Айдар парағына өту

БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотын қалай ашуға болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 23.02.2023

Қазақстан Республикасының Президенті 2021 жылғы 12 қазанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды, оның шеңберінде "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңына тиісті өзгерістер енгізілді.

Осы өзгерістерге сәйкес 2021 жылғы 26 қазаннан бастап БЖЗҚ-ға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алуға арналған жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) алғашқы жарнаның түсуі кезінде автоматты түрде ашылатын болады.

БЖЗҚ ақпараттық жүйелері зейнетақы жарналарының басқа түрлері бойынша БЖЗҚ-да ЖЗШ ашқан сияқты міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарды есепке алу үшін ЖЗШ ашудың жаңа тәртібіне дайын.

ЖЗШ өтінішсіз ашу тәртібі келесілерге қатысты қолданылады:

  • 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап міндетті зейнетақы жарналарына қатысты;
  • 2021 жылғы 1 мамырдан бастап ерікті зейнетақы жарналарына қатысты.

МКЗЖ аударатын жеке тұлғаны сәйкестендіру МКЗЖ аудару кезінде электрондық форматтағы төлем тапсырмасында көрсетілген  дербес деректері (Т. А. Ә., ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылатын болады, ал қолданыстағы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

Жұмыс беруші МКЗЖ агенті (төлеуші) болып табылады, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын оның ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде жарналарды жұмыскердің атына өзінің жеке есебінен аударуға міндетті.

МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын алуға зиянды және қауіпті қызмет салаларында еңбек ететін азаматтар құқылы.  Мұндай кәсіптердің тізбесі "Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген.

Заңнамадағы МКЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ автоматты түрде ашу жөніндегі өзгерістер агенттерге МКЗЖ аудару бойынша міндеттемелерді орындауды айтарлықтай жеңілдетеді, яғни БЖЗҚ-ға белгілі бір құжаттардың 10-нан астам атауы бар тізбесін ұсына отырып, МКЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашу туралы өтінішті қызметкермен бірлесіп ресімдеудің қажеті жоқ.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары  Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25 - нен кешіктірілмей төленуі керек. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруашылық жүргізуші субъектілер бұл жарналарды Қазақстан Республикасының Салық заңнамасында көзделген тәртіппен және заңнамада белгіленген мерзімдерде аударады.

МКЗЖ аударылуын салық органдары бақылайды. Егер жұмыс беруші қызметкердің ЖЗШ-на МКЗЖ уақтылы аудармаса (нақты төлем жасалып, қызметкер кіріс алған жағдайда), мерзімі өткен әрбір күнге уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұл өндіріп алынады және оны МКЗЖ БЖЗҚ-ға аударуы қажет.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.