Айдар парағына өту

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациялары Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 06.04.2020

Федерация келесі міндеттерді жүзеге асырады:

  • кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау және өкілдік ету;
  • Федерацияға кіретін Қазақстанның кәсіподақтар қызметінің негізгі бағыттарын, стратегиясын әзірлеп, айқындайды;
  • билік, мемлекеттік басқару және сот органдарында мүше ұйымдардың мүдделерін білдіреді;
  • әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға, кәсіптік одақтардың, жұмыс берушілер бірлестіктерінің, атқарушы органдардың үшжақты ынтымақтастығын  іске асыруға жәрдемдеседі;
  • жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен Бас келісімді, басқа келісімдерді әзірлеу және жасасу жөнінде бастама көтереді, олардың мазмұнының Федерацияға  мүше ұйымдардың мүдделеріне сәйкес жауап беруіне қол жеткізеді, олардың орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
  • заң жобаларын әзірлеуге қатысады не тиісті мемлекеттік органдарға еңбекті ұйымдастыру, ақы төлеу және нормалау, бюджет және салық саясаты, жұмыспен қамту, жекешелендіру, еңбекті қорғау, кәсіптік аурулар, экологиялық қауіпсіздік мәселелері мен әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатыстыөзге де мәселелер бойынша заң жобаларын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді қарау туралы ұсыныстар енгізеді, еңбек заңдылығының сақталуына қоғамдық бақылау жасауды жүзеге асырады;
  • жұмыспен қамтуды, еңбекті және қоршаған табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды, адамның лайықты өмір сүруі мен еркін дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге және қалыптастыруға қатысады;
  • еңбек, жұмыспен қамту мәселелерінде жәнееңбекшілердің тұрмыс деңгейі мен сапасына қатысты басқа әлеуметтік-экономикалық мәселелерде мемлекеттік экономикалық және баға саясатының әлеуметтік бағытта болуын талап етеді және соған жәрдемдеседі;
  • ұжымдық еңбек дауларын реттеуге қатысады, қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын және мүдделерін қорғаудың басқа да тәсілдерін пайдаланады, мүше ұйымдардың ұжымдық іс-қимылдарын үйлестіреді

РК Еңбек кодексі еңбек заңнамасының және еңбек кауіпсіздігі мен еңбекті қорғау нормаларын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторларына, кәсіподақ комитеті немесе жұмыскерлердің жалпы жиналысында (конферен-циясында) сайланған еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық  инспекторларға, және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ішкі қызметіне жүктейді. Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторы өндірістердегі жазатайым оқиғаларды тексеру барысында және мемелекеттік еңбек қорғау инспекторларының еңбектің қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайын тексеру комплекстік жұмыстарында қатысады. Өзінің қызметіне қатысты, жұмыс берушілер мен ұйымның басқа да лауазымды қызметкерлерінен ақпарат пен түсініктерді, сондай-ақ жазбаша түрде  де алуына құқығы бар.

Кәсіподақтар Федерациясы, ХЕҰ жоспарларын қолдай отырып, жыл сайын Бұкіләлемдік әлеуметтік әділеттілік күніне, Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне, Бүкіләлемдік лайықты жұмыс үшін іс-әрекет күніне орай  іс-шаралар өткізеді.

Қазіргі уақытта, қоғамдық инспекторлардың саны 17 мыңнан асады, олар 145 мыңнан астам заң бұзушылықтарды анықтап, олардың 138 мыңын жойды. Атқарылып отырған жұмысқа және еңбекті қауіпсіз ету мен қорғау бойынша заңнамалық базасының жетілуіне қарамастан, өндірістегі жазатайым жәйттар жалғасып, көбісі адам қасіреттеріне айналады, экономика-лық  қомақты шығындарға әкеледі. 

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының маңызды атқаратын қызметінің бірі болып әлеуметті әріптестікке, әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-экономикалық, еңбектік қарым-қатынастын реттеу  жөніндегі Республикалық үшжақты комиссиясының жұмысына қатысу болып табылады.

