Айдар парағына өту

eGov.kz порталының ең талап етілетін сервистері Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 30.09.2020

eGov.kz порталының басты бетінде танымал қызметтер тізімінің сол жағында электрондық сервистер блогы орналасқан. Порталдың әрбір келушісі осы сервистердің қызметі туралы білмейтіндіктен, біз олардың әрқайсысы туралы тереңірек айтамыз.

1. Жеке тұлғалардың алдағы салық төлемдерін қарау және төлеу

Сервис көлік салығын төлеу сомасы туралы автоматты ақпараттандыру мақсатында әзірленген.

ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті мен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректер базасын интеграциялаудың арқасында салық төлеушіге әрбір көлікке салық төлеу сомасын жеке есептеу қажеттілігі жоқ. Жалпы сома сервисте көрсетіледі, сондай-ақ онда төлеу үшін барлық қажетті деректер (ТМК, БСК, СОК) көрсетіледі.

Пилоттық режим аясында сервис тек Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарына ғана қолжетімді. Ол аяқталғаннан кейін сервис елдің барлық аумағында қолжетімді болады, сондай-ақ онда жер салығы мен жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша алдағы салық төлемдерін тексеру және төлеу мүмкіндігі пайда болады.

Бұған дейін бұл қызмет ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің бөлімшелері арқылы ғана көрсетілді.

2. Эл. портал арқылы алынған қызметтерді тексеру және чектерді тексеру

Бұл порталдың ең алғашқы сервистерінің бірі. Олар eGov.kz порталынан алынған электрондық анықтамалар мен чектердің заңдылығын тексеруге және растауға мүмкіндік береді

Онда ЖСН мен анықтаманың немесе төлемнің бірегей кодын көрсету қажет. Егер олар порталдан алынса, онда сервис сұрау салудың күні мен мәртебесі туралы ақпарат береді.

3. Электрондық өтініштер

Мемлекеттік органдарға электрондық өтініштерді жіберу сервисі – порталдың ең маңызды және танымал сервистерінің бірі.

Ол мемлекеттік органдардың өкілдеріне ресми хат-сұрау жіберуге мүмкіндік береді. Жүздеген адресаттардың арасынан мемлекеттік ведомстволардың аймақтық, қалалық және аудандық филиалдарының, сондай-ақ олардың орталық аппараттарының көп бөлігін табуға болады.

Сұрауларға файлдар мен құжаттарды қоса беріп, жібергеннен кейін олардың мәртебесін қадағалауға болады. Мемлекеттік органдардың жауаптары да электрондық түрде келеді.

Сервис тегін және ЭЦҚ-мен қол қоюды талап етеді.

4. Әлеуметтік мәртебені тексеру

Осы сервис арқылы ағымдағы әлеуметтік мәртебені және МӘМС жүйесіне ай сайынғы аударымдарды кім жүргізетіні туралы ақпаратты қарап қана қоймай, онлайн режимінде өз бетінше "Анықталмаған" мәртебесі көрсетілген жағдайда өзгерістер енгізуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын қызмет көрсетудің нәтижесі әлеуметтік мәртебелердің бірі болып табылды: "Жұмыс істейтін", "Әлеуметтік төлемдерді алушы", "18 жасқа дейінгі балалар", "Тіркелген өз бетінше жұмыспен айналысушылар (ЖК, ШҚ)", ал егер азамат ЖК немесе қызметкер ретінде тіркелмеген болса, онда "Мәртебе анықталмаған" деген хабарлама шығатын. Бұл мәртебені өзгерту үшін сауалнаманы қажетті деректермен толтырып, МО-да өңдеуді күту керек.

Қызмет тегін, ЭЦҚ-мен қол қоюды талап етеді, ал қызмет көрсету мерзімі бес жұмыс күнін құрайды. Қызмет нәтижесі көрсетілген сервис көмегімен, сондай-ақ eGov Жеке кабинеті арқылы тексеруге болатын жаңа әлеуметтік мәртебемен сіздің тіркелу туралы хабарламаны алу болады.

