Айдар парағына өту

Қазақстандағы келісімшарт бойынша әскери қызмет Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 02.12.2020

Келісімшарт бойынша әскери қызмет – бұл мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ғана емес, кәсіби өсу келешегін беретін, әскери қызметкердің өзінің, оның отбасының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін абыройлы жұмыс. Біздің мақаламыз келісімшарт бойынша әскери қызметкерлер қатарына қосылғысы келетін азаматтар үшін ғана емес, сонымен қатар келісімшарттық қызмет деген не және оның қандай мүмкіндіктері бар екендігі туралы мәселе толғандыратындар үшін де пайдалы болады  

Сіз келісімшарт бойынша әскери қызметкерлер қатарына кіруге бел будыңыз ба  

Келісімшарт бойынша әскери қызмет ерікті негізге негізделеді. Әскери қызметке келісімшарт бойынша кіруге тілек білдірген әскери қызметкер ҚР азаматы болуы тиіс.  

Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға жауап беруі керек:

  • Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;
  • жеке басының тиісті  моральдық және кәсіби қасиеттеріне, білім деңгейіне ие болу, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды болу;
  • курсанттарды, кадеттерді қоспағанда, он сегіз жастан кіші болмауға және әскери қызметте болудың шекті жасына толуға:

келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш кіретіндер немесе сарбаздар (матростар) құрамының және кіші сержанттық құрамның лауазымдарына тағайындалу үшін – он бес жас;

кіші офицерлік және аға сержанттық құрамдардың лауазымдарына тағайындалу үшін – он жас;

аға офицерлік немесе жоғары сержанттық құрамның лауазымдарына – бес жас қалғанға дейін;

  • әйелдерді қоспағанда, мерзімді әскери қызметті өткеруге не әскери кафедрада оқудан немесе әскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өтеулі негізде өтуге тиіс.

Біздің елдегі келісімшарт қызметіне жоғары білімі бар запастағы офицерлер, әскери оқу орындарының курсанттары және тыңдаушыларын алады.  Мерзімді әскери қызметті өткерген және орта кәсіби білімі бар азаматтар сержанттар (старшиналар),сарбаздар (матростар), құрамдарының лауазымдарына келісімшарт жасаса алады.   

Қазіргі кезде келісімшартшылардың шамамен 10% әйелдер қауымы құрайды. Әйелдерді операторлар, байланысшылар, дәрігерлер, қаржыгерлер лауазымына және басқа да мамандықтар  өкілдеріне қабылдайды  

Келісімшарттық қызметке қабылдау үшін сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша әскери басқармалардың жергілікті органдарына (әскери комиссариаттарға) жүгіну қажет.

Келісімшарттық қызметке қабылдау рәсімі келесі кезеңдерден тұрады:

  • түсуге қажетті құжаттарды жинау және қабылдау;
  • медициналық куәландырудан өту;
  • дене дайындығы деңгейінің сәйкестігін анықтау;
  • кәсіби дайындық деңгейін анықтау;
  • психологиялық жарамдылыққа тексеруден өту;

Келісімшарттық қызметке кіру үшін қажетті құжаттар тізімі.

  1. Өтініш, онда:
  • азаматтың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы және жылы, тұрғылықты жері;
  • азаматпен келісімшарт жасауға тілек білдірген уәкілетті органның, әскери бөлімнің (мемлекеттік мекеменің) атауы;
  • келісімшартты жасау болжанған мерзім көрсетіледі
  1. Сауалнамалық мәліметтер;
  2. Өз қолымен жазылған өмірбаян;
  3. Жеке басын және азаматтығын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
  4. Білім туралы құжаттардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылғандары);
  5. Бар болса еңбек кітапшасының көшірмесі;
  6. Сотты болмағандығы туралы анықтама;
  7. Табыстар туралы декларацияны салық органының қабылдауы туралы анықтама;
  8. Соңғы қызмет орнынан сипаттама (жұмыс немесе оқу).

Кандидаттарды медициналық тексеру

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органының тұрақты медициналық комиссиясы өткізеді.

Іріктеу комиссиясы үміткердің білімінің қаралып отырған әскери лауазымның әскери-есепке алу мамандығына сәйкестігін тексереді.

Кәсіптік және психологиялық іріктеу жөніндегі шараларды тиісті комиссия жүрігзеді. Бұл ретте  интеллектуалдық даму деңгейі, әскери қызметті өткеруге психологиялық жарамдылығы, тексерілетін үміткерлердің әскери қызметке қажет кәсіби және жеке қасиеттері бағаланады.

Психологиялық іріктеу нәтижелері бойынша келісімшарттық әскери қызметке үміткердің жарамдылығы туралы келесі қорытындылардың бірі шығарылады:

  • «ұсынылады»;
  •  «ұсынылмайды».

Үміткер «шартты түрде ұсынылады» қорытындысын алған жағдайда оған психологиялық іріктеуден қайта өту мүмкіндігі ұсынылады..

Егер сіз қазіргі кезде шақыру бойынша қызмет етіп жатсаңыз және келісімшарт бойынша әскери қызметке түсуді қаласаңыз әскери бөлімнің командиріне рапорт беруіңіз тиіс.

Әскери бөлімнің командирі рапортты қарайды және 10 жұмыс күні ішінде ол бойынша шешім қабылдайды.

Әскери бөлімнің командирі рапортты қарап келесі нұсқауларды береді:

  • үміткерді медициналық куәландырудан өткізу туралы;
  • кәсіби және психологиялық іріктеу бойынша іс-шараларды өткізу туралы;
  • тәртіп бойынша арнайы тексеруден өткізу туралы;
  • психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді өткізу туралы;
  • үміткердің білім деңгейінің кәсіби және дене дайындығының сәйкестігін тексеру туралы;
  • әскери қызметкердің үміткерлігін әскери бөлімнің аттестаттау комиссиясының қарауы туралы;

Талаптарға сәйкестігі туралы шешімді әскери бөлімнің командирі қабылдайды және оның тікелей бастығы бекітеді.

Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке:

  • сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулi деп таныған;
  • әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес әскери қызметміндеттерін орындауға кедергі келтiретін ауруы бар;
  • сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;
  • әскери қызметшінің әскери қызметте болуына байланысты заңдарда белгіленген шектеулерді және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;
  • заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;
  • қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
  • әскери қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
  • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
  • тізбесін уәкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдар үшін психологиялық-физиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден не медициналық куәландырудан өтпеген;
  • қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шыққан немесе қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
  • мемлекеттік немесе әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан терiс уәждер бойынша шығарылған;
  • арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі туралы не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) туралы немесе жұбайы (зайыбы) және оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;
  • уәкілетті органның басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған;
  • қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған;
  • өзіне қатысты қылмыстық топ құрамындағы қылмыс туралы қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан адам қабылданбайды.

Əскери қызметке кіретін адамға қатысты арнайы тексеру жүргізiледi.  
Әскери қызметке кіретін адамға бас тарту үшін негіздері  сондай-ақ:

  • Мәліметтерді бұрмалау;
  • Үміткердің әскери-есептік мамандығы бойынша бос лауазымдардың болмауы;
  • Психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулердің теріс нәтижелері болуы мүмкін;

Сізді келісімшарттық қызметке қабылдады ма – келісімшарт жасаңыз!

Мемлекеттің келісімшарт бойынша әскери қызметшілер алдындағы міндеттемелері

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.