Кәсіподақтар Федерациясының өкілдері Үкіметпен және республикалық жұмыс берушілер бірлестіктерімен Бас келісімге қол қояды. Ұжымдық келісім негізінде салалық кәсіптік одақтар, салалық министрліктер мен жұмыс берушілер бірлестіктерімен салалық (тарифтік) келісімдер жасайды. Республикада 18 салалық келісімдер жасалған. Барлық аймақтық кәсіподақтар бірлестіктері жергілікті атқарушы органдарымен жұмыс берушілердің бірлестікте-рімен аймақтық келісімдер жасайды (14 облыс, Алматы және Нұр-Сұлтан қ.). 16 аймақтық келісімдер жасалған.

Республикада, ұйымдар мен өндірістер деңгейінде 82 мыңнан аса ұжымдық шарттар жасалған. Соның ішінде, кәсіподақтар қызмет ететін республикалық өндірістерде 17 мыңнан аса ұжымдық шарттар жасалған, ұжымдық-келісім шарт 98 пайызды қамтылған. Ұжымдық шарт, ірі өндірістік кәсіпорындар, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарына тиесілі. Келісілген ұжымдық шарттардың көбісінде, ұйымдардың жұмысының тұрақты болуы, еңбек ақының жоғарылатуы, материалдық-техникалық базасының нығаюы, заңнамада көзделмеген  жеңілдіктер мен өтемақылар беруді, кадрлық әлеуеттің сапалық деңгейін  жоғарылату, жұмыскерлердің еңбегін қорғау, денсаулығын жақсарту  бойынша ұстанымдар қарастырылған.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес және Бас келісімді іске асыру мақсатында әлеуметтік серіктестік бойынша республикалықсалалық және аймақтық үшжақты әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі комиссиялар қызмет етеді. Комиссиялар жұмысының басты бағдары, еңбек ұжымдарында тұрақтылықты, еңбек ақыны төлеу мен оның төмендеуіне қарсылық әрекет ету, жұмыскерлерге әлеуметтік кепілдікті сақтау болып табылады.

Әлеуметтік серіктестер тараптары еңбектік құқық қатынастарын қалыпқа келтіру бойынша үнемі кеңес жүргізеді. Халықаралық еңбек ұйымының 188 конвенциясының 24-н Қазақстан ратификациялады, оның ішінде 8-і негізгілер. Негізгі Конвенцияларды бекіттіру республикамыздағы үшжақты уәкілеттілік пен ұжымдық келіссөздерді қалыптастырып, дамытуда үлкен рөл атқарды.

Кәсіподақтар Федерациясы мен оның мүше ұйымдары қызметіндегі басты бағыттарының бірі, еңбекті қауіпсіз ету және қорғау мәселелеріне назарды күшейту, оларды шектеу, және жұмыскерлердің жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдардың алдында құқығын қорғау болып табылады. 

ҚР Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласына сәйкес, кәсіподақ органдары, еңбекті қауіпсіз ету және қорғау саласындағы қоғамдық бақылау ұйымдастыру мақсатында, еңбек қорғау қоғамдық инспекторларын сайлап қана қоймай, оларды оқытуды күшейтті.   
  
Сонымен қатар, Елбасы аталған мақалада кәсіподақтардың қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, оларға еңбектік заңнаманы сақтау бойынша барлық кәсіпорындарда қоғамдық бақылауды қолына алуға шақырды.

Кәсіподақтар заңнамалық, нормативті-құқықтық актілерді жетілдіріп, еңбекті кауіпсіз ету мен қорғау саласындағы ұлттық саясатты дамытып, күшейту бойынша жұмысты жалғастыруда. Соның ішінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын қамсыздандыру, жұмыс берушілердің қауіпсіз жұмыс орнын құру жауапкершілігін міндеттеу, жұмыс берушілерге қауіпсіз, қорғалған еңбек жүйесіне бағытталып жасалған ынталандыруды жоғарылату, соңғы мақсат жарақаттанушылық нөлге тең болу керек. 

