Айдар парағына өту

«КазАгроФинанс» АҚ Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 20.09.2022

Сондай-ақ қараңыздар:

КазАгроФинанс эмблемасы«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Ауыл шаруашылығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 қарашадағы № 1777 қаулысына сәйкес 1999 жылы 28 желтоқсанда ауыл шаруашылығындағы басты мәселелердің бірі – техника паркін жаңарту мәселесін шешуде көмек көрсету мақсатында құрылған.
Қоғам «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің құрамына енеді. 

Өз кезегінде Холдингтің Жалғыз акционерінің функциясын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі атқарады. Қоғам өз қызметін Акционерлік қоғамдар туралы заңға және дүние жүзіндегі корпоративтік басқарудың ең үздік тәжірибесіне сәйкес жүзеге асырады. Қоғам Жалғыз акционердің мүддесінде қызмет атқарады, Жалғыз акционерге және Директорлар кеңесіне есеп беруге міндетті. 

Миссиясы. Сапалы және бәсекелі лизингтік қызметтер көрсету арқылы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жаңартуға жәрдемдесу. 

Пайымдауы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ – Қазақстанның лизинг нарығындағы инвестициялық тартымдылығы жоғары  ұлттық көшбасшы және агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарды жаңартудағы ең үздік серіктес.   

Қызмет түрлері

Қоғамның жарғылық мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің келесі түрлері жүзеге асырылады: 

  1. Агроөнеркәсіптік кешендегі лизингтік қызмет.
  2. Агроөнеркәсіптік кешендегі қаржылық және өзге қызметтерді несиелендіру және көрсету.

Қазақстанның барлық аймақтарында компанияның 16 филиалы бар. Компанияның еншілес кәсіпорындары жоқ.  

Байланыс деректері (Орталық аппарат)

Филиалдар

Компанияның өнімдері:

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.