Айдар парағына өту

ҚР аңшылық билетті қалай алуға болады? Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 17.08.2023

аңшы куәлігі

Аңшы куәлігін беру тәртібі

Аңшы куәлігін тұрғылықты жері бойынша 10 жылға аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының  филиалдары мен өкілдіктері береді.

Аңшы куәлiгiмен бiр мезгiлде қауымдастық филиалдары мен өкілдіктері мемлекеттiк баж төленгенi туралы түбіртек қоса тіркелетін аңшының есепке алу карточкасын толтырады, содан кейін аңшының жеке iсi қалыптастырылады.

Жеке тұлғалар аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырғанға дейін аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша даярлық курсынан өтеді.

Аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша даярлық курсынан өткеннен кейін жеке тұлғаға сертификат беріледі.

Аңшы куәлігін алу үшін жеке тұлғалар қауымдастық филиалына немесе өкілдігіне сауалнама ұсынады.

Құжаттарды тапсырғаннан кейін куәлікті беру мерзімі – 2 жұмыс күні​.

  • Қолданыс мерзімінің аяқталуы, жоғалуы немесе қолданыс мерззімі аяқталғанға дейін жарамсыздыққа келсе, аңшының есеп карточкасының негізінде жүргізіледі.
  • Аңшыларды есепке қою және есептен алу олар аумағында аңшы куәлігі берілген әкімшілік-аумақтық бірлік (облыс) шегінен тыс тұрғылықты тұру үшін көшкен жағдайда жүргізіледі.
    Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк (облыс) шегiнде аңшының тұрақты тұратын жерi өзгерген кезде, сондай-ақ аңшы куәлiгi мен есепке алу карточкасында ескерілетін басқа да деректер өзгерген кезде аңшы 30 күнтізбелік күн iшiнде болған өзгерiстер туралы өзi есепте тұрған жерге хабарлайды.

Балықшы куәлiгiн беру тәртiбi

Қорықшы куәлiгiн беру тәртiбi

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.