Айдар парағына өту

Коронавирус кезінде үй карантині туралы не білу керек? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 03.08.2020

Коронавирустар - бұл жануарлар арасында да, адамдар арасында да таралатын вирустардың үлкен тобы.

2019 жылғы Коронавирус (COVID-19) - Қытайдағы Ухань қаласында алғаш рет анықталған аурудың жаңа коронавирустық пневмониясының өршуіне себеп болатын вирус. Коронавирус сыртқы ортаға төзімді емес, дезинфекциялық және құрамында спирті бар заттарға төзімді емес, 57 градус С және одан жоғары температурада өледі.

Инкубациялық кезең (жұқтыру сәтінен ауру белгілері пайда болғанға дейін) 2-14 күнге дейін, 2-7 күннен жиірек болады.

Жіті респираторлық инфекция симптомдары пайда болған немесе жаңа коронавирустық пневмонияға күдік туған кезде медициналық мекемеге жүгіну қажет, ауыр жағдайда тез арада үйге жедел жәрдем шақыру керек, Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін алдын алу шараларын сақтау қажет (адамдармен қарым-қатынасты шектеу, жөтел этикетін сақтау, масканы кию, өзін-өзі емдеумен айналыспау).

Бұл материалда ҚР аумағында коронавирусты жұқтырудың ықтималдығын ескерту және таралуының алдын алу мақсатында әзірленген Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстары туралы баяндаймыз.

ҚР аумағына келген адамдарға қатысты іс-шаралар

Эпидемияға қарсы іс-шаралар Қазақстан Республикасына шетелден келген адамдарға, сондай-ақ ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы темір жол көлігі мен автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келген адамдарға қатысты жүргізіледі. Олар 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшаулауға орналастырылатын болады (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын қоспағанда; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялардың экипаждарын және локомотив бригадаларының мүшелерін қоспағанда).

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап 5 күннен кешіктірмей берілген ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар, COVID-19-ға тексеру туралы анықтама берген авиарейспен шет елден келген адамдар үйде (үй карантині) 14 тәулік ішінде оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған жағдайда карантиндік стационарда оқшаулау ұсынылады. Бұл ретте бұл адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда 2 тәулікке дейін оқшауланбайды.

СОVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін, оң нәтижесі бар адамдар емдеуге арналған инфекциялық стационарға ауыстырылады, СОVID - 19-ға теріс нәтижесі бар адамдар 12 тәулік ішінде үйде (үй карантині) оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар белгілеген үй-жайларда оқшаулау ұсынылады.

Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері және Қазақстан Республикасына шетелден келген олардың отбасы мүшелері COVID-19-ға зертханалық тексеруге және 14 тәулік ішінде үйде өзін-өзі оқшаулауға (үй карантині) жатады.

Авиакомпаниялардың экипаждары, локомотив бригадаларының мүшелері қоңырау шалу арқылы (мүмкін болған жағдайда бейне қоңырау шалу) тұратын (болатын) жері бойынша медициналық бақылауға жатады.

ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы темір жол көлігімен және автоөтумен өткізу пункттері арқылы келген тұлғалар СОVID-19-ға зертханалық тексеруге және 12 тәулік ішінде үйде өзін-өзі оқшаулауға (үй карантині) жатады;

Темір жол, теңіз көлігінде тасымалдау қызметімен байланысты адамдар және жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер, сондай-ақ транзиттік жүргізушілер шекарадан өту орындарында COVID-19-ға зертханалық тексеруге жатады.

Вахталық әдіспен жұмыс істейтін, "Теңізшевройл" ЖШС объектілерінен демобилизацияланған адамдар келген жері бойынша COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда 2 тәулікке дейін оқшаулауға жатады, оң нәтижесі бар адамдар емдеуге арналған инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижесі бар адамдар үйде (үй карантині) 12 тәулік ішінде оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар белгілеген үй-жайларда оқшаулау ұсынылады.

Тиісті аумақтың, Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері өңірдегі және әлемдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шетелден келген жолаушыларды карантиндеу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Үй карантинін ұйымдастыру үшін тұру жағдайларына қойылатын талаптар

Келесі талаптар /жағдайлар сақталған кезде карантин үйде болуы мүмкін:

  1. Жеке пәтері (жеке дәретханасы бар жеке бөлме) бар, онда байланысушы (байланысушылар) көршілерден (отбасының басқа мүшелерінен) оқшауланған болуы мүмкін.
  2. Байланысушы және отбасы/үй шаруашылығының басқа да мүшелері жеке қорғану құралдарына (маскалар, қолғаптар) қол жеткізе алады және сақтық шараларын сақтауға (қолды сабынмен жиі жууға, ылғалды тазалау жүргізуге, үй-жайларды желдетуге) қабілетті.
  3. Үй шаруашылығында COVID-19 жұқпасынан кейін асқыну қаупі жоғары адамдар жоқ (65 жастан асқан адамдар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіреген немесе жүректің, өкпенің немесе бүйректің созылмалы аурулары бар адамдар).
  4. Стационарлық телефонға немесе ұялы байланысқа қол жеткізу мүмкіндігі бар.
  5. Үй карантинін сақтау шарттарын міндетті түрде орындау туралы қол қойылған қолхаттың болуы.
  6. Тұлға қолхатта жеке қолымен расталатын сақтау туралы міндеттемелерді алуға келіскен жағдайда.

