Айдар парағына өту

Тұрмыстық газдың ағуы кезінде не істеу керек Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 28.03.2023

газ плиткаТұрмыстық газдың ағуы улануға әкеліп соғады және жарылыспен аяқталуы мүмкін!

Тұрмыстық газдың ағу себептері:

  • дұрыс орнатылмаған ас үй плитасы немесе вентиляция
  • ақауы бар газ құрылғыларын пайдалану
  • қараусыз жұмыс істейтін газ құрылғылары
  • газ құрылғыларындағы жабылмаған крандар жəне газ баллондарының вентильдері
  • газ құбырларындағы герметикалық емес шлангілер мен қосылыстар
  • үй-жайды жылыту үшін тұрмыстық газ құрылғылары мен плиталарды пайдалану
  • портативті керосин немесе газ жылытқыштар

Пәтерде газ иісі болса не стеу керек?

  • терезелерді дереу ашып, өтпе жел (сквозняк) ұйымдастырыңыз
  • газ құбырындағы вентильді жабыңыз
  • жарықты немесе тұрмыстық техниканы қоспаңыз ұшқын жарылысқа əкелуі мүмкін
  • пəтердегі электр қуатын өшіріңіз, ал газдың үлкен мөлшерде шығып кетуі жағдайында — кіреберісте өшіріңіз
  • барлық телефондарды өшіріңіз, өйткені олар "ұшқындайды"
  • сыртқа шығыңыз
  • 104 телефоны бойынша апаттық қызметке қоңырау шалыңыз

Кіре берісте газ иісі болса не стеу керек?

  • тұрғындарға ықтимал қауіп туралы ескертіңіз
  • электр қуатын өшіріңіз
  • үй-жайдан шығып, 104 телефоны бойынша газ қызметін шақырыңыз
  • ешкім тұтанған темекімен ішке кірмеуі үшін кіреберісті бақылауда ұстаңыз

Газдалған бөлмеге кірген кезде оларды автоматты түрде тұтатпау үшін қалтадан сіріңке, оттықтарды тастау керек!

Қатаң тиым салынады! Газдалған бөлмеде от немесе электр жарығын жағуға. Газ құбырларын жөндеуге тырысуға. Жанып жатқан газды өз бетінше сөндіруге тырысуға (ол жанып тұрған кезде - бұл қауіпсіз). Оттан жанған газ баллонын алып жүруге тыйым салынады. Оның жарылуы мүмкін.

Газ жабдықтары жақсы желдетілетін ауа алмасатын үй-жайда жұмыс істеуі керек!

Газ қызметіне қоңырау шалу үшін 104 нөмірін теріңіз

Құтқару қызметіне қоңырау шалу үшін 112 нөмірін теріңіз

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.