Айдар парағына өту

"Onege" жобасы. Бақытты отбасын құру және қателерді болдырмау Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 27.04.2021

отбасыОтбасы – бұл адамның тұмары, қорғаны және ол өзін бақытты сезінетін орын. Әсіресе, отбасы дұрыс адаммен құрылған болса. Алайда, білім, тәжірибе, кеңестер мен қолдаудың жетіспеуінен отбасында дағдарыс орын алып, кейіннен отбасы ошағы бұзылады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика мәліметтері бойынша Қазақстанда соңғы 10 жылда 1,5 млн жұп үйленді, осы кезеңде жарты миллионнан астам адам ажырасқан. Ажырасу саны жыл сайын артып келеді. Егер 2008 жылы олардың саны 36 мың болса, 2018 жылы – 54 мың болды. Ең көп ажырасу Қарағанды облысында байқалады, ең азы – Қазақстанның батысында. Көбінесе, бұзылған некелер саны 2-4 жыл бірге тұрған жұптарға келді (барлық ажырасудың 27,8%-ы).

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету үшін 2019 жылдың маусым айында еліміздің 9 өңірінде – Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Орал қалаларында бастау алған "Onege" республикалық әлеуметтік жобасы құрылды. 

Уақыт өте келе жоба бірнеше алаңдарды жүзеге асырды, онда әрбір мақсатты аудитория ақпарат ала алады. qazonege.kz бірыңғай интернет-алаңы, "Жанұя" мобильдік қосымшасы, оқытуды жүзеге асыруға арналған  lichnost.kz онлайн-мектебі құрылды, фейсбук және Instagram әлеуметтік желілерінде белсенді жұмыс жүргізілуде (https://www.facebook.com/onege2019/ және @onege2019).

Некеге тұратындар үшін 320 мың оқу құралы, бақытты отбасы мектебі үшін 45 мың дана кітап шығарылды.

брошюра

жүктеп алу(*.pdf)

брошюра

жүктеп алу(*.pdf)

брошюра

жүктеп алу(*.pdf)

брошюра

жүктеп алу(*.pdf)

 

Қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында тақырыптық конкурстар өткізілді: "Отбасымен саяхат" үздік отбасылық демалысы, "Менің отбасым", "Махаббатл" сайысы, "Otbasymen birge", "Әкенің қолы" онлайн флеш-моб және "Экосемейка" онлайн флеш-моб.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.