Айдар парағына өту

Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығы және IPO Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 11.12.2018

ipo_0.jpg

Бағалы қағаздар – бағалы қағаз – мүліктік құқықтарды куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілеулердің жиынтығы.

Қазақстанда Бағалы қағаздар қашан пайда болды, монополисттік және мемлекеттік-монополситтік капитализм жағдайында қалай әрекет етіп және дамып жатыр.  Қазіргі заманда бағалы қағаздар рыногының ұйымдық құрылымында  маңызды өзгерістер  орын тапты. Бағалы қағаздар рыногының жұмысы Қазақстанның экономикалық дамуының өзекті міндеттерінің бірі  болып табылады.  

Акционерлік қоғам шығаратын бағалы қағаздар түрлері заңнамалық актілерде белгіленеді. ҚР Азаматтық кодексінің 91 бабының 3 тармағына сәйкес,  акционерлік қоғам, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етілген облигациялар және қамтамасыз етілмеген облигациялар шығаруға құқылы. Акционерлiк қоғам купондық және дисконттық облигациялар шығаруға құқылы. Облигациялар шығарудың шарттары мен тәртiбi бағалы қағаздар рыногы туралы заңдармен белгiленедi. Акционерлік қоғам купондық және дисконттық облигацияны шығаруға құқылы. Облигацияларды шығару шарттары мен тәртібі бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамада белгіленеді.

 Бағалы қағаздар:

  • борыштық;
  • үлестік болуы мүмкін;

Борыштық бағалы қағаз — эмитенттің (борышкердің) осы бағалы қағаздарды шығару шарттарында борыштың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемесін куәландыратын бағалы қағаздар.

Үлестік бағалы қағаз — Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мүлік иесінің мүлікке белгіленген үлесіне иелік ету құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша:

  1. Құжатты және құжатсыз;
  2. Эмиссиялық және эмиссиялық емес;
  3. Атаулы, ұсынбалы және ордерлiк бағалы қағаздар болып бөлiнедi.  

 Бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінен , осы Заңнан және өзге нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Қазақстандағы IPO   

"IPO" қатысу үшін инвестициялардың негізгі қағидаларымен, сауданың тетіктері және ерекшеліктерімен, сондай-ақ осы мәселелерді реттейтін заңнамамен танысу қажет. Осындай заңнамалық актілерге ең кемінде «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдарының акциялар пакетін бағалы қағаздар рыногына шығару  бағдарламасы (бұдан әрі -Бағдарлама),  «Акционерлік қоғамдар», және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдары жатады. 

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» АҚ) «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысынасәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» және «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамдарын қосу жолымен құрылған.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың жалғыз акционері болып табылады.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының 2012 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы индустриялық-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық және Қор қызметінің басқа бағыттары бойынша өзге де салалардағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын ескере отырып әзірленді және оның миссиясын, пайым көкжиегін, стратегиялық бағытын, онжылдық кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

Активтерді қайта құрылымдау және компанияларды IPO-ға шығару 

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.