Көрсетілген талаптарды сақтау мүмкін болмаған жағдайда карантин карантиндік стационарда жүзеге асырылады.

Үй карантиніндегі адам өзін қалай ұстау керек?

  • Үйден шықпаңыз.
  • Жабық есігі бар жеке, жақсы желдетілетін бөлмеде болу. Бөлмеден шығуға тек қажетті рәсімдер үшін және қысқа уақытқа рұқсат етіледі; бұл ретте ауыз бен мұрын маскамен жабылуы тиіс.
  • Вирустың таралуын болдырмау үшін түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды бір реттік мұрын орамалымен немесе иілген шынтақпен жабыңыз. Осыдан кейін қолды сумен және сабынмен жуу немесе спирттік негіздегі антисептикалық затпен дезинфекциялау.
  • Қолдарды сумен және сабынмен жуу немесе тамақ дайындағанға дейін және одан кейін, тамақ алдында және дәретхананы пайдаланғанға дейін және одан кейін спирттік негіздегі антисептикалық затпен дезинфекциялау. Егер қолында көрінетін кір болса, сумен және сабынмен жуу антисептикалық затпен өңдеуден гөрі жақсырақ. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын майлықтарды қолданған жөн.
  • Мүмкіндігінше, жеке дәретхананы пайдалану.
  • Температура немесе респираторлық симптомдар пайда болған кезде және кез келген медициналық мәселе кезінде Колл-орталыққа хабарласыңыз немесе карантин туралы хабарлай отырып және жүгіну себебін көрсете отырып, жедел жәрдемге қоңырау шалыңыз.

Үй карантині қамтамасыз етілетін үй шаруашылығы мүшелеріне арналған нұсқаулықтар

Карантин бөлмесіне кіретін үй шаруашылығы мүшелерінің санын қысқарту ұсынылады, артықшылық созылмалы аурулармен ауырмайтын 1 сау адамға берілуі тиіс.

  • Бөтен адамдардың баруын болдырмау.
  • Үй шаруашылығының барлық мүшелері қолдарын жиі жуу керек.
  • Карантин бөлмесіне кірер кезде ауыз бен мұрынды жабатын тығыз жапсарлас медициналық маска кию қажет. Егер маска дымқыл немесе лас болса, оны дереу жаңа маскамен ауыстыру қажет.
  • Тиісті техниканы пайдалана отырып, масканы алып тастау-яғни алдыңғы бөлігін ұстамау.
  • Карантиндегі адаммен, карантиндік бөлмедегі беттермен, киімдермен, төсек әбзелдерімен және ыдыс-аяқтармен кез келген байланыста бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалану.
  • Күн сайын карантиндегі адамның бөлмесіндегі бетті тазарту және дезинфекциялау.
  • Карантиндегі адамның барлық кір іш киімін жуғанға дейін оның бөлмесінде осы үшін бөлінген пакетте ұстау қажет. Жууды әдеттегі жуу құралымен жүргізу қажет.
  • Карантиндегі адаммен заттарды бірлесіп пайдаланудан бас тарту.

Барлық отбасы мүшелері үшін үй карантиніндегі нұсқаулық:

  • Дене температурасын күніне 2 реттен кем емес өлшеңіз.
  • Үй-жайларды күніне 2 реттен кем емес желдету.
  • Күн сайын ылғалды тазалау.
  • Қолды жиі сабынмен жуу немесе спирттік негіздегі антисептикпен өңдеу. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын майлықтарды қолданған жөн.
  • Отбасының әрбір мүшесіне жеке ыдыс-аяқ, жеке гигиена құралдарын пайдалану.
  • Бөгде адамдардың баруын болдырмау.
  • Вирустың таралуына жол бермеу үшін бір рет қолданылатын майлықпен түшкіру немесе жөтелу кезінде ауыз бен мұрынды жабу керек. Осыдан кейін қолды сабынмен жуыңыз немесе спирттік негіздегі антисептикпен өңдеңіз.
  • Кез келген отбасы/үй шаруашылығының мүшесінде дене қызуы  немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде, карантин туралы хабардар етіп және өтініш беру себебін көрсете отырып, КВИ бойынша Колл-орталыққа дереу хабарласу немесе жедел жәрдем шақыру.

 

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.