Өндірістерде әлеуметтік әріптестікті дамытуда және жұмыскерлердің еңбекті қорғауды басқару барысында қатысу, мемлекет аралық 12.0.230-2007 МемСт табысты енгізуінің өзекті факторы болып табылады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының басшылары

Басшының ТАӘ

Лауазымы

Байланыс мәліметтері

Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлы

ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы 38, тел:8 (7172) 643423, fprkastana@fprk.kz

Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы

ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы 38, 8 (7172) 643425

Саиров Ерлан Биахметұлы

ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы 38, 8 (7172)  643429
Дәулеталин Сатыбалды Телағысович  ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы 38, 8 (7172) 643427

Тиникеев Мухтар Бакирович

ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы 38, 8 (7172) 643429

 

Республикалық салалық кәсіподақтар басшылары

Салалық кәсіподақтар

№ р/с

Басшының ТАӘ

Салалық кәсіподақ аты

Байланыс мәліметтері

1.

Амантаева Майра Тұрғановна

«Қазақстан салалық білім және ғылым кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі 

Қазақстан Республикасы, 010000,

Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғ., З8, 308 кеңсе
Тел/факс: (7172) 21 04 54
E-mail: proin.kz@mail.ru
Сайт: www.edu-tradeunion.kz

 

2.

Дюсенов Сапарбек Серікович

«SENIM» Қазақстан салалық кәсіби денсаулық сақтау жұмыскерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы,010000,

Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғ., З8, 401 кеңсе
Телефон: (7172) 20 2371
Факс: (7172) 20 23 62
E-mail: souzsezim@mail.ru

3.

Ахметбаев Оразғали Төлепбекұлы

«Қазақстан салалық кәсіби темір жол, автомобиль, су және әуе транспорты жұмыскерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы,010000,

Нұр-Сұлтан қ., Қонаев к., 6
Телефон/факс: (7172) 603536, 603535
E-mail: frank_l@railways.kz, botsul_t@railways.kz
Сайт: http://kazproftrans.kz

4.

Нұралин Асылбек Жамашұлы

«Казпрофметалл» салалық тау-кен-металлургиялық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы, 010000,

Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғ., З8, 301 кеңсе
Телефон/факс: (7172) 21 63 14
E-mail: kazprofmet@mail.ru
Сайт: www.kazprofmet.kz

5.

 

Каппель Егор Яковлевич

 

«Ауылшаруашылық жұмыскерлерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы,010000,

Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғ., З8
Телефон: (7172) 216014, 216831
E-mail: suleymenov54@mail.ru

6.

Жақыпов Мирболат Хабиұлы

«Мемлекеттік, банктік ұйымдар мен әлеуметтік қызмет ету жұмыскерлерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы,050004,

Алматы қ., Желтоқсан к., 37А,
Телефон/факс: (727) 2792551, 2792401
E-mail: profcomalmata@bk.ru

7.

Қалиев Сұлтан Есімұлы

«Мұнайгаз комплексі жұмыскерлерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғ., З8
тел.: 8 (7172) 216153, 215249
e-mail: s.kaliev@mail.ru
Сайт: mgko.kz

8.

Қабдулов Тілекқабыл Боранбаұлы

«Қазақстанның мұнайгаз салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы,060007,

Атырау қ., Гурьевская к., 5
Телефон: (7122) 323634
Факс: (7122) 323738
E-mail: kogt2005@yandex.ru
Сайт: www.kngp.kz

9.

Иманқұлова Светлана Кеңесовна

«Ақпарат, спорт және мәдениет салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы,010000,

Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғ., З8
Телефон: (7172) 280484
Факс: (7172) 216189
E-mail: 216189salta@mail.ru, prof.k.s.i.RK@mail.ru

10.

