Айдар парағына өту

Мемлекет қатысатын кредиттік бюродан кредиттік және/немесе сақтандыру есептерін алу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 25.11.2022

ҚР «ҚР кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Заңының 6-бабына сәйкес «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ  акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі жалғыз мамандандырылған коммерциялық емес ұйым мемлекет қатысатын кредиттік бюро болып табылады.
ҚР «ҚР кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Заңының 7-бабына сәйкес «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ қызметінің негізгі түрлерінің бірі «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ кредиттік тарихтың деректер базасымен және бірыңғай сақтандыру деректер базасымен жұмыс істейтін кредиттік және сақтандыру есептерін беру болып табылады.

ҚР кез-келген азаматы және/немесе заңды тұлға https://id.mkb.kz/ сілтеме бойынша өтіп немесе пайдалы сілтемелерді пайдалана отырып, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ сайтында өзі туралы кредиттік және/немесе сақтандыру есебін ала алады

«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ сайтының «Кредиттеу тарихы» бөлімінде https://id.mkb.kz/ сілтеме бойынша дербес кредиттік есепті (жеке тұлғалар үшін) және корпоративтік кредиттік есепті (заңды тұлғалар үшін) алуға болады.

«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ сайтындағы «Сақтандыру тарихы» бөлімінде https://id.mkb.kz/ сілтеме бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру сыйлықақысын есептеуге әсер ететін өзінің «бонус-малус» сыныбын, сондай-ақ сақтандыру тарихы және сақтандыру жағдайлары туралы (субъект сақтандырылған сақтандыру компаниясы туралы ақпаратты қоса алғанда) ақпаратты қамтитын сақтандыру есебін тексеруге болады..

Субъектілер – жеке тұлғалар үшін кредиттік және сақтандыру есептері бойынша «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ https://id.mkb.kz/ сайтында түсірілетін ақпарат тегін негізде ұсынылады.

Заңды тұлғалар үшін корпоративтік кредиттік есеп күнтізбелік жыл ішінде бір рет тегін негізде қолжетімді болады, қайталама және кейінгі сұрау салулар кезінде 400,00 (төрт жүз) теңге (ҚҚС-ты есепке ала отырып) мөлшерінде төлем алынады.

Өзіңіздің хабардар болу деңгейіңізді арттыру және алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында өзіңіздің кредиттік/сақтандыру тарихыңыз туралы ақпаратты мерзімді түрде тексеріп тұруыңызды сұраймыз.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.