Айдар парағына өту

Шетел мемлекеттерінің әскери оқу орындарына түсу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 05.08.2022

Әскери қызыметкерлер-курсанттарды шетел мемлекеттердің әскери оқу орындарына түсіру туралы ақпарат

Іріктеуді ұйымдастыру

Әскери қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ӘОО-ларда оқуға іріктеуді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университеті әскери кадрларды даярлау саласындағы халықаралық келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ЖОО-ларда оқуға іріктеу одан әрі оқуды шетелдік ЖОО-ларда оқу мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары әскери оқу орындарының (бұдан әрі – ҚР ҚМ ӘОО) бірінші курсына оқуға түскен әскери қызметшілер қатарынан іріктелетін жылдың 15 тамызына дейін ҚР ҚМ ЖОО бастығының атына берілген баянат негізінде жүзеге асырылады.

 Азаматтардың ҚР ҚМ ЖОО-ларына одан әрі шетелдік ЖОО-ларда оқу мақсатында оқуға түсуі "Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.  Медициналық, музыкалық мамандықтарға және аударма ісіне оқуға түсу үшін ҰБТ бейіндік пәні: медициналық мамандықтар үшін биология, химия, музыкалық мамандықтар үшін шығармашылық емтихан, аударма ісі үшін шет тілі болып айқындалсын.

Шетелдік ЖОО-ларға іріктеу жүзеге асырылатын тізім, сондай-ақ қойылатын талаптар, іріктеу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат іріктеу жылының 1 мамырына дейін жергілікті әскери басқару органдарында орналастырылады.

Баянатта кандидаттың әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде), туған жылы мен айы, оқуға түскісі келетін шетелдік ЖОО-ның атауы және мамандығы көрсетіледі.

 Баянатқа өмірбаян (өз қолымен жазылған),
3 фотосурет (бас киімсіз, өлшемі 4,5 х 6 сантиметр) қоса беріледі.

Іріктеу кезеңінен өту нәтижесімен келіспеген әскери қызметші бір жұмыс күнінің ішінде комиссияның төрағасына жазбаша өтініш (еркін түрде) береді.

Комиссияның хаттамасымен ресімделген өтініштің мәнісі бойынша шешімі өтініш келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде шығарылады.

Комиссияның оқуға іріктеу немесе одан бас тарту туралы шешімі әскери қызметшілердің сауалнамалық деректерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесіне ұсынылады.

Әскери қызметшілер, оларға қатысты бөлігінде комиссияның шешімдерімен жазбаша танысады.

Іріктеу тәртібі 

Кәсіби іріктеу және шетелдік ЖОО-лар талаптарына жауап беретін жоғары әскери білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ЖОО-ларға әскери қызметшілерді іріктеу үш кезеңде жүзеге асырылады:

1) бірінші кезеңде – осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген келіп түскен құжаттар негізінде әскери қызметшілердің тізімдері қалыптастырылады; 

2) екінші кезеңде – оқыту тілі бойынша тестілеу, онда әскери қызметші шетелдік білім беру ұйымында оқытылатын болады. Оқыту тілі бойынша тестілеу іріктелетін оқыту тілін меңгеру деңгейін айқындау үшін өткізіледі. Тестілеу сұрақтары негізгі орта білім беру бағдарламаларын ескере отырып құрастырылады және 30 сұрақтан тұрады, 1 сұрақ 1 балға теңестіріледі. Шекті деңгей 10 балды құрайды.

 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының мамандықтарына іріктелетін әскери қызметшілерге  психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізіледі.

3) үшінші кезеңде – конкурстық іріктеу жүзеге асырылады.  Конкурстық іріктеу ең жоғарыдан ең төменгі рейтингілік балға дейін іріктелетін рейтингісін жасауды қамтиды және оны іріктеу комиссиясы жүргізеді.

Зерттеу нәтижесі бойынша ұсынылмайтын іріктелетін әскери қызметшілер кезеңнен өтпеген болып саналады.

Рейтинг оқыту тілі бойынша тестілеу нәтижесін және ҰБТ нәтижесін қосу арқылы қалыптастырылады.

 Оқуға бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін рейтингіде тұрған, іріктеудің екінші кезеңінің шекті деңгейінен өткен әскери қызметшілер жіберіледі.

Іріктеудің әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге рұқсат етіледі.  Алдыңғы кезеңнен өтпеген әскери қызметші келесі кезеңге жіберілмейді.

Шетелдік ӘОО денсаулық жағдайына анағұрлым жоғары медициналық талаптар қойған жағдайларда әскери қызметшілер іріктеу жылының 25 тамызына дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы  жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) сәйкес кезектен тыс стационарлық (амбулаторлық) медициналық куәландыруға жіберіледі.

Егер шетелдік ЖОО-ға қабылдау шарттары осы Қағидаларда көрсетілген қабылдау шарттарынан өзгеше болған жағдайда, іріктеу Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері мен келісімшарттары, сондай-ақ оқуға шақырулар негізінде жүргізіледі.

Қабылдаушы тарап іріктеуден өткен оқуға түсушімен қабылдаушы тараптың талаптарына сәйкестігіне әңгімелесу және/немесе емтихан өткізеді.  Оқуға түсуде әңгімелесу және/немесе емтиханның нәтижелері шешуші болып табылады.

Іріктелген әскери қызметшілерді шетелдік ЖОО-ларға жіберу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен жүзеге асырылады.

ҚР ҚМ ЖОО-ның кадр органы шетелдік ЖОО-да оқу үшін іріктелген әскери қызметшімен ҚР ҚМ ЖОО-ға оқуға түсу кезінде жасасылған әскери қызмет өткеру туралы келісімшартқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына сілтеме жасаумен одан әрі шетелдік ЖОО-ға оқуға жіберілгені туралы жазба жасайды.  Енгізілген жазба іріктелген әскери қызметшіге қолтаңбасын қойғызумен жеткізіледі және жеке ісіне қоса тігіледі.

Шетелдік жоғары оқу орындарына оқуын жалғастыру үшін іріктелген әскери қызметшілер шетелдік жоғары оқу орындарына түскен ҚР ҚМ жоғары оқу орны жеке құрамының тізімдерінде ұсталады және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен келісімшарттарына, сондай-ақ оқуға шақыруға сәйкес тиісті үлес түрлерімен қамтамасыз етіледі.

Шетел мемлекеттердің әскери оқу орындары тізбесі   

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.