Айдар парағына өту

Лицензиялық алым ставкалары Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 07.12.2023

Алым сомасы белгiленген мөлшерлемелер бойынша есептеледi және дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар - өздерінің орналасқан жері бойынша және жеке тұлғалар - тұрғылықты жерi бойынша тиiстi құжаттарды лицензиарға ұсынғанға дейiн бюджетке төленедi.  

Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алымның сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.

Бұл ретте төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша лицензия алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның тапсырмағанын растайтын, лицензиар берілген тұлға лицензия алу үшін құжаттарды алудың мүмкін еместігін растайтын, лицензиар берген құжатты ол тапсырғаннан кейін осы Кодекстің 102-108-баптарында белгіленген тәртіппен олардың төленген жері бойынша салық органы жүргізеді.

Лицензиялық алым банктің кез келген бөлімшесінде заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің тіркелу орны бойынша Салық комитетінің мекенжайына төленеді, СОК (салық органының кодын), БСК (бюджеттік сыныптама кодын) - 105402 көрсетумен және ТТК (төлем тағайындау кодын) - 911 (Есептелген (аударылған) және бюджетке өзге де міндеттемелерді) көрсету қажет.

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар бергені үшін алым) мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Лицензияланатын қызмет түрлері

Алым мөлшер-лемелері (АЕК)

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері: 

 

Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану

10

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу

10

Атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің өмірлік циклінің кезеңдерімен байланысты жұмыстарды орындау 

100

Ядролық материалдармен жұмыс істеу

50

Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу

10

Иондандырушы сәулені генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу

5

Атом энергиясын пайдалану саласында көрсетілетін қызметтерді ұсыну

5

Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу

50

Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондандырушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау

50

Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызмет

10

Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою 

10

Пестицидтерді өндіру формуляциялау, пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану

10

Жолаушыларды қалааралық облысаралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақсыз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау

3

Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет

6

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызмет 

20

Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) 

9

Жедел-iздестiру iс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және өткізу

20

Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөнінде қызметтер көрсету 

20

Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат құжатын) беру

0
 

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат құжатын) беру

0

Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу нысанасына техникалық зерттеу жүргізу

0

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамалары туралы нотификацияларды тіркеу

0

Монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу 

22

Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау

22

Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу 

22

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау

10

Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану

10

Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызмет

186

Байланыс саласында қызметтер көрсету

6

Білім беру қызметі

10

Теле-, радио арналарын тарату жөнiндегi қызмет

6

Медициналық қызмет

10

Фармацевтикалық қызмет

10

Адвокаттық қызмет

6

Нотариаттық қызмет

6

Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызмет

6

Аудиторлық қызмет

10

Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету 

50

Заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы 

6

Туроператорлық қызмет 

10

Ветеринария саласындағы қызмет

6

Сот-сараптама қызметі 

6

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру

10

Мыналар жүзеге асыратын банк операциялары*:

 

екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент – банктерінің филиалдары

800

банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

400

Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент – банктері филиалдарының бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру жөніндегі операциялары

800

Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент – банктерінің филиалдары жүзеге асыратын өзге де операциялар

800

Микроқаржылық қызмет 30

Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың операциялары

40

Өмірді сақтандыру саласындағы қызмет**

500

Жалпы сақтандыру саласындағы қызмет**

500

Ерекше қызмет түрі ретінде қайта сақтандыру жөніндегі қызмет

500

Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет

200

Сақтандыру брокерінің қызметі

300

Актуарийлік қызмет

10

Брокерлік қызмет

30

Дилерлік қызмет 

30

Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет 

30

Кастодиан қызметі

30

Трансфер-агенттік қызмет 

10

Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызмет

10

Қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клиринг қызметі

40

Іздестіру қызметі

10

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

10

Жобалау қызметі

10

Тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен ұйымдастыру жөніндегі қызмет

10

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау 

10

Этил спиртін өндіру

3 000

Сыра қайнату өнімінен басқа, алкоголь өнімін өндіру

3 000

Сыра қайнату өнімін өндіру

2 000

Алкоголь өнімін өндіру аумағында сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін

200

Алкоголь өнімін өндіру аумағында сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметін мыналарда жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін:

 

астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда

100

аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде

70

ауылдық елді мекендерде

30

Темекі бұйымдарын өндіру 

500

Тауарлардың экспорты мен импорты

10

Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты

10

Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету

10

Ойын бизнесі саласындағы қызмет: 

 

казино және ойын автоматтары залы үшін

3 845

тотализатор және букмекерлік кеңсе үшін

640

Тауар биржалары саласындағы қызмет: 

 

тауар биржасы үшін

10

Лицензияның телнұсқасын бергені үшін алым мөлшерлемелері: 

 

1.51. – 1.53., 1.55. – 1.59., 1.79. – 1.80.-тармақтарда көрсетілгендерді қоспағанда, барлық қызмет түрлеріне

осы кестенің 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 100 %-ы

1.51. – 1.53., 1.55. – 1.59.-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлеріне

осы кестенің 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 10 %-ы

1.79 – 1.80-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлеріне

1

Лицензияларды қайта ресімдегені үшін мөлшерлемелер:

 

тауарлардың экспорты мен импортына, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдеуді қоспағанда, барлық лицензия түрлері үшін

осы кестенің 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 10 %-ы

тауарлардың экспорты мен импортына, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдегені үшін

1

Дереккөзі: ҚР Салық кодексі

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.