Есенғазы Құсеин Шамшінұлы

«Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жұмыскерлерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы,010000,

Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғ., З8
Телефон: (7172) 210463
Факс: (7172) 216191E-mail: kazprofvira@mail.ru

11.

Бекбас Оразбек Телбайұлы

«Қазақстанның энергетиктер салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы,010000,

Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғ., 15а, б блогі, 216 кеңсе
Телефон/факс: (717) 2692356, 692379
E-mail:,d.mukusheva@samruk-energy.kz
Cайт: www.keprof.kz

12.

Байсариев Уәлшер Әбуұлы

 

«Телекоммуникация және байланыс саласының жұмыскерлерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы,010000,

Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғ., З8
Телефон/факс: (7172) 212499, 216186
E-mail: profsoyz.svyazi.kz@mail.ru

13.

Никифоров Михаил Дмитриевич

«Көмір өнеркәсібі жұмыскерлерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы, 010000,

Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғ., З8
Телефон/факс: (7172) 216011
E-mail: nikiforovm49@mail.ru

14.

Примқұлұлы Керім

«Химиялық, мұнай-химиялық және туыстас өнеркәсіп саласының салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы,010000,

Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғ., З8
Телефон/факс: (7172) 216004
E-mail: k.primkululy@gmail.com

15.

Мадиев Қасымжан Баяжанұлы

«Атом өнеркәсібі жұмыскелерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Қонаев к., 10
Телефон/факс: (7172) 551376
E-mail: kmadiev@kazatomprom.kz,
aiskakova@kazatomprom.kz,
nakprap@mail.ru
Сайт: www.profatomprom.kz

16.

Султанов Диас Бауыржанұлы

«Жеке кәсіпкерлік жұмыскелерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғ., З8, 423 кеңсе,
тел.: (7172) 216866
E-mail: otrprofsoyuzpred@mail.ru
Сайт:  http://www.profrp.kz

17.

Ерденбеков Төрехан Ізбасарұлы

«Қарулы күштер, әскери құралым және басқа әскерлер жұмыскерлерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы,050004,

Алматы қ., Желтоқсан қ. 37,
Телефон/факс: (727) 2799737
E-mail: pvsrk@mail.ru

18.

Құсайынов Қайырбек Құсайынұлы

«Машина жасау жұмыскерлерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы, 010000,

Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғ., З8
Телефон/факс: (7172) 216179, 216005
E-mail: profsoyuzmash@mail.ru

19. Әбішев Абылай Ғаппұрұлы «Ақпарат, коммуникациялар және байланыс қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы, 010000,

Нұр-Сұлтан қ., Әуезов к., З8
Телефон/факс: (7172) 580296 (вн. 4649)
E-mail: ablai.abishev@gmail.com

20. Өтебаева Әйгерім Мусиралиевна «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы, 010000,

Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғылы, З8
Телефон/факс: 87019993563
E-mail: lesprofkz@gmail.com

21. Байқадамова Светлана Бауыржановна

«Қамқор магистраль" көлік жөндеу кәсіпорындарының салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Қонаев к-сі, 10
Телефон/факс: (7172) 612094
E-mail: aidar_kair_2006@mail.ru

22. Дәулеталин Сатыбалды Тілеғасович «YNTYMAQ» орта және шағын бизнес қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық ұйымы

Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғылы, З8
Телефон/факс: (7172) 643427
E-mail: nikiforovm49@mail.ru


