдан әрі – ЭКГ), көрсетілімдер бойынша эхокардиограммаға (бұдан әрі – ЭхоКГ), бүйректің ультрадыбыстық зерттеуге (бұдан әрі – УДЗ);
  2. жүкті әйелді стоматологқа консультацияға (жүкті әйелдерге шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек МӘМС шеңберінде тегін көрсетіледі) және көрсетілімдер бойынша – отоларинголог дәрігеріне жібереді;
  3. жүкті және ФЖӘ тіркелімінен және медициналық ақпараттық жүйелерден алдыңғы жүктіліктің, босанудың және бұрын анықталған соматикалық аурулардың ағымы туралы ақпарат алу мүмкіндігін зерделейді және пайдаланады;
  4. жүргізілген қарап-тексерудің барлық деректерін, зертханалық-диагностикалық зерттеулер мен консультациялар нәтижелерін енгізе отырып, жүкті және ФЖӘ тіркелімін дербестендіріп жүргізуді қамтамасыз етеді;
  5. акушер-гинеколог дәрігер әйелге жүргізілген сауалнама мен зерттеп-қараудың, тағайындаудың деректерін "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" бекітілген № 077/е нысаны бойынша (бұдан әрі – № 077/е нысаны) жүкті әйел мен босанған әйелдің жеке картасына қағаз және электрондық форматта және № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 048/е нысан (бұдан әрі – № 048/е нысаны) бойынша жүкті әйелге алғашқы барған кезде және барлық меншік нысандарындағы МҰ бейінді мамандармен консультация жүргізу кезінде, жедел жәрдем бригадасын шақыру кезінде медициналық қызметкерлердің белсенді патронажы кезінде, стационарды алмастыратын көмек көрсету, үйде емдеуді ұйымдастыру (үйдегі стационар) үшін жүгінген кезде, стационарлық жағдайларда тәулік бойы медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау-диагностикалық бөлімшелеріне жүгінген кезде бақылау орны бойынша көрсету үшін босанғанға дейін бүкіл жүктілігі бойы оның қолында болатын жүкті және босанған әйелдің айырбастау картасына енгізеді;
  6. антенатальды күтім туралы әңгіме жүргізеді, бірінші триместрде емдік және профилактикалық шараларды ұсынады: бірінші триместрде күн сайын 0,4 миллиграмм фолий қышқылын қабылдау;
  7. келесі келу күнін жүкті әйел жүктілік бойынша есепке қойылған күннен бастап 7-10 күннен кейін белгілейді;
  8. жүкті әйелді жүктілік бойынша есепке қойған күні терапиялық учаскедегі жүкті әйелдерді тіркеу журналына жазба түрінде учаскеге деректерді береді; жүкті әйелді терапевтке, жалпы практика дәрігеріне және патронаждық мейіргерге жібереді.

Стандарттың 18 пнуктіне сәйкес, жүкті әйелді жүктілік бойынша есепке қойған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде учаскелік мейіргер, акушер патронаждың әмбебап-прогрессивті моделінің негізінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету кезінде МҰ – да жүкті әйелдерге босанғанға дейінгі патронаж-қызметтердің әмбебап пакетін жүргізеді.

Стандарттың 31 пнуктіне сәйкес, жүкті және босанған әйелдердің патронаждарын учаскелік терапевттер, ЖПД, учаскелік педиатрлар, акушерлер мен мейіргерлер жүзеге асырады.

Жүкті әйелге патронаждық сапармен келген кезде медициналық қызметкер:

  1. жүкті әйелден шағымдарын сұрайды, қан қысымын өлшейді, ісіну мен анемия белгілерін тексереді;
  2. көңіл-күйді (депрессияның болуы), үй жағдайлары мен өмір сүру жағдайларының қауіпсіздігін, үй гигиенасы мен жеке гигиенаны, жүктіліктің қауіп факторларын бағалайды;
  3. жүктілікке байланысты физикалық және психикалық өзгерістер туралы, жүктілік кезіндегі стресстің зиянды салдары туралы, темекі шегудің және есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдаланудың зиянды салдары туралы хабарлайды;
  4. теңгерімді тамақтану, салмақты, физикалық белсенділікті бақылау, ауыз қуысының гигиенасын сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау бойынша ұсыныстар береді;
  5. жүкті әйелге және оның отбасына дәрігерге тез арада жүгінуді қажет ететін, жүктіліктің қауіпті белгілері туралы хабарлайды;
  6. босануға дайындық, жаңа туған нәрестеге арналған бөлмені, орынды, күтім заттары мен киімдерді қалай дайындау, жаңа туған нәрестеге негізгі күтім жасау, тек емшек сүтімен емізу және емізу техникасы туралы мәселелер бойынша кеңес беріп үйретеді.

Жүкті әйелдің тұрғылықты жері ауысқанда одан әрі бақылауды нақты тұратын жері бойынша дәрігер, фельдшер немесе акушер жүзеге асырады. Жүкті әйелдің кетуі туралы жазба медициналық құжаттамада тіркеледі (№ 077/е нысаны және № 048/е нысаны). Жүкті әйелдің көшуі туралы мәліметтерді беру жүкті әйелдің келу орны бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, өңірлердің денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына және медициналық ұйымдарда нақты паспорттық деректерін, жеке сәйкестендіру нөмірін, келу мекенжайын, жүкті әйел мен оның туыстарының байланыстарын көрсете отырып, телефонограммамен және электрондық поштамен жүзеге асырылады.

Жүкті әйелдің келген жеріндегі МҰ уақытша тіркеуге, жүктіліктің кез келген мерзімінде әйелдерді есепке алуға және медициналық көмекті толық көлемде көрсетуге тиіс.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.