5. Азаматтардың мобильдік базасында тіркелуінің болуын тексеру

ЖСН енгізілген кезде осы сервис eGov.kz порталы профиліне байланған телефон нөмірінің болуы туралы ақпарат береді.

Нөмірді байланыстыру белсенді қызметтерді алуға, үшінші тұлғалардың анықтама алу сервисін пайдалануға және SMS-код бойынша, сондай-ақ EgovKzBot2.0 телеграмм-бот арқылы порталдың танымал қызметтерін сұрауға мүмкіндік беретінін естеріңізге саламыз.

6. Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі

Бұл қызмет басқа адамға электрондық анықтама алуға ниет білдірушілерге арналған. Ол үшін олар порталда авторланып, өз сауалыңызды бір реттік смс-пароль арқылы растауы қажет.

Оның атына анықтама сұратғысы келетін адам сұрауды мақұлдау немесе қабылдамау туралы өтінішімен хабарлама алады. Мақұлданған жағдайда, үшінші тұлға анықтама алады.

Үшінші тұлғалардың алуы үшін қол жетімді анықтамалар тізбесі:

  • жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
  • жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама;
  • соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Толық қадамдық нұсқаулық сервис бетінде көрсетілген.

7. ЭЦҚ алу немесе қайта шығару

Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу рәсімі және оның қолданылу мерзімін ұзарту туралы толық ақпаратты алуға болатын бөлімге сілтеме.

8. Жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру қызметі

Қызмет азаматтарға АХАЖ барлық 7 оқиғасы (соның ішінде 2008 жылға дейін жасалған) бойынша мұрағаттық акт жазбаларын цифрлауға және өзектілігіне тексеруге мүмкіндік береді: туу, қайтыс болу, неке қию, некені бұзу, ұл/қыз асырап алу, әке болуды анықтау, ТАӘ ауыстыру.

Жоқ мәліметтерді цифрлау немесе дұрыс емес мәліметтерді түзету үшін сканерленген құжаттарды сервис арқылы жіберу жеткілікті.

Мысалы, сіздің балаңыздың туу туралы актілік жазбасын тексергенде, бала туралы деректер (тегі, аты, әкесінің аты, ұлты, туған жылы туралы деректер, анасы мен әкесі) ұсынылған бөлімдерде қате көрсетілген жазба болған жағдайда, дұрыс құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса бере отырып, мәліметтерді өзектілендіруге болады.

Қызмет көрсету нәтижесі АХАЖ АЖ мәліметтерін өзектендіру мәртебесі туралы ақпарат болып табылады. Қызмет тегін және оны көрсету мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды.

9. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу бойынша анықтама

eGov.kz порталының басты бетінде орналасқан осы сервисті пайдалана отырып, зейнеткер жаңа базалық зейнетақы төлемін қандай мөлшерде алатыны туралы анықтама алады.

Анықтама алу үшін порталға тек ЖСН бойынша авторланып, SMS-пароль немесе ЭЦҚ көмегімен өз сұранымын растауға болады.

10. Көрсетілген алушыға мемлекеттік кепілдікті тағайындау және төлеуді жүзеге асыру фактісі туралы мәліметтерді алу

Қазақстан зейнетақы жүйесі инфляцияны ескере отырып зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді. Осы кепілдіктерді мемлекеттің орындау Қағидаларына сәйкес, қазақстандықтар нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, инфляция деңгейін ескере отырып міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары сомасының арасындағы айырмасының төлемін алу құқығын ала алады.

Бұл төлем бір жолғы және арнайы формулаларға сәйкес есептеледі.

Сізге кепілдік төлеу керектігін білу үшін көрсетілген сервисті пайдалануға болады.

Оң жауап болған жағдайда, өтініш беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ-ның жақын бөлімшесіне жүгіну қажет.

Егер азамат бұған дейін осы төлем үшін жүгінсе немесе төлемді алуға құқығы болмаса, онда осы сервис бұл туралы хабарлайды.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.