№ |
Атауы |
Сипаттамасы |
Марапаттауға үміткерлер |
ҚР ордендері |
1 |
«Алтын Қыран» жоғары дәрежелік ерекшелік белгісі |
1995 жылы жасалған. Белгі 585 және 750 сынамалы ақ, қызыл және сары түсті орден негізімен жалғастыру буыны бар алтын қорытындысынан орындалған аспаны құрайды, келесі бетінде күрделі құлыпты түйреуіш түріндегі бекіткіш бар. Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі болып табылады. |
Ерекше мемлекеттік еңбектері ұшін ҚР немесе КСР Одағының ордендерінің бірімен бұрын марапатталған азаматтарға беріледі. |
2 |
«Халық қаһарманы»
|
1993 жылы жасалған. Айрықша дәрежелі ерекшелік белгісі. Айрықша дәрежелік ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз және «Отан» ордені беріледі. Тегіс екіқырлы нұрлары бар жетіұшты жұлдызды құрайды. Нұрларының арасында негізде жеті түссіз фианиттер қойылған. Жұлдыз жалғастыру буынының көмегімен ордендік негізге тағылған. Жоғары дәрежелік ерекшелік белгісі болып табылады. |
Бостандық және тәуелсіздік құрметіне жауынгерлік ерліктер, ҚР алдында берілетін қызметтері үшін беріледі. |
3 |
«Қазақстанның Еңбек
Epi
|
Ерекше дәрежелік белгі — Алтын жұлдыз және «Отан» ордені беріледі. Орден негізіне жалғастыру буынымен бекітілген аспаны құрайды. Аспа жеті нұрлы көлемді жұлдыз түріндегі алтын қорытпасынан орындалған. Жоғары дәрежелік ерекшелік белгісі болып табылады. |
ҚР экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы асқан жетістіктері үшін беріледі. |
4 |
«Отан» |
1993 жылы құрылған.
Негіз және аспадан тұрады. Аспаның ортасында елтаңба, елтаңбаның екі жағынан бидайдың суреті орналасқан, ал елтаңба астында «Отан» жазуы бар. Жоғары дәрежелік ерекшелік белгісі.
|
Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі, әлеуметтік саланы, ғылым және мәдениетті дамытудағы, мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметтегі, демократия және әлеуметтік алға басуды дамытудағы ерекше қызметтері үшін азаматтар марапатталады.
|
5 |
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» |
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне 2001 жылы 1 қаңтардағы Конституциялық заң негізінде жасалған. Орден жұлдызы алтын он алты ұшты алтықырлы жұлдызды құрайды, онда жұлдыздың басқасынан қысқа 8 нұрымен кезектеседі. Ортасында Нұрсұлтан Назарбаевтың алтын профилімен көк эмальді медальон бар. Орталық медальон ақ түсті оқамен қоршалған. |
ҚР қалыптасу, гүлдену және даңқты болуына жағдай жасайтын мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі ерекше еңбегі үшін марапатталады. ҚР ерекше еңбегі үшін шетелдік мемлекеттердің үкіметтерінің басшылары және жетекшілері марапатталуы мүмкін.
|
6 |
«Барыс»
|
1999 жылы жасалған. 3 деңгейден тұрады:
І дәрежелі «Барыс» I – иық лентасындағы белгіден және жұлдыздан тұрады;
ІІ дәрежелі «Барыс» – кеуде қалыбындағы белгіден тұрады;
ІІІ дәрежелі «Барыс» – мойынға тағылатын лентадағы белгіден тұрады.
|
- ҚР мемлекеттілігін және егемендігін нығайту ісіндегі;
- Қазақстан халқының бірлігі мен қоғам консолидациясы, бейбітшілікті қамтамасыз етудегі;
- мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі;
- халықтар арасындағы әріптестікті нығайту, ұлттық мәдениеттерді өзара байыту және мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды жақындатудағы ерекше еңбегі үшін беріледі. |
7 |
«Даңк» |
1993 жылы жасалған. Иық лентасындағы орден белгісі және жұлдыздан тұрады. «Даңк» ордені 2 дәрежеден тұрады:
- І дәрежелі «Даңқ»;
- ІІ дәрежелі «Даңқ».
Бірінші дәрежелі орден белгісі күміс сегізқырлы көпнұрлы бедерлі жұлдызды құрайды оған өлшемі кіші, бірақ қырлы нұрлары бар дәл осындай жұлдыз салынған. Жұлдызға екі айқасқан қылыш және дөңгелек алтын қалқанды найза салынған.
Екінші дәрежелі орден бірінші дәрежелі белгіні қайталайды, бірақ өлшемі кіші.
|
ҚК жоғары офицерлік құрамына, басқа әскерлерге және әскери құрылымдарға, сондай-ақ арнайы мемлекеттік органдарға, прокуратура , ұлттық қауіпсіздік, ҚР ішкі істер органдарындағы адамдарға:
- басшылық ісіндегі жетістіктер және әскерді басқару, әскерлердің жоғары дайындығы және елдің қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету;
- әскери, шекаралық және ішкі қызметті жақсы ұйымдастырғаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті қорғау және заңдылықты нығайту үшін қосқан еңбегіне беріледі. |
8 |
«Айбын»
|
1995 жылы жасалған. Орден күмістен жасалады, нысаны жұлдыз негізіндегі сегізқырлы жұлдыз, жұлдыздардың қарама-қарсы ұштары арасындағы қашықтық - 45 мм. Орденнің ортасында қару белгісі бар қалқан орналасқан. Төменгі жағында шие түсті фонда орденнің атауы көрсетілген. Үш дәрежеден тұрады:
- І дәрежелі «Айбын»;
- ІІ дәрежелі «Айбын»;
- ІІІ дәрежелі «Айбын». І және ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен кіші және аға офицерлік құрамдардың тұлғалары марапатталады.
ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен солдаттар, матростар, сержанттар, старшиналар марапатталады.
|
-заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі, жаңа әскери техниканы игерудегі және әскерлердің жоғары әскери дайындығын қолдаудағы, әскери дайындықта қол жеткізген жетістіктері үшін;
- әскери және қызметтік парызды орындауда көрінген жанкештілік және қаһармандық, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қорғаудағы жасалған ерліктері үшін ӘҚ әскери қызметкерлері, басқа әскерлер және арнайы мемлекеттік органдардың, прокуратура органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдары, ҚР ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталады. |
9 |
«Парасат» |
1993 жылы жасалған. Орден белгісі алтын жалатылған күмістен тұтас мөрлеу әдісімен дайындалған. Белгі сегіз қырлы жұлдызды құрайды, ұштары үш екі қырлы нұрлардан түзілген, олардың ортаңғысы шеткіден сәл үлкен; жұлдыздың ұштары арасында кішігірім екіқырлы нұр бар. Орталық медальон геометриялық өрнек түрінде: ортасында тікбұрышты ромб, ұшынан екеуден екіқырлы сәуле таралады; ромб бұрыштарынан, үшбұрышты екіқырлы денелерден тұрады.
|
ғылым және мәдениет қызметкерлері, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, сондай-ақ адам құқықтарын және оның әлеуметтік мүдделерін қорғау бойынша белсенді қызмет үшін немесе Республиканың рухани және зияткерлік әлеуетін дамытуға үлкен жеке үлес қосқан азаматтар марапатталады. «Достық» орденімен қоғамдағы өзара келісімді сақтау бойынша жемісті жұмыс үшін, халықтар арасындағы достық және әріптестік, бейбітшілікті нығайтудағы еңбектері үшін марапатталады. |
10 |
«Құрмет» |
1993 жылы жасалған.
Орден белгісі күмістен дайындалады және алтын жалатылған бесқырлы жұлдыздан тұрады, оның ұштары жасыл түсті эмальмен жабылған және қазақ оюының элементтерімен аяқталады. Нұрларының ашылған нұрлар түріндегі күміс штралдар бар. Белгінің ортасында алтын күннің суреті бар көк эмальды дөңгелек медальон бар. Медальонда «ҚҰРМЕТ» жазуы бар қызыл эмалды лента
|
Мемлекеттік органдардағы үлгілі қызмет және белсенді қоғамдық қызметтегі үлгілі қызмет үшін экономика, әлеуметтік сала, ғылым және мәдениетті дамытудағы еңбектері үшін азаматтар марапатталады. |
Медали РК |
1 |
«Ерлігі үшін»
|
1993 жылы жасалған. Негізден және аспадан тұрады. Аспада «Ерлігі үшін» жазбасы бар. |
Адам өмірін құтқарумен байланысты экстремалды жағдайларда (суда, өртте, табиғи апатта); қылмыскерлікпен күресте көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін азаматтар марапатталады. |
2 |
«Жауынгерлік ерлігі үшін»"
|
1995 жылы жасалған. Медаль диаметрі 34 мм шеңбер нысанға ие. Шеңбердің ортасында сегізқырлы жұлдыз орналасқан, жұлдыздың ішінде қалқан онда қарудың белгісі орналасқан. Медальдің атауы шеңбер бойынша жазылған, әріптер өлшемі - 3,5х3 мм.
|
ҚК, басқа әскерлердің және ҚР әскери құрылымдарының әскери қызметкерлері, сондай-ақ арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, прокуратура органдары, ҚР ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарының қызметкерлері марапатталады |
3 |
«Ерен еңбегі үшін» (орден За трудовое отличие)
|
1993 жылы құрылған.
Шеңбер негізден және аспадан тұрады. Аспада «Ерен еңбегі үшін» жазуы бар және астыңғы жағынан бидай суреті салынған.
|
Әскери бөлімнің, бөлімшенің әскеридай міндеттерді ойдағыдай орындауына жағдай жасайтын сондай-ақ қылмыскерлікпен күрестегі шебер, бастамашыл және батыл әрекеттері үшін марапатталады;
- мемлекеттік шекараны қорғауда көрінген ерлігі үшін;
- қызметті атқару кезіндегі еңбегі үшін. |
4 |
«Шапағат»
|
1995 жылы құрылған. Негізден және дөңгелек нысанды аспадан тұрады. Аспада күн және қарлығаш бейнеленген. Суреттің үстіңгі жағында «Шапағат» жазуы бар. |
белсенді және жемісті қызмет және қайырымдылық үшін азаматтар марапатталады. |
ҚР Құрмет атақтары |
1 |
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»
|
Дөңгелек нысанды аспадан және аспадан тұрады. Аспада күн және қыран бейнеленген, шеңбердің ішінде «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деп жазылған
|
республика алдындағы үлкен еңбектері үшін көрнекті мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс және әлеуметтік саланың өкілдері марапатталады |
2 |
«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» |
1993 жылы жасалған. |
әуеде ұшудың берілген бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асырған, алдына қойылған ғылыми-техникалық, зерттеу және практикалық міндеттерді ойдағыдай жүзеге асырған азаматтарға тағайындалады. |
3 |
«Алтын алқа» |
«Алтын алқа» алқасы 1993 жылы жасалған.
|
жеті және одан да көп балаларды туған және тәрбиелеген аналар марапатталады. |
4 |
«Күміс алқа» |
«Kүміc алқа» алқасы 1993 жылы жасалған. |
Алты және одан да артық балаларды туған және тәрбиелеген аналар марапатталады. |