Айдар парағына өту

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу тәртібі Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 21.09.2022

Алғашқы медициналық көмек қобдишасы және азық-түлік салынған себет

Бүгін елімізде өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасыларының) әлеуметтік проблемаларды еңсеру және басқа адамдармен тең жағдайда қоғам өміріне етене араласу мүмкіндігін қалыптастыру үшін үйде қызме көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер) көрсетіледі.

Бұл қызметтер қызмет алушылардың жеке қажеттіліктеріне байланысты кешенді түрде ұсынылады.

Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін қалай алуға болады?

Сіздің назарыңызға үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу тәртібін ұсынамыз.

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды:

  • психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балалар;
  • тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек балалар;
  • он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектер;
  • бірінші және екінші топтардағы мүгедектер;
  • егде жасына байланысты өз бетінше қозғала алмайтын тұлғалар ресімдей алады.

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на немесе Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) құжаттардың тізбесін ұсыну қажет.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап он төрт жұмыс күнін құрайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жазбаша өтініш пен құжаттар қабылданғаннан кейін:

  • әлеуметтік қызметкер көрсетілетін қызметті берушінің тапсырмасы бойынша он жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды және айқындауды жүргізеді және тиісті қорытынды дайындайды;
  • көрсетілетін қызметті берушінің маманы бес жұмыс күні ішінде мүгедектің, қарт адамның тұрғылықты жеріне барады және тексеру жүргізген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін жасайды.

Көрсетілетін қызметті беруші арнаулы әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қорытындысын және тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешім қабылдайды, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешім шығарылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша бір жұмыс күні ішінде үйде қызмет көрсету ұйымына жолдама не кезекке қою туралы хабарлама дайындайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мерзімін көрсете отырып, еркін нысандағы құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып жауап жібереді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.