Мемлекеттік қызметтер
және ақпарат онлайн
Бірыңғай байланыс орталығы
1414Қоңырау шалу тегін
Шетелден
+7 7172 701 998 ҚОҢЫРАУ ШАЛУ АҚЫЛЫ

Қазақстандағы неке келісімшарты: жасасу тәртібі және талаптары

Айдар парағына өту

marital_contract.jpgНеке шарты немесе неке келісімшарты – Қазақстанда соңғы кездері танымал бола бастаған, бұрын-соңды болмаған беймәлім құбылыс. Осы мақалада біз неке келісімшарты дегеніміз не, ол не үшін керек, оған қандай талаптарды жазуға болады, қайда, қандай құжаттармен жүгіну керек деген сауалдарға жауап береміз.

Неке келісімшарты дегеніміз не?

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 39-бабына сәйкес некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады. Бұдан басқа неке шартында некеде (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтары көзделуі мүмкін.

Басқаша айтқанда, неке шарты немесе неке келісімшарты некедегі ерлі-зайыптылардың және балалардың мүлікке құқығын бекітетін заңдастырылған уағдаластық болып табылады.

Неке шарты ерікті шешім, оны жасасуға немесе жасаудан бас тартуға ешкім міндеттемейді. Неке келісімшарты ажырасудың себебі болуы мүмкін деген жалған сенімнен бас тартқан жөн, әлемдік тәжірибе неке шартын жасасу көп жағдайда некенің бұзылуын болдырмайтынын дәлелдейді.

Неке шартын қашан жасасуға болады?

Кодекстің 40-бабына сәйкес неке шартын некені тіркеуге өтініш берген күннен бастап, некені тіркеу рәсіміне дейін, сондай-ақ неке кезеңінің кез келген уақытында жасасуға болады. Бұл неке шартын сіздің өзіңізге қолайлы кез келген уақытта жасай алатыныңызды білдіреді. Егер некені тіркегенге дейін неке шартын жасасаңыз, онда шарт некені тіркеу рәсімінен кейін ғана күшіне енетінін ескерген жөн.

Неке  шартында нені көрсетуге болады?

Неке шартын жасасу үшін қайда жүгіну керек және не қажет?

Неке шарты қандай жағдайларда күшін жояды?

 

Cоңғы өзгеріс: 01.03.2018

URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.