Айдар парағына өту

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 05.04.2020

osms.jpg

Денсаулық – бұл барлық адамдар үшін ең басты құндылық.

Міндетті медициналық сақтандыру 2017 жылы Қазақстанда басты енгізулердің бірі болды. Егер бұрын медициналық сақтандыру көптеген жылдар бойы санатта ерікті ретінде жүзеге асырылған болса, Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыруды енгізу өзімен бірге орасан зор өзгерістер әкеледі.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанға заманмен қатар жүруге, сондай-ақ сақтандыру нарығын одан әрі дамытуды ынталандыруға көмектеседі.  Өйткені, әлемнің дамыған мемлекеттерінде медициналық сақтандыру қолданылатыны және өмірдің негізгі бөлігі болып табылатыны ешкімге құпия емес.

Мемлекет тегін медициналық көмекке  кепілдік береді: 

  1. Жедел медициналық көмек және санитарлық авиация.
  2. Уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы жоқ  адамдарға көрстілетін амбулаториялық-емханалық көмек. бастапқы; бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының және профилдік мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек.
  3. Стационарлық көмек: жоспарлы стационарлық көмек – тек қана уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде – уәкілетті орган айқындайтын емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған санының шеңберінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша; шұғыл көрсетімдер бойынша – жолдаманың бар-жоғына қарамастан.
  4. Уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде, – бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын көмек.
  5. Профилактикалық егулер.

МӘМС-ға келесі кіреді:

  1. Келесіні қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек (уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде медициналық көмекті ескермегенде): бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының және профилдік мамандардың жолдамасы бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек, консультациялық-диагностикалық көмек.
  2. Дәрігердің рецепті бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
  3. Жоспарлы стационарлық көмек (уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде көрсетілітін медициналық көмекті қоспағанда): жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қоса алғанда емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған санының шеңберінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, шұғыл көрсетімдер бойынша – бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдаманың бар-жоғына қарамастан.
  4. Стационарды алмастыратын көмек (уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар, әлеуметтік маңызы бар аурулар  кезінде көрсетілітін медициналық көмекті қоспағанда) – бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша.

Міндетті медициналық сақтандыруды енгізгеннен кейін халық келесі мәселелердің соңына жиі түсе бастады: "Қашан төлеу керек?", "Кім үшін төлеу керек?", "Қанша төлеу керек?", "Қалай төлеуге болады?", "Не үшін төлеу керек?". 

Осы мақаладан Сіз төлеушілер санаттары бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз.

Жұмыс берушілер

Жеке кәсіпкерлерге (ЖК, жеке практиктер)

Шаруа қожалықтары мүшелеріне (ШҚ жұмыскері болып табылмайтын)

Шаруа қожалығының иесі (сіз шаруа қожалығының иесі болсаңыз)

Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға

Жалдамалы жұмыскерлерге

Тұрақты табысы жоқ және мемлекеттен МӘМС-ға сақтандыру алатын азаматтардың жеңілдікті санаттары тізіміне кірмейтін жеке тұлғалар

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 389 қаулысына сәйкес "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылғаны туралы айта кету керек, оның мақсаты – азаматтарды сапалы медициналық көмекпен жалпыға бірдей қамтуды қамтамасыз ету, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын қолдау, Қорды стратегиялық медициналық көмекті сатып алушы ретінде дамыту болып табылады.

Ақпарат көзі: "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры"

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.