Территориялық кәсіподақтар бірлестіктерінің басшылары

Басшының ТАӘ

Аймақтық кәсіподақтар бірлестігі

Байланыс мәліметтері

Есентаев Тастанбек Кутжанович

Нұр-Сұлтан қаласы кәсіподақтарының Кеңесі

Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғылы 38 

Тел/факс: 8 (7172) 216826

E-mail: s_mynbaev@mail.ru

Өмірбаева Зәуреш Әбілғожаевна

Алматы қаласы кәсіподақтарының Кеңесі

Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қ., Желтоқсан к., 37 А

Тел/факс: (727) 2792494, (727) 3316635

E-mail: top.almaty@mail.ru

Рахметов Кали Султанахмедович

Ақмола облыстық кәсіподақтар федерациясы

Қазақстан Республикасы, 020000, Кокшетау қаласы, Абай көшесі 112

Тел/факс: (7162) 250285 

E-mail: provcentrkokshetau@mail.ru

Әмірғалиев Алтынбек Аманович

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар Кеңесі

Қазақстан Республикасы, 030010, Актобе қаласы, Маресьев көшесі 91

Тел/факс: 8 (7132) 547964, 545541

E-mail: aktobesovprof@mail.ru
www.aktobeosp.kz

Кыдырманов Асет Сериккалиевич

Алматы облыстық кәсіподақтар Кеңесі

Қазақстан Республикасы, 040000, Талдықорған қ., Тәуелсіздік к., 36

Тел/факс: (7282) 40-20-05

E-mail: profcenter_almobl@mail.ru

Баймұханов Істұрған Ұзақбаевич

Атырау облысының Кәсіподақтар федерациясы

Қазақстан Республикасы, 060007, Атырау қаласы, Гурьев көшесі 5

Тел/факс: 8 (7122) 355524

E-mail: atyrauSFPO@yandex.ru
www.pcao.kz

Төлеубаев Мейірхан Ақпабекович

Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар Кеңесі

Қазақстан Республикасы, 070000, Өскемен қаласы, Головков көшесі 30

Тел/факс: 8 (7232) 253416

E-mail: оblsovprof2@mail.ru

Тулепберген Мейрамбек Мылтыкбайулы

Жамбыл облыстық кәсіподақтар Кеңесі

Қазақстан Республикасы, 080012, Тараз қаласы, Кошек-Батыр 3

Тел/факс: (7262) 451924

E-mail: top_zhambyl@bk.ru

Салыков Ербол Гумарович

Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар федерациясы

Қазақстан Республикасы, 090000, Орал қаласы, Достық-Дружба көшесі 184/1

Тел/факс: (7112) 509900

E-mail: zkoblsovprof@mail.kz

Жумабеков Болат Камзинович

Қарағанды облысының кәсіподақтар федерациясы

Қазақстан Республикасы, 100000, Қарағанда қаласы, Әлиханов 5

Тел/факс: (7212) 412989

E-mail: profcentr_kr@mail.ru 

Смышляева Екатерина Васильевна

Қостанай облыстық кәсіподақтар Кеңесі

Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай қаласы, Байтұрсын кошесі 67

Тел/факс: (7142) 544240

E-mail: oblsovprof@list.ru

Сермағамбетов Серік Сағытжанович

Қызылорда облыстық кәсіподақтар Кеңесі

Қазақстан Республикасы, 120000, Қызылорда қаласы, Айтике би 17

Тел/факс: (7242) 262343

E-mail: kzlprof@mail.ru

Жаулин Қиықбай Мыңбаевич 

Маңғыстау облыстық кәсіподақтар Кеңесі

Қазақстан Республикасы, 130000, Ақтау қаласы, 8 шағын ауданы 29 А

Тел/факс: (7292) 602920

E-mail: mangystau-profcentr@mail.ru

Айтжанова Динара Нұржановна

Павлодар облыстық кәсіподақтар Кеңесі

Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар қаласы, Женіс көшесі 3

Тел/факс: (7182) 321371

E-mail: pavlprof@mail.ru, dom-souzov@mail.ru

Нуракаев Ерик Есимович

Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақтар Кеңесі

Қазақстан Республикасы, 150008, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциялық көшесі 28

Тел/факс: (7152) 461036

E-mail: ckoblsov@mail.ru
www.skoblsovprof.kz

Бекжанов Берік Айдарбекович

Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақтар Кеңесі

Қазақстан Республикасы, 160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би 49

Тел/факс: (7252) 539073

E-mail: uk_profsoyuz@mail.ru

 

Дереккөз: www.enbek.gov.kz

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.