Айдар парағына өту

Борышкерлер тізілімі. Шетелге шығу алдында борыштарды қалай тексеруге болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 19.09.2023

турникет

Әлемдік тәжірибе, елден шығуға құқықтарды уақытша шектеу – айқын нәтижелерді әкелетін жеткілікті пәрменді шара екенін көрсетеді: атқару міндеттемелері бойынша қарыздар жиі жабылады. Әрине ұшаққа отырарда шетелге шығуға тыйым салынғанын білу ешкімді қуантпасы анық. Бірақ бұны болдырмауға да болады. Аталмыш мәселе билеттер, жолдамалар сатып алынып, қонақүйлерден орын алынған соң, шекара бақылауынан өткенде де тікелей кездесіп жатады. Шетелге шығуы шектелген адамдардың тізіміне қалай түспеу керек және егер сіз борышкерлер тізімінде болсаңыз не істеу керек.

Кімге және қандай себептер бойынша шетелге шығу шектелуі мүмкін?

Заңның 33-бабына сәйкес борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлғаның басшысы (оның міндетін атқарушы) атқарушылық құжаттағы 40 АЕК  астам сомаға талаптарды орындамаған кезде, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде сот орындаушысы көрсетілген адамдардың ҚР шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша осындай қаулы шығаруға міндетті.

Атқарушы құжаттарға мыналар жатады:

Елден тыс шығудан бас тартудың басты себебі атқару құжаттарын орындамау, борыш, қарыз болып табылады. Осылайша, егер сіздің мемлекет алдында салықтар, айыппұлдар немесе басқа адамдар алдында сотқа жүгінуге дейін апарған қарыздарыңыз болса, неғұрлым сақ болу қажет. Төлемеуші деп алименттерді немесе жолақы айыппұлдарын төлемеген, сонымен қатар қаланың коммуналдық қызметтеріне қарызы бар адам саналуы мүмкін. Тізімге 700 теңгеден бастап төленбеген шоттары бар және сот осы қарызды өндіру туралы қаулы шығарған адамдар енгізілуі мүмкін.

Шетелге шығу шектелген адамдардың тізіміне азамат сот орындаушысының қаулысы бойынша енгізілуі мүмкін. ҚР борышкердің шығуына уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы сотпен санкциялауға жатады. Сот санкциялағаннан кейін сіз қаулының көшірмесін аласыз, сондай-ақ оны ҚР ҰҚК шекара қызметі алады, ол сізді қарызыңыздың өтелуі базада расталғанға дейін шекарадан шығармайды.

Егер атқару құжаты сот актісі болып табылмаса және сот актісінің негізінде берілмесе (мысалы, атқарушы парақтар немесе хаттамалар), онда  өндіріп алушы немесе мемлекеттік сот орындаушысы борышкер үшін ҚР шығуды уақытша шектеу туралы ұсыныспен сотқа жүгінуге құқылы. Бірақ бұл жағдайда шешімді сіздің қатысуыңызсыз шығаруы мүмкін екенін ескерген жөн, сол себепті қарыз, айыппұлдар, баж алымдарын және коммуналдық төлемдер қызметтер үшін төлемді істі сотқа жеткізбестен уақытылы төлеген дұрыс.

Атқарушы өндірістер бойынша борышкерлердің тізіліміне сот орындаушысы атқарушы құжаттарды ерікті орындауға мерзім аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде борышкердің мәліметтерін жібереді.

Шетелге шығуға сізге тыйым салынғанын қалай білуге болады?

Шетелге шығуы шектелген борышкерлер тізілімінен қалай шығуға болады?

Шетелге шығуға тыйым салынған борышкерлердің тізіміне түсуден қандай жағдайларда қауіптенбеуге болады?

Борышкерлердің бірыңғай тізілімі

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.