Айдар парағына өту

Қазақстан Республикасына шетелдіктерді шақыруды ресімдеу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 02.12.2022

глобус және паспорт

Көптеген шетелдік азаматтарға Қазақстан Республикасының шекарасынан өту үшін виза талап етеді, ал қазақстандық визаны алуда шетелдік консулдыққа ұсынылуы тиіс маңызды құжаттардың бірі – Қазақстан Республикасына келу үшін қазақстандық азаматтан немесе ұйымнан шақыру. Аталмыш мақалада біз шақыруды қалай рәсімдеу керектігін және қандай құжаттар талап етілетінін айтамыз.

Шетелдіктерге арналған шақыруды қазақстандық азамат  ішкі істер органдарында немесе Сыртқы істер министрлігінде кімнің қандай мақсатта шақыратынына қарай рәсімдейді. Ресми мақсаттармен, жеке істермен немесе турист ретінде қазақстандық жеке тұлғалар немесе мемлекеттік емес ұйымдар тұрғылықты жері бойынша немесе ұйымның орналасу орны бойынша ішкі істер органдарына жүгінеді.

Шетелдіктерді шақыруды рәсімдеу үшін ішкі істер органдарына қандай құжаттар ұсыну қажет?

Шақыруды ресімдеу үшін шақырушы тарап тіркелген орны бойынша келесі құжаттарды ҚР Ішкі Істер Министрлігіне ұсынады:

1) Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келуге шақыру ресімдеу үшін:

  • жеке басты куәландыратын құжат (салыстыру үшін).
  • осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылған кесте.
  • мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (Мемлекеттік корпорацияға жүгінген және "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік баж төленген жағдайда осы құжатты ұсыну талап етілмейді).

       2) Заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің қолдаухатын келісу үшін:

  • 2 осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылған кесте.
  • мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (Мемлекеттік корпорацияға жүгінген және ЭҮТШ арқылы мемлекеттік бажды төлеген кезде осы құжатты ұсыну талап етілмейді).
  • өкілдің өкілеттігін растайтын құжат

       3) Шақыруды ресімдеуге ағымдағы жылы алғашқы рет өтініш білдірген заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер келесі құжаттарды ұсынады:

  • заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (анықтаманың) көшірмесі;
  • қолданыстағы АХҚО құқығына сәйкес заңды тұлғаның тіркелгенін/аккредиттеуден өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі;
  • өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;
  • шетел туристерін шақыру туралы өтініш етіп жатқан шақырушы тарап – Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары берген туристік операторлық қызметке лицензияның көшірмесі не туристік агенттердің Мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмесі;
  •  білім алу мақсатында виза алушыны шақыру туралы өтініш етіп жатқан шақырушы тарап - 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына сәйкес білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген білім беру қызметімен айналысуға лицензияның көшірмесі және (немесе) лицензияға қосымша;
  • емделу, медициналық тексерілу немесе консультациялар үшін виза алушыны шақыру туралы өтініш етіп жатқан шақырушы тарап - Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген медициналық қызметпен айналысуға лицензияның көшірмесі.

Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келуге шақыру болжамды келу күніне бір жылдан ерте емес және бес күнен кешіктірілмей беріледі.

Қолдаухат немесе вербалды нота виза алушының Қазақстан Республикасына болжамды келу күніне күнтізбелік 90 күннен ерте емес және бес күнен кешіктірілмей беріледі.

Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік туыстарын немесе таныстарын және шақырушы мекемелердің шақырту өтініштерін қарастыру мерзімі, өтініш білдірген күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде қарастырылады.

Жеке істер бойынша шақырту өтінішін қарау дұрыс нәтиже берген жағдайда, талап білдірушілерге белгіленген түрде шақырту беріледі.

Шақырудың тұпнүсқасы Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық немесе консулдық өкілдіктеріне кіру визасын ресімдеу үшін жолданады. 

Сұратылған визаның санатына қарай қосымша ұсынылады

Шетелдіктің Қазақстан Республикасына келесі жағдайда келуіне тыйым салынады

 

 

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.