Айдар парағына өту

Баланың шетелге тұрақты тұруға кетуі Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 19.09.2023

 бала және кемеБаланы басқа қалаға жіберуге бел будыңыз, бірақ өкінішке орай сізді де жұбайыңызды да жұмыстан жібермейді. Бұл жағдайда не істеу керек? Баланы жалғыз өзін немесе алып жүретін басқа адамдармен басқа қалаға немесе шетелге жіберуге бола ма және қандай көлікпен: ұшақ, автобус немесе поезд екендігінің қандай ерекшелігі бар екені туралы біліңіз.

ҚР ішінде жол жүру

Егер баланы ұшақта жіберсеңіз

Жолаушыларды, багажды және жүкті ауа көлігінде тасымалдау ережелеріне сәйкес балалар ұшақта алып жүрумен, сондай-ақ ересек жолаушыларсыз да ұша алады. Алып жүретін адам баланың ата-анасы немесе заңды қамқоршысы болмаса нотариуста расталған сенімхатты рәсімдеу қажет. Ішкі әуе жолдарында балалар 6 жастан 16 жасқа дейін ата-аналарсыз  және ешкімге сеніп тапсырылмастан жіберіле алады. Ешкім алып жүрмейтін балаларды әуе компаниясы тасымалдауға тек ата-анасының (асырап алушылардың, қамқоршылардың) жазбаша өтінішінен кейін ғана қабылдай алады. Өтініште баланың ата-анасы баланы ешкімнің алып жүруінсіз жіберу айғағын растайды, сондай-ақ шет елдің атауы мен шығу мерзімі. 6 жасқа дейінгі балаларды тек кәмелетке толған жолаушылар ғана алып жүре алады.

Егер баланы поездбен жіберсеңіз

Кәмелетке толмаган балалардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақ темір жолы құрастырған жолаушылар пойыздарымен жол журу тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген «Жолаушыларды, багажды, жүк - багажды және почта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларымен» (бұдан әрі - қағида) айкындалады.

Қағиданың 267, 268-тармақтарына сәйкес ата-ана, бала асырап алушы, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиеші немесе Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы заңнамасына сәйкес баланың құқықтары мен мүдделеріне қамқорлық жасауды және қорғауды жүзеге асыратын басқа да алмастырушы тұлға болып табылатын жолаушы тиісті құжаттары болған кезде:

  1. егер ол жеке орын алмаса, 7 (жеті) жастан аспаған бір баланы өзімен бірге тегін алып жүре алады. 7 (жеті) жастан аспаған бала жеке орын алу үшін жеңілдікпен жол жүру құжатын (билетін) сатып алу қажет.  Жолаушымен бірге 7 (жеті) жастан аспаған бірнеше бала жол жүрген кезде бір баладан басқа балаларға жеңілдікпен жол жүру құжаттары (билет) сатып алынады;

  2. жеңілдік белгіленген жол жүру құжаты (билет) бойынша 7 (жеті) жастан 15 (он бес) жасқa дейінгі балаларды өзімен бірге алып жүруге міндетті.

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 7 (жеті) жастан 15 (он бес) жасқа дейінгі балалардың жол жүру ақысы ересек жолаушы үшін белгіленген жол жүру құнының 50% (елу) мөлшерінде болады.

15 (он бес) жастан асқан балалар үшін ересектерге арналған жол жүру құжаттары (билет) сатып алынады. Баланың жасы сапар басталған күні анықталады.

Билет кассасына және пойызға отырғызу кезінде баланың жасын растайтын құжат ұсынылады.

Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылмайтын жолаушы пойызға отыру кезінде баланың заңды өкілінің атынан жазылған сапарда кәмелетке толмаған баланы алып жүруге құқық беретін нотариалды куәландырылған құжатты (сенімхатты) көрсетеді.

Жолаушылар пойызына отырғызу кезінде немесе жол жүру барысында баланың заңды өкілі жеке өзі болған жағдайда кәмелетке толмаған баланы бірге алып жүруге құқық беретін баланың заңды өкілінің (сенімхаттың) атынан жазылған нотариалды куәландырылған құжат талап етілмейді.

15 (он бес) жастан асқан балаларға нотариалды куәландырылған сенімхат түрінде рәсімделген заңды өкілінің жазбаша келісімімен ересек адамның еріп жүруінсіз жол жүруге рұқсат етіледі.

Баланың шетелге шығуы

Егер екінші ата-ана басқа елде тұрса, баланың шығуына оның келісімі керек пе?

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.