Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелу бойынша нұсқаулық Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 23.04.2024

Мобильді азаматтар базасы – бұл бір реттік құпия сөзді қолдану арқылы мемлекеттік қызметтер алу, қызметтерге қол қою немесе авторизациялау кезінде SMS парольдерін жіберу үшін қажет пайдаланушылардың ұялы телефондарының бірыңғай базасы. Сонымен қатар, өз нөмірлерін МАБ-да тіркеу арқылы азаматтар проактивті және композиттік мемлекеттік қызметтерді ала алады. 

Мобильді азаматтар базасында бірнеше тәсілдермен тіркелуге болады.

Бірінші тәсіл. Мобильді азаматтар базасында eGov.kz порталы арқылы

1) egovkz порталына ЭЦҚ көмегімен кіріңіз.

2) Басты бетте «Жеке кабинет» батырмасын тауып, басыңыз.

 

3) Телефон нөмірін және кодтық сөзді теріңіз, содан кейін «Сақтау» батырмасын басыңыз.

 

4) Сіздің ұялы телефон нөміріңзге 1414 нөмірінен автоматты түрде тексеру SMS-коды келіп түседі (баланс оң болған жағдайда).

 

5) Тексеру кодын теріңіз және «Растау» батырмасын басыңыз.

 

6) ЭЦҚ көмегімен өз іс-әрекетіңізді растаңыз, қол қою үшін RSA……… кеңейтуі бар сертификатты таңдаңыз.

 

2 тәсіл«еGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы «электрондық үкіметтің» порталында тіркелу

«еGov mobile» мобильді қосымшасында жаңа пайдаланушыны тіркеу жеңілдетілді.

Биометриялық сәйкестендіруден өтіп, Сіз бірден мыналарды аласыз:

  • ЭЦҚ;
  • мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелу;
  • «электрондық үкіметтің» порталында (egov.kz) тіркелу.

Ол үшін:

  1. Авторизация бетінде «Тіркелу» батырмасын басу қажет;
  2. «Digital id» беті ашылады. Телефон нөмірін, SMS-тен тексеру кодын енгізу, кейін «Digital id»-де тіркелу қажет;
  3. Бейне сәйкестендіруден өтіп, «еGOV mobile»-ға жеке куәлігіңіздегі деректер мен телефон нөміріне кіруге рұқсат беріңіз.
  4. Сіз сәтті расталғаныңыздан кейін тексеру сұрақтарына жауап беріп, оларды енгізуге тиістісіз: жеке куәлігіңіздің нөмірі мен туған күніңізді, кейіннен «Жалғастыру»  батырмасын басыңыз.
  5.  «ЭЦҚ шығару» беті ашылады, электрондық поштаңыздың адресін толтырасыз және ЭЦҚ үшін парольді енгізесіз (бұл пароль ЭҮП-да ЖК-ға да пароль болады, егер бұрын ЖК-да тіркелмесеңіз), одан әрі «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
  6. Жаңа бетте «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
  7. Сәтті тіркелгеннен кейін қосымшаға жылдам кіру кодын орнатыңыз және Face id/touch id байланыстырыңыз.

    

    

    

3 тәсіл. Виртуалды ассистент арқылы БМГ-да пайдаланушыларды тіркеу

  1. Egov Mobile мобильді қосымшасының басты бетінде авторизация/тіркеу рәсімінен өтпей, "Профиль" қойындысына (төменгі оң жақ бұрышында) өтіңіз, содан кейін "виртуалды ассистент" қойындысы бойынша өту керек. Беттің төменгі жағындағы "қоңыраулар" белгішесін, содан кейін "бейне қоңырау" түймесін басыңыз.
  2. Қалқымалы терезеде пайдаланушы ЖСН нөмерін көрсетеді, дербес деректерді өңдеуге келісім береді, ары қарай қоңырауға өту қажет.
  3. Бейнеқоңырауды қабылдағаннан кейін кеңесшіге жеке куәлігін көрсету, ұялы телефон нөмірін және бір реттік парольді айтуы қажет.
  4. Виртуалды ассистент жұмыс кестесі Дүйсенбі-Жұма 09:00 дан 19:00-ге дейін, Сенбі- 09:00 дан 15:00- ке дейін, Жексенбі- демалыс күні.

мгов мобайл

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.