Айдар парағына өту

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 26.02.2020

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы үш бағыт бойынша іске асырылады. Осы мақалада сіз бағдарламаның барлық бағыттары бойынша түсіндірмелерді табасыз, қатысу үшін қайда жүгінуге болатыны және қандай құжаттар топтамасын ол үшін жинау қажет екені туралы білесіз. 

Бағдарлама туралы 

Нәтижелі жұмыспен қaмтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының мақсаты - халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.  

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының міндеттері:

  • Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.
  • Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу.
  • Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.
  • Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту.
  • Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
  • Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
  • Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру

Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

  • Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;
  • жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
  • халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

Бағдарламаның қатысушылары 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар және өзін өзі жұмыспен қамтушылар болып табылады. 

Